ALADOP.KZ
Басты ақпарат Бундеслига Еуропа лигасы Қазақстан

Германия клубтары еуро бәсекелердегі ерекше жетістігін қайталады

Осы аптада Германияның 5 клубы еуро бәсекенің плей-офф кезеңінде жеңіске жетті. Чемпиондар лигасында «Боруссия» өз алаңында ПСЖ-ны, «РБ Лейпциг» түзде Лондонның «Тоттенхэмін» ұтса, Еуропа лигасында «Айнтрахт» «Зальцбургті» 4:1, «Байер» мен «Вольфсбург» 2:1-мен «Порту» мен «Мальмеден» басым түсті.

Opta порталының хабарлауынша, еуро доданың бір аптасында неміс ұжымдары 5 жеңіске сонау 1993 жылғы маусымда жеткен. Яғни, Бундеслига өкілдері араға 27 жыл салып бұл көрсеткішті қайталап отыр.

Айта кетейік, алдағы аптада Мюнхеннің «Бавариясы» Лондонда «Челсимен» ойнайды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*