ALADOP.KZ
Басты ақпарат Болжам бұрыш

Чемпиондар лигасы. Болжам

«Интер» — «Тоттенхэм»

Бұл ойынға көп ойлануға да болады. Бәс тігу оңай шаруа емес. Ақыл керек. Мысалы, «Интер» жайлы айтайын. Бұл команда араға 6 жыл салып Чемпиондар лигасына қайта оралды. Тәжірибие өте аз. Соңғы уақытта ішкі біріншіліңтің өзінде де нашар ойнап жүр. Өз алаңында «Пармаға» ұтылған кезде, жағамызды ұстап таңқалдық. Мына түрімен Лигада қалай ойнамақ деп. Италиялықтарды құтқарып тұрған жалғыз жағдай — өз алаңы. Жергілікті жанкүйерлер, тамаша атмосфера, чемпиондар лигасының әнұраны, ойынға деген мотивация! Ал былай ойын бойынша «Тоттенхэм» басым екені рас. Бірақ ағылшындардың өзінде де проблема жеткілікті. Уго Льорис ішіп алып көлік айдаған, Делле Алли жарақат алды. Өз алаңында «Ливерпульге» жеңіліп қалды. Командада көңіл-күй керемет емес. Демек, менің ойымша бұл матч тең дәрежеде өтуі тиіс. Алғашқы ойындар өзі солай болады ғой. Екеуі де гол соғады немесе бұрыштамалар саны 9,5-тен көп деп алған дұрыс шығар. Себебі, Иван Перишич пен Кандревалар қапталдан қысқанды ұнатады.

Айтпақшы сол 6 жыл бұрын бұл екеуі бір топта болған. Сол кездегі ойынын мен жүргізген едім. Гарет Бэйлдің бір бірінен айнымайтын 2 голы есімде.

«Монако» — «Атлетико» 

Бұл енді «Атлетиконың» бақылауында өтетін ойын. Допты көп ұстайды, қорғанысты мықтап бекітеді. Испаниялық клуб 0:1 есебімен жеңіп кететіндей көрінеді. «Монаконың» жаңадан алған ойыншылары өздерін ақтамады. Головин болса бірден жарақат алды. Әрине, алғашқы ойындарда көптеген оқиғалар орын алуы мүмкін. Алаң иелері жеңіп кетіп жатса да таңқалмаймыз. Бірақ, соңғы мәліметтерге сүйене айтар болсақ, «Атлетико» үшін х2 бәсін алуға болады. Қатты тәуекелге бармас үшін, әрі ортаңқол коэфицент таңдау үшін мен жалпы ойынның тоталы 2,5-тен кем деп есептеймін. Айтпақшы осы ойынды мен «Қазақстан» арнасынан жүргізетін боламын.

«Шахтер» Д — «Хоффенхайм»

Бұл өте қызықты ойын болады. Немістерде де аса қатты тәжірибие жоқ. Ал «Шахтер» еурокубоктың майын ішкен ұжымдар санатына енді. Шабуылы күшті немістер міндетті түрде гол соғады деп қарасақ, онда екі команда да гол соғады деген бәске өздігінен шыға саламыз. Демек, аса қатты қорықпай осы бәсті алар едік.

«Црвена Звезда» — «Наполи» 

«Наполидің» жеңісіне 1,69 коэфицент беріліп тұр. Менің ойымша бұл алуға тұрарлық әрі көз қыздырар бәс. Үлкен кэф, қатты тәуекел де емес. Деңгейі жоғары «Наполи» алғашқы кездесуді жеңіспен бастауы тиіс. Себебі, «А» сериясындағы жағдайы нашар. Сол үшін тезірек топтан шығып қою керек. Ж2.

Сонымен қатар, «АЯКС» «Ливерпуль» «Барселона» клубтарының да жеңістеріне бәс тігуге болады. Ол енді жалпылама экспресстің ішінде жүре берсе артық болмас. 

Ермұхамед МӘУЛЕН

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*