ALADOP.KZ
Біздің футболшылар Басты ақпарат Үздіктер Әлем футболы

Бауыржан Исламхан Азиядағы ең қымбат 50 футболшының қатарында

Біріккен Араб әмірлігі «Әл-Айн» командасы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Азия Чемпиондар лигасындағы ең қымбат 50 футболшының қатарында. Transfermarkt порталының бағалауынша қазір Исламхан 3,5 миллион еуро тұрады. Бұл сары құрлық бәсекесіндегі 48-көрсеткіш.

Салыстырмалы түрде Бауыржан «Виссел Кобе» ойыншысы даңқты испаниялық Андрес Иньестадан тура бір миллионға арзан. Әлем және Еуропа чемпионы 4,5 млн-ға бағаланып отыр. Андрес аталған тізімде 33-орында.

Ал Қазақстан құрамасының капитаны Катардың «Әл-Садд» командасында ойнайтын Габиден 500 мың еуро қымбат тұрады. «Атлетиконың» бұрынғы капитаны 67-сатыда.

Сонымен қоса, Бауыржан Өзбекстан құрамасының капитаны Одил Ахметовтен де жоғары бағаланып отыр. «Шанхай СИПГ» ойыншысы 2,5 миллион еуро тұрады.

Ал көш басындағы үздік бестік Қытай клубтарына тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, Қытай клубтары коронавирус кесірінен бәсекені сәуірде бастайды.

ТОП-5:
1. Оскар (Бразилия, «Шанхай СИПГ») — 24 миллион еуро.
2. Паулиньо (Бразилия, «Гуанчжоу Эвергранд») — 23 миллион.
3-4. Марко Арнаутович (Австрия, «Шанхай СИПГ») — 20 миллион.

3-4. Талиска (Бразилия, «Гуанчжоу Эвергранд») — 20 млн.
5. Стефан Эль-Шаарави (Италия, «Шанхай Шеньхуа») — 16 млн.

Айта кетейік, Исламхан «Әл-Айнға» 31 қаңтарда ауысқан еді. Осы уақыт аралығында 2 рет алаңға шығып үлгерді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*