ALADOP.KZ
АПЛ Басты ақпарат Жарақат Әлем футболы

Сон Хын Мин Оңтүстік Кореядан келген соң, клуб базасына кіргізілмейді

«Тоттенхэм» шабуылшысы Сон Хын Мин Оңтүстік Кореядан келген соң, коронавирус індетін жұқтырмағаны анықталғанша оқшауланады, деп хабарлайды Daily Mail.

Сон клуб базасына бармай, әріптестерімен кездеспейді. Жалпы 2 апта карантинде болады.

Айта кетейік, 27 жастағы ойыншы 26-турда түзде «Астон Вилламен» болған матчта қолын сындырып алған еді. Еліне ота жасату үшін аттанған.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*