ALADOP.KZ
Ала доп аңыздары Басты ақпарат Үздіктер

«Барселона»-«Леванте»: Лео Мессидің жетістігі

Бүгін Ла Лиганың 22-туры аясында аргентиналық сұрмерген лионель Месси «Барселона» сапындағы 350-жеңісін тойлады. Оның 200-і дәл осы «Камп Ноуда». Сонымен қоса, «Левантемен» болған 19 ойында 22 рет гол салып, 19 нәтижелі пас берді. Жалпы «Барса» жейдесінде барлық бәсекелерде 711 матч өткізіп, 622 гол, 243 нәтижелі пас беріпті.

Сондай-ақ, «Леванте» осы күнге дейін «блаугрананы» «Камп Ноуда» ұта алмай келеді. Тең ойнаудың өзі арман болды-ау. Каталония ұжымы 14 кездесудің барлығында басым түсіп, 48 доп тоғытқан, 9 доп жіберген (7 ойында гол соққызбаған).

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*