Архивы рубрики ‘Комментатор күнделігінен’

РАБАТ ЖӘНІБЕКОВ: ҚАЗАҚША ТҰҢҒЫШ КОММЕНТАРИЙ ЖҮРГІЗГЕН ҚАЗАҚТЫҢ ЕСІМІ ТАЯУДА БЕЛГІЛІ БОЛЫП ҚАЛАР

Рабат ЖӘНІБЕКОВ, комментатор: Қазақша тұңғыш комментарий жүргізген қазақтың есімі таяуда белгілі болып қалар Қазақтан шыққан алғашқы комментаторлардың бірі Рабат Жәнібеков 70-ке толды. Саналы ғұмырын қазақ спортына, оның 32 жылын тек комментаторлыққа арнап, талай спорттық оқиғаның куәгері болған Рәкең біздің газет тілшісімен емен-жарқын әңгімелесті. – Рабат аға, бүгінде зейнеттесіз, бірақ қол қусырып қарап отырмайтын буыннансыз. Үйдесіз […]

Ермұхамед МӘУЛЕН. Әч-2014

арсен агай

Футбол Меккесі — «Маракана»

загруженное

Бразилияда нөмері 1 спорт — воллейбол. Иә, бұл сөзді естігенде көп адамның таңданыс тудыратыны түсінікті. Футбол қайда сонда? Әлемнің 5 дүркін чемпионы болып, қаншама даңқты футболшыны шығарған елде футбол өнері неге алғашқы орында емес дейсіз ғой?! Біз бұл жерде спорт жайлы айтып тұрғанымызды аңғарыңыз. Ал футбол бұл мемлекетте спорттың дәрежесінен асып кеткен. Бұл халықтық, ұлттық […]

Әлем чемпионатының әсерлері

Әлем чемпионатында жүргеніме 1 апта уақыт болды. 3 ойында жұмыс жасап үлгердім. Алғашқы матчтың жағымсыз әсерлерін ұмытып, одан кейінгі матчтарда жақсы көңілден шығарлық қызмет етудемін. (Өз ойым бойынша) Оның бір себебі, нашар қызмет еткенде комментаторларды сынаушылар пайда болады, ал жақсы жүргізсең аса қатты ешкім реакция білдірмейді. Бұл менің комментаторлық ғұмырымда азды кем түйгенім. Комментатор өзі […]

Әлем чемпионатын стадионнан жүргізу — сөзбен айтып жеткізгісіз дүние

Бүгін Әлем чемпионатын Бразилияда отырып жүргіздім. Сан-Паулу стадионында отырып, өте керемет атмосферада матч жүргізу қандай бақыт десеңізші! Бірақ, техникалық кейбір ақаулар маған кері әсерін берді. Әрине, ел телевизиясында тәжірибие жетіспейді. Біз, сол тәжірибиені алушылармыз. Бір күннің өзінде мен қаншама дүние көрдім. Әсіресе, телевизия саласында мұндай ірі додада қалай қызмет етуге болатынын байқадым. Әсерім тамаша.

Комментатор қалжыңдары

Айтқыш комментаторлардың афоризмдері

Комментаторлар да қалыспайды екен. Айтқыш комментаторлардың афоризмдерін сіздер үшін жинадық. Джан Барту: Уолш екінші қырық бесте өте сылбыр. Өзін ойында еш көре алмадым(Уолш үзілісте ойыннан шыққан болатын) Илькер Ясин: Матчтың бітуіне 20 минут қалуға 10 минут бар. Кездесудің соңғы минуттары. Толқыныс алапат. Туларыңыз дайын ба? Машиналарыңыз есікте ме? (Бешікташ матчы)

Азиада — үлкен тәжірибие алаңы болды

Іле Алатауының маржаны — Медеу. Мұз айдында жүргеніме алтыншы күн. 2011-жылдың басы осылайша Азиада ойындарымен басталған-тын. Күнде дүрбелең, күнде шабыс. Бір спорт шарасынан шығып, екіншісіне жол тартамын. Алғашқы екі күнді Табаған мен Солдатсайда жүрдім. «Алматы Ақшамы» газетінде қызмет етіп жүрген кезім болатын. Сол жақтан жарыс аяқталысымен іле-шала мақала жіберіп отырдым. Енді Медеуде бенди басаталып, соның […]

Алғашқы эфир

30-қыркүйек, 2010-жыл. Кешқұрым сағат тоғыздар шамасында Абай көшесімен келе жатырмын. Желтоқсан көшесіне бұрылып, Радионың кеңсесінің қасына келіп қалдым. Жоғары өрлеген сайын, ұлттық арнаның ғимараты да көз алдымда өсе берді. Жүрегім аузыма, тығылып, дем ала алмай, өзімді жайсыз сезіне бастадым. Әрбір жасаған қадамым ауырлай түсті. Өйткені санаулы сағаттан соң мен осы арнада өзімнің алғашқы эфирімді өткізбекшімін. […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.