ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Трибуна

«Ньюкасл» жаттығу базасында футболшылардың қол алысуына тыйым салды

«Ньюкасл» бас бапкері Стив Брюс клуб дәрігері жаттығу базасында футболшылардың бір-бірімен қол алысып амандасуын уақытша тоқтата тұруды жөн санайтынын айтты.

Бұл қадамға коронавирус індетінен сақтану үшін барып отыр. Осылай ақ халаттылар індеттің алдын алуға қамданып жатыр екен.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай қадамға 2012 жылы Арсен Венгер де барған-ды. Ол кезде «Арсеналдың» бірнеше ойыншысы белгісіз вирус жұқтырып алған еді. Франциялық маман шәкірттеріне тек шынтақпен амандасуға рұқсат берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*