Архивы рубрики ‘Қазақстан’

«Ертіс» «Спарта» Прага командасымен кездесуі мүмкін

Еуропа лигысын 3 іріктеу кезеңінен бастайтын «Спарта» Прага командасы павлодарлық «Ертіске» қарсылас атануы ықтимал. Ол үшін Павлодар қаласының командасы «Црвена Звезда» командасын жеңіп шығуы керек.

«Қайрат» «Млада Болеславпен» ойнауы ықтимал

Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі кезінде «Қайрат»/»Скендербеу» жұбына «Шэмрок Роверс» (Ирландия) — «Млада-Болеслав» (Чехия) жұбы қарсылас болып танылды. Егер «Қайрат» албаниялықтарды айналып өтсе, онда осы екі жұптың жеңімпазымен кездеседі.  «Шэмрок Роверс» (Ирландия) — «Млада-Болеслав» (Чехия) — 2:3 (0:1) Голдар: Мебрахту, 35 (0:1). Берк, 48 (1:1). Мебрахту, 63 (1:2). Храмоста, 88 (1:3). Берк, 90+2 (2:3).

«Астана» 3 кезеңде «Легиямен» ойнайды

Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті. Онда «Спартак/Астана» жұбы «Мариехаман/Легия» жұбына қарсылас атанды. 3 іріктеу кезеңінде шамасы елордалық «Астана» Польшаның «Легиясымен ойнайды-ау. Себебі, алғашқы ойында «Легия» Финляндия чемпионын 3:0 есебімен сырт алаңда ұтып тастаған болатын. Өткен жылы «Мадридтің «Реалымен» бір топта өнер көрсеткен «Легия» елордалықтар үшін тегеурінді қарсылас болары анық. Айта кетейік, бұл командалар осыған […]

«Астана» футбол клубының жаңа ойыншысы Марин Томасов!

«Астана» футбол клубы хорватиялық «Риека» командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасовпен еңбек келісімшартына қол қойды. Томасов «Риека» командасынан бөлек, өз Отанында «Хайдук» және «Задр» командалары сапында өнер көрсеткен. Хорватиялық ойыншы Германия чемпионатының өкілі «Мюнхен-1860» командасы сапында 3 маусым өткізген. Және де соңғы маусымда Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасында жалда ойнаған. Беделді transfermarkt.de сайтының мәліметі бойынша Хорватия жастар […]

Қарсыластар белгілі

Бүгін жеребе тарту рәсімі өтті. Тағы бір еуромаусым басталды деген сөз. Іріктеу кезеңіндегі қарсыластарымыз белгілі. «Астана» чемпиондар лигасында «Спартак» Юрмала деген Латвияның командасымен кездеседі. Алғашқы ойыны елордада 11/12 шілде күні өтеді. Ал Еуропа лигасындағы «Қайрат» Литваның «Атлантас» деген клубына қарсылас атанды. Алғашқы ойын 29-маусым күні Алматыда өтеді. Ал «Ордабасы» боснияның «Широки Бриег» командасына қарсы тұрады. […]

«Астана» қарсыластары белгілі

«Астана» ойнауы мүмкін командалар: «Жилина» (Словакия) «Кукеси» (Албания) «Спартак Юрмала» (Латвия) «Гонвед» (Венгрия) 1-кезең жеңімпазы 1-кезең жеңімпазы

Ринат Дасаев 60-қа келді

Бүгін Дасай жәкемнің жұрағаты, Сәлім атайдың немересі, Файзрахман абзидің ұлы – Ринат ағамыз 60 жасқа толып отыр. Астрахан татарларының ұланы 1988 жылы әлемнің үздік қақпашысы атанды. «Спартак» (Мәскеу) сапында 1978-1988 жылдары 335 ойын өткізді, 2 дүркін КСРО чемпионы болды (1979, 1987). Сосын үш жыл «Севильяда» ойнады. КСРО құрамасының 1-нөмірлі жейдесін 91 рет киіп (70 гол […]

Каньяс «Астанаға» оралды

Кипрдің «АПОЭЛЬ» командасында жалда болған колумбиялық жартылай қорғаушы Рохер Каньяс елордаға қайта оралды. Ол келісім-шарт бойынша «Астана» футбол клубының футболшысы. Енді жақын арада басталатын Чемпиондар лигасында ол елордалық клубтың атынан алаңғам шығады. Колумбиялық легионер Кипр чемпионатында 13 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Астанада УЕФА Суперкубогінің матчы өтуі мүмкін

Елордадағы «Астана-Арена» стадионында 2019 жылы УЕФА Суперкубогының матчы өтуі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Әсет Исекешев facebook парақшасында хабарлады. Бұл ойынды өткізу құқығына үміткерлер тізімінде Албаниядағы «Кемаль Стафа», Израильдағы «Самми Офер», Польшадағы «Арена Гданьск», Солтүстік Ирландиядағы «Уиндзор Парк», Түркиядағы «Бешикташ Арена» және Франциядағы «Стадьом-де-Тулуз» стадиондары бар. Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалдық матчты Украинаның Киев қаласында […]

«Астана» Чемпиондар лигасында кіммен кездеседі?

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Алдын ала мәлімет бойынша біздің чемпион мықтылар тобына түсіп, төмендегі «әлсіздер» санатындағы бір ұжыммен ұшырасады. Жеребе 19-маусым күні өтеді. Алғашқы ойындар 11/12 шілде күні өтеді. — «Жилина» (Словакия); — «Жальгирис» (Литва); — «Дандолк» (Ирландия); — «Вардар» (Македония); — «Ф91 Дюделанж» (Люксембург); — «Кукеси» (Албания); — «Зриньски» […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.