ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ұзынқұлақтан мәлімет Әлем футболы

«Лос-Анджелес Гэлакси» Лионель Мессиді сатып алғысы келеді

«Лос-Анджелес Гэлакси» командасы «Барселона» капитаны Лионель Мессиді сатып алғысы келеді. Radio Continental-дың хабарлауынша, АҚШ ұжымының өкілдері аргентиналық шабуылшының әкесімен трансфер бойынша келіссөз жүргізу үшін кездесіпті.

«Лос-Анджелес Гэлакси» Мессиді жуырда ғана «Милан» сапын толықтырған швед Златан Ибрагимовичтің орнына алуды көздеп отыр.

Айта кетейік, Лео Каталония ұжымының спорттық директоры Эрик Абидальмен арадағы жанжалдан кейін клуб ауыстырады деген сыбыс шыққан еді. Сонымен қатар, бірнеше күн бұрын клуб Мессиді сынап, әжуалаған компанияны қаржыладырды деген мәлімет тараған-ды.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*