ALADOP.KZ
Басты ақпарат Сараптама Әлем футболы

Испания Кубогы: «Атлетик»-«Барселона» ойыннан кейінгі деректер

Бүгін түнде «Барселона» түзде «Атлетиктен» (0:1) ұтылып қалды.

Жалпы Испания Кубогында «Барселона» мен Бильбао ұжымы осымен 42 рет кездесіп, 23-інде «блауграна» ұтса, 6 ойында тең түскен, 13 матчта басктар жеңіп отыр.

Осылайша, Каталония командасының 6 жылдық финалға дейін жету дәстүрі үзілді. «Барселона» 2014 пен 2019 арасында 4 рет Кубокті иемденсе, 2015 пен 2018 жылы қарсыласқа жол беріпті.

Екі ұжым Испания Кубогын ең көп иеленген. «Барса» 30 рет, «Атлетик» -24 рет. Ал екеуара финалда 8 рет кездесіп, 6 матчта «Барса» жеңсе, 2-еуі «Алтетик» пайдасына аяқталған.

Негізі Лео басктар қақпасына жиі гол салатын еді. (Осы күнге дейін 24 гол). Бұл көрсеткіш бойынша ол тек Севилья, Атлетико, Валенсия, Реалдан кейінгі 5-сатыда. Жалпы «Лос Леонспен» Испания Кубогы жолындағы 8 ойынның 6-ауында доп соққан.

Ал Кике Сетен бапкер ретінде Атлетикпен 9-рет ойын өткізді. Бұған дейін тек бір жеңіске жетсе, 4-еуінде ұтылған, 3-еуінде тең түскен.

Араға 17 салып «Атлетико», «Барселона» мен «Реал» үштігінің ешқайсысы Испания Кубогының жартылай финалына жете алмады. Соңғы рет бұндай оқиға 2002-2003 жылғы маусымда болыпты.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*