ALADOP.KZ
Басты ақпарат Трибуна Үздіктер Әлем футболы

Дани Алвестің 100 мың еуро тұратын көлігін ұрлап кетті

Танымал бразилиялық қорғаушы Дани Алвес көліксіз қалды, деп хабарлайды Globo Esporte.
Аталған ақпарат көзіне сенсек, ұрлық Сан-Паулудағы Пинейрос ауданында болған. Ұрылар 36 жастағы футболшы көлігін тұраққа қойып, кетіп қалғанын күткен. Осыдан кейін бейтаныс адамдар көлікті тізгіндеп, із суытып үлгеріпті.
Дани автомобильдің жоғын байқаған бетте полицияға хабар берген. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жалпы ойыншының суреттегі Mersedes Benz GLE 400 Coupe темір тұлпары 100 мың еуро тұрады.

Айта кетейік, «Сан-Паулу» командасының ойыншысы Даниэл Алвес командалық деңгейде 40 жүлдеге қол жеткізген тұңғыш футболшы. Ол бұған дейін Еуропада «Барселона», «ПСЖ» ұйымдарында ойнаған.


Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*