ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Лига 1 Әлем футболы

«Сантос» Неймардың трансфері үшін «Барселонадан» тағы 4,5 миллион еуро өндіріп алмақ

Бразилияның «Сантосы» «блаугранадан» Неймар үшін тағы 4,5 миллион еуро өндіріп алмақ деп хабарлайды Marca газеті.

Басылымның мәліметіне сенсек, 2013 жылы екі ұжым трансфер кезінде ақшалай өтемақыдан бөлек, тағы Неймардың қатысуымен 2 жолдастық кездесу өткізу туралы келіскен көрінеді. Сосын осы уақытқа дейін тек 2013 жылы Жоан Гампер атындағы Кубокта ойнап, екінші матчты ұмытып кеткен. Енді «Сантос» осы үшін қаржылай өтемақы алмақ.

Қазір Каталон ұжымына осыған байланысты ресми хатты факспен жіберген. Нақты жауап беру үшін 5 күн беріпті. Егер мардымды жауап болмаса сотқа беретінін ескерткен.

Естеріңізге сала кетейік, «Барса» Неймарды 2013 жылы 88,2 миллион еуроға сатып алған еді. Бұл сол кездегі «блауграна» тарихындағы ең қымбат трансфер болған. Ал 2017 жылдың жазында ПСЖ сұрмергенді 222 миллионға сатып алған болатын. Қазір бұл футбол әлеміндегі ең қымбат трансфе.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*