ALADOP.KZ
Еуро Әлем футболы

2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді

УЕФА 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізетін елді жариялады. Алты жылдан кейін құрлық біріншілігін Германия қабылдайды.

Германия 2024 жылғы Еуропа чемпионатын өткізу құқығы үшін Түркиямен сайысқа түскен. Дауыс берушілердің көпшілігі немістерді қолдаған екен.

Еуропа чемпионаты Германияның 10 қаласында өтеді: Берлин, Мюнхен, Дортмунд, Гельзенкирхен, Штутгарт, Гамбург, Дюссельдорф, Кельн, Лейпциг және Франкфурт.

ФИФА-ның бұрынғы президенті Йозеф Блаттер әлемдік БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Германия бұл турнирді жоғары деңгейде өткізетіне сенімді.

Еуро-2024 Германияда өтеді. Өте керемет. УЕФА бұрынғы форматына оралып жатыр. Құрлық біріншілігін бірнеше мемлекетте ұйымдастырудың қажеті жоқ. 2020 жылғы формат маған ұнамайды. Германия – жарыс қожайыны ретінде барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырады деп сененмін. Олардың инфрақұрлымы, логистикасы заман талабына сай.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*