ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Әлем футболы

«Ливерпуль» өткен маусымда қанша табыс тапты?

Ағылшынның «Ливерпуль» командасы 2019 жылы мамырдың соңында аяқталған өткен маусымда 533 миллион фунт стерлинг тапқан, деп хабарлайды Liverpool Echo басылымының тілшісі Пол Горст. Бұл клуб тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Ал ойыншылардың жалақысына кеткен шығындарды алып тастағанда клуб салық төлемі алынғанға дейін 42 миллион фунт таза табыс түскен.

Сондай-ақ, ойындардан түсетін табыс 3.5-нан 84 миллион фунтқа, телевизиялық көрсетілімнен түсетін пайда 41-ден 261 млн-ға, клубтың нарықтық қызметтегі табысы 34 млн-нан 188 млн-ға артқан.

Айта кетейік, бұл 2019 жылдың 31 мамырына дейінгі көрсеткіштер.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*