ALADOP.KZ
Басты ақпарат Әлем футболы

Токио Олимпиадасына баратын 14 команда белгілі болды

Жалпы 4 жылдықтың басты бәсекесінде 16 құрама бақ сынайды.

Бразилия құрамасы Аргентинаны ұтып (3:0), жолдама алды. Сонымен бірге бұл қатарда Жапония (олимпиада қожайындары ретінде), Аргентина, Франция, Испания, Германия, Румыния, Жаңа Зеландия, Египет, Оңтүстік Африка, Кот-д’Ивуар, Сауд Арабиясы, Австралия және Оңтүстік Корея бар.

Ал қалған екі жолдамаға АҚШ, Канада, Мексика, Гондурас, Сальвадор, Доминикан Республикасы, Коста-Рика мен Гаити сарапқа салады.

23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтетін олимпиададағы футбол додасында 16 құрама 4 топқа бөлінеді. Топта бірінші және екінші орын алған құрама жүлдені сарапқа салады.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*