ALADOP.KZ
Басты ақпарат Ла Лига Стадион Үздіктер

Серхио Рамос «Реал Мадрид» сапындағы 90-голын салды

«Реал Мадрид» қорғаушысы Серхио Рамос Ла Лиганың 23-тура аясында «Осасунамен» болған ойында гол салды. Кездесу Мадрид ұжымының сенімді жеңісімен (4:1) аяқталды.  

Осылайша, Рамос «Реал Мадрид» жейдесіндегі барлық бәсекелердегі 90-голын салды. Сонымен қоса, ол Gracenote порталының мәліметінше, Примерада 17 маусым бойы доп соғып келе жатқан тұңғыш футболшы атанды. Естеріңізге сала кетейік, Рамос Ла Лигадағы алғашқы голын 2004 жылы 26 қыркүйекте «Севилья» жейдесінде салған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*