Архивы рубрики ‘Ұлттық құрама’

Қарсылас таппай қиналды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл жанкүйерлерін қуанта алмады. Еліміздің басты командасы іріктеу турнирін өте сүреңсіз өткізді. Алты команданың ішінде 6-орын алды. Александр Бородюк баптайтын құрамамыз 2017 жылды қандай нәтижемен қорытындылайтыны белгілі. Енді ФИФА жолдастық кездесулерге белгіленген мерзімде ойын өткізуге қарсылас таппай отыр.

Армениямен тең түстік

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы ойынын Қазақстан құрамасы Армениямен 1:1 есебімен тең нәтижемен аяқтады.

Румынияға қарсы кімдер алаңға шыға алмайды?

Бухарестте өтетін ойынға Юрий Логвиненко қатыспайды. Польшаға (0:3) қарсы өткен ойында қорғаушымыз іріктеу кезеңдегі екінші сары қағазын алған болатын. Ал алғашқысын, Алматыда Данияға қарсы өткен кездесуде алған еді.

Ұлттық құрама Румынияға қарсы не көрсетеді?

6 қазан күні Қазақстан құрамасы Румынияға қарсы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында қонақта кездесу өткізеді. Бұл ойында қонақ болып қайтады ма, әлде ұпаймен оралады ма?

Армения ұлттық құрамасы қандай деңгейде?

Қазанның 8 күні Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Арменияға қарсы кездесу өткізеді. Осыған байланысты қарсыласымыз Армения құрамасы жайлы сөз қозғайық.

Ұтсаң төрде, ұтылсаң көрдесің

Түс әлетінде әуе кемесіне отырып Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге Астана-Варшава бағытында жол тарттық. Футболшыларымызда көңіл-күй көтеріңкі емес екенін Ғафұржан Сүйімбаев, Исламбек Қуаттардың түр әлпетінен анық аңғаруға болар еді. Әрине, енді ше? Дегенімен, өткен ойын өтті. Оны тегіс ұмытып, жаңа ойынға дайындалу қажет. Кейбір ойыншылар түн жарымына дейін ұйықтай алмай, таң ата ғана көз шырымын алғандарын […]

Камиль Гросицки: Қазақстанды ұту оңай болмайды

— Даниядан жеңіліп қалғанымыз үстімізге төгілген салқын судай болды. Біз қатты қателесіппіз. Енді біз ертеңгі ойында 3 ұпай алып, жанкүйерлер алдында еңсемізді тіктейміз.

Қазақстан құрамасы Польшаға жетті

Қазақстан Ұлттық құрама командасы Польша жеріне аяқ басты. Бүгін Астанадан ұшқан футболшылар жергілікті уақытпен 14-30 да Фредрик Шопен атындағы Халықаралық әуежайға келіп қонды. Ертең ойын алдындағы жаттығу мен баспасөз мәслихаты өтеді. 

Қазақстан құрамасын қолдаңыздар!

Қара қыраттар құрамасы қонаққа келеді

2018 жылы Ресей жерінде өтетін Әлем біріншілігінің іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі. Бұл ойын тура білім күні, яғни 1 қыркүйекте ойналады. Билеттерді қазірден бастап сатып алуға болады.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.