ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трансфер

«Ливерпуль» скауты Брозовичтың ойынын көру үшін Милан дербиіне келді

Ағылшын ұжымының скауты 27 жастағы шабуылшының әлеуетін жақсырақ білу үшін Милан дербиіне барды деп хабарлайды FC Inter News.
Матч 4:2 «Интердің» жеңісімен аяқталған еді.

Брозович пен «нерадзурри» арасындағы келісім-шарт 2022 жылы түгесіледі. Құжатта Италиядан емес ұжымдар үшін құны 60 млн еуро деп бекітілген.

Дегенмен «Интер» басшылығы хорватиялық жартылай қорғаушымен 2024 жылға дейін жарамды жаңа келісім-шартты пысықтап жатыр. Бір жағынан біз жоғарыда айтқан тармақты алып, жалақысын жа көбейтпек.

Марсело «Интер» жейдесінде 2014-2015 жылғы маусымнан бері ойнайды.
Сондай-ақ, футболшыны «Реал Мадрид» сатып алғысы келеді деген ақпарат шыққан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*