ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Лига 1 ФИФА Әлем футболы

Арсен Венгер «Ренн» президенті атануы мүмкін

«Арсеналдың» бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер «Ренн» ФК-ның президенті атануы мүмкін деп хабарлайды L’Equipe.

Сәл ертеректе бұл қызметті атқарған Оливье Летанг жұмыстан кеткен еді. Негізі «Ренн» ұжымы әлемдегі ең бай әрі ықпалды кәсіпкердің бірі Франсуа Пиноға тиесілі.

70 жастағы француз маманы 1996- 2018 жылдар аралығында «Арсеналды» баптаған. Жалпы осы аралықта 17 жүлде жеңіп алыпты. Оның ішінде 3 — АПЛ, 7 — Англия Кубогы, 8 — Англия Суперкубогы бар. Лондон ұжымынан соң Венгер ФИФА-ның ғаламдық футбол дамыту бөлімінде жұмыс істеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*