ALADOP.KZ
Әлем футболы

70-тегі ақсақал: «Ескі құрам жаңа табыстарға жете алады!»

Қысқы трансферлік маусым Испания клубтары үшін де тартысты болды. Айналдырған бір айдың ішінде құны 315 миллион еуроға 57 келісім жасалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Елдің бәрі алыс-беріс, барыс-келістің қамымен жүргенде Перес ақсақал жұмған ауызын ашпай, күңіреніп ұзақ отырды. Жастау кезінде клубқа ойыншы мен бапкер шақ келтірмеуші еді. Осы қыста ешкімді шақырмады, құрамдағы ойыншыларды да сатпаған жалғыз «қожайын». Бернабеу жақ тыныш жатқанымен, Камп Ноу қарап қалмады.  «Барселона» колумбиялық Ерри Мина мен бразилиялық сиқыршы Филиппе Коутиньоны қатарына қосты. Бұлардан басып озғандар да бар. Мысалы, «Леванте», «Малага», «Лас-Пальмас» сынды клубтар 7 бірдей трансфер жасаған.

@aibek_kossan

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

*