ALADOP.KZ
Бас бапкер Басты ақпарат Бундеслига

Юрген Клинсманн «Герта» бас бапкері қызметінен кетті

Бүгін Юрген Клинсманн «Герта» клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы Берлин командасының ресми сайты хабарлады. Клинсманн 2 жарым ай бойы «Гертаны» баптаған болатын. Өткен жылы қараша айының соңында қызметіне кіріскен кезден осы уақытқа дейін клуб трансферге 78 миллион еуро жұмсаған. Ал бұл Еуропадаға ең жоғары көрсеткіш.

«Бапкер ретінде маған деген сенімнің болғанын қалаймын. Бірлік пен жұмысқа ден қою мен үшін ең маңызды жайт. Әсіресе клуб соңғы сатыдан жоғары көтерілемін десе, бұны ұмытпаған абзал. Егер аталған қасиеттер болмаса менің бапкерлік идеям жүзеге аспасы анық. Ойлана келе «Герта» бас бапкері қызметінен кетуді жөн көрдім»,-деп жазды бүгін фейсбук парақшасында.

Liebe Herthaner, auf diesem Wege sage ich ein ganz herzliches Dankeschön an alle Spieler, Fans, Zuschauer, Betreuer…

Опубликовано Jürgen Klinsmann Вторник, 11 февраля 2020 г.

Айта кетейік, қазір «Герта» Бундеслигада 23 ұпаймен 14-орында тұр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*