ALADOP.KZ
3-тайм

Жемқорлық және футбол

Футбол әлемінде соңғы кездері жемқорлық атаулы көбейіп келеді.  Сатылып жатқан ойындар, ұрыссыз беріліп тұрған командалар  немесе бір жаққа қарай бүйрек бұрып тұратын төрешілер бұл күндері  үйреншікті жағдайға айналғандай. Тарихта да мұндай атышулы  даулардың біразы белгілі болса, енді мұндай жағдайларға өзіміздің  елде де ұшырасатын болып жүрміз. Кінәлісі бар, жазықсызы бар  футболдан жаппай шеттетіліп, облыс үмітін арқалаған  командалар жарыстан басыбүтін шығып жатқан кездерді де көріп-көріп көз үйренді. Міне, осындай келеңсіз оқиғалар еліміз футболына дендеп еніп келе жатса, үлгі ретінде тарихта кездескен осы іспеттес жайттардың немен аяқталып, қандай бақытсыздыққа ұшыратып кеткендерін айта кеткенді жөн деп санадық.

Қазірдің өзінде 1982 жылғы әлем біріншілігінің үздік ойыншысы Паоло Россидің Испанияда екі жыл абақтыда отырып келгенін біреу білсе, біреу білмес. «Перуджаның» шабуылшысы өзінің әріптестерімен бірге Италияның ірі-ірі тотализаторлық компанияларымен астыртын жұмыс жүргізген. Бұлардың негізгі міндеті – керекті есеп пен жіберетін голдарды реттеп отыру ғана. Өз «істерін» жақсы атқарған олар жұмыс берушілер тарапынан өте қомақты сомада сыйақы алып отырған.

Ал 80-жылдардың ортасындағы қаржы махинацияларында әйгілі деген клубтардың да бірқатары болған. Мысылы «Милан» басшылары бірнеше рет құқық қорғау органдарының қолына ілігіп, команданың В сериясына түсіп қалуына тікелей ықпал еткен. Суға батып бара жатқан алып кемені тек Силвио Берлускони келіп тұңғиықтан шығарғаны болмаса, кім біледі атағы жер жарған «Миланды» дәл бүгінгідей көре алмас па едік.

Жылдарды сырғытып бертін келер болсақ, футболдағы жемқорлықтың ең өршіген кезі болып – 90-жылдар саналады. Осы он жыл ішінде біраз жұртты дүр сілкінткен оқиғалар тіркелді. 1993-жылдың мамыр айында Францияның «Валененсьен» командасының футболшысы Жак Глассман жұртқа марсельдік «Олимпик» басшыларының бүкіл команданы бір ойынға сатып алуға әрекет жасағандарын жария етеді. Дәл сол ойында ауадай қажет болған үш ұпай «Олимпикке» сол күйі бұйырмай кетті. Кейіннен зерттеу жұмыстары барысында марсельдік ұжымның президенті Бернар Тапидің жымысқы әрекеттері айқындалып, 8 ай бас бостандығынан айрылады. «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры» демекші Глассман да бұл жанжалдан сүттен ақ, судан таза шыға алмады. Алдымен оны өз клубы шеттетіп, бүйректен тепсе, артынша Франция футбол федерациясы да қырын қарап, қатаң жазаларға ұшыратты.

Тағы бір қызық оқиғаның бірі 1994 жылы қыркүйекте болды. Тбилисилік «Динамо» басшылары УЕФА кубогындағы «Гленторанмен» болатын кездесуге төрелік айтуға келген түрік қазысын Ақштың 5 мың долларымен алдын-ала «құрметтеп» қояды. Сот алдында жауап берген грузиндер; ол ақшаны төрешіге жолкүре және қонақүйге төлеуге берген едік деп ақталады. Амал не ешкім сенбеді… Соның салдарын «Динамо» УЕФА кубогынан қуылып, бұл турнирден бір жылға шеттетіледі.

Мұндай аса қызықты істердің тізімі бір жылдан соң Украинада жалғасты. Чемпиондар лигасындағы кезекті ойынын грекиялық «Олимпиакоспен» өз алаңында өткізбек болған «Динамо» турнирден амалсыз шығуға мәжбүр болады. Басты себеп төреші Лопес Ньетоның УЕФАға жазған шағым хатына келіп тірелді. Онда ол киевтік клубтың директоры Василий Бобейчук пен Игорь Суркистің 50 мың $ көлемінде пара ұсынғанын меңзеп жібереді. Осыдан барып іс насырға шауып, үлкен шу көтеріледі. УЕФА шешімі бойынша киевтіктер де тбилисиліктердің кебін киіп 1 жылға чемпиондар лигасынан аластатылады.

Айыпталушылардың айытуына қарағанда олардың ақша ұсынғандары рас, бірақ оны испандық төрешіге Киевтің дүкендерінен жағалы киім алуларына беріпті. Себебі онда киімдер өте қымбат болса керек. Шығарылған шешімге қарағанда олардың бұл айтқан уәждеріне грузиндіктердікіндей ешкім сенбеген секілді.

95-тің жазында бүкіл Еуропаны дүрліктірген тағы бір оқиға болды. Даңғазаның ортасында бұл жолы Зимбабвелік қақпашы Брюс Гроббелар қалды. Ағылшындық «Ливерпуль» қақпасын қорғап жүрген Гроббелар екінші мәрте осы елде футбол ойнамастай болып кетті. Оның малайзиялық букмекерлік кеңселерімен құпия түрде жүргізген әрекеттерінің барлығы су бетіне шығады. Сонда мұның бар жасайтын жұмысы айтылған мөлшерде гол жіберіп тұру ғана.

Келер жылдың желтоқсанында «Порту» футбол клубының басшылары қызықты мәлімдеме жасады. Осыдан 12 жыл бұрын олар УЕФА кубогында шотландық «Абердин» командасымен күш сынасады. Жартылай финалдық кездесуде Лиссабондық клубқа бұл жеңіс ақтық сынға шығатын жақсы мүмкіндік тудыратын. Сондықтан ойынға қазылық еткен румын Ион Игнеге берілген 35 мың $ текке кетпегені сөзсіз. Осы болған оқиғаның барлығын клуб жетекшілері бүге-шігесіне шейін баяндап бар кінәларын мойындарына алады. Бірақ УЕФА қозғалған істің соңына түспей, ешкімді де жазаға тартпай, жабулы қазан күйінде қалдырды.

Ал енді еліміз футболындағы дәл осы тақылеттес мәселелерге шолу жасап өтсек. Негізінен біздің біріншілікте былық-шылық араласқан дау-дамайларда «Қайрат», «Ақтөбе», «Локомотив», «Шахтер» сықылды клубтар көбірек жүреді. Соңғысы әсіресе президенті Г.Лориямен байланысты болып жататын. Ол кісі қай клубтың басында отырсын әйтеуір бір шатақ шығатын да тұратын. Бұдан айтар бір қорытынды грузин ұлтты басшының Футбол Одағындағыларға ұнамауы. Содан барып кезінде «Жеңіс», «Шахтер», «Оқжетпес» клубтарының ел біріншіліктерінде жолдары болмай жататын. Төрешілік тарапынан да талай өз «жазаларын» алып отырған.

Қазақ футболының маңдайына біткен талантты қақпашы Давид Лория екені даусыз. Қаншама бапкерлер мен футбол мамандарынан сұрасаңыз оған тең келетін дәл қазір елімізде қақпашы жоқ. Ал сондай деңгейдің қақпашысы ұлттық құрамаға алынбайтынына таңыңыз бар шығар? Әкесінің әлгіндей қарым қатынасан соң әрине оны кім алсын? Міне осындай жағдайлар қазіргі футболда жиі кездесіп жатыр.

Елжас ӘУРЕН

2 комментария

occupational therapy 27-Қараша, 2010 at 4:34

Do you people have a facebook fan page? I looked for one on twitter but could not discover one, I would really like to become a fan!

Жауап
maria andros 7-Желтоқсан, 2010 at 10:20

Great work keep it coming, best blog on earth

Жауап

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*