ALADOP.KZ
А сериясы Басты ақпарат Трибуна Әлем футболы

Оңтүстік Корея соты Криштиану Роналдуға қатысты 2 азаматтың арызын қанағаттандырды

«Ювентус» шабуылшысы Криштинау Роналду өткен жылы шілде айының аяғында Сеулде Оңтүстік Кореяның К лигасының жұлдыздарына қарсы жолдастық ойынға қатысуы тиіс болған.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Корей жанкүйерлері стадионда: «Масқара! Роналду бүгін өзінің 60 мың жанкүйерін сатып кетті»,-деп айқайлаған болатын.

Алайда португалиялық футболшы бұл матчта алаңға шықпады. Стадионға 63 мың адам жиналған еді. Олардың басым бөлігі Роналдуды көруге келген-ді. Осы жағдайдан кейін жанкүйерлердің көбі ұйымдастырушыларға өз реніштерін жеткізді. Келісім-шарт бойынша Роналду бір тайм ойнауы тиіс болатын. Дегенмен «Ювентус» тарапы бұл келісімді ұмытып кетсе керек.

«Ювентус» президенті Андреа Аньелли Роналдудың алаңға шықпауына байланысты ресми мәлімдеме жасады.

Кейін екі жанкүйер билет құнын қайтаруды әрі қосымша өтемақы талап етіп, сотқа арыз берді. Оңтүстік Корея футбол қауымдастығы бұл шағымды «Ювентусқа» жіберді. Осы мәселеге байланысты жергілікті полиция тергеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде кореялық екі азаматтың талап-арызы қанағаттандырылды. Инчхон соты ұйымдастырушылар зардап шеккен екі азаматқа 300 доллардан төлеуі тиіс деген шешім шығарды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*