Архивы рубрики ‘Құдіретті футбол’

Футболға деген махаббат

Жасыл алаңда – «Жасыл бүркіттер»

Футболдан әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жеребе тарту рәсімінен соң бірқатар футбол мамандары «D» тобына ең мықты құрамалар жиналғанын айтып жатты. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл топтағы барлық команда – плей-офф кезеңіне өтуге лайық құрамалар. Топтан шығу үшін жұлдызды Аргентина, дегенінен қайтпайтын Исландия, жаралы Хорватия және күліп жүріп жеңіске жететін Нигерия құрамалары сынға түседі.

Неймар неліктен көз жасына ерік берді?

Бала күнгі бөлмесіне кіріп келген Неймар көз жасын тыя алмай қалды Бразилиялық бағдарламаға қонақ ретінде келген танымал футболшы көз жасына ерік берді. Неймардың бұл қылығына бағдарлама қызметкерлерінің жандандырған аяқдопшының бала күнгі бөлмесі болған. Ұсақ-түйектеріне дейін өз бөлмесінен айнымай қалған жерге кіріп келген ол қайталанбас әсер алды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бірінші минутта алаңнан қуылған кім?

Мундиаль тарихында жасыл алаңнан қуылған алғашқы футболшы – перулік қорғаушы Пласидо Галиндо. Ол байғұстың не бүлдіріп қойғаны бұ күнде ешкімнің де есінде жоқ: әйтеуір 1930 жылғы тұңғыш доп додасында, Румыниямен кездесудің 54-минутында төрешінің оған алаң сыртын нұсқағаны ғана мәлім. Ол уақытта мұндай жаза басқан ойыншыға көрсетілер арнайы «қызыл қағаз» да шықпаған кез, кейде «бұзақы» өзінің алаңнан […]

Межелі жерге жете алмай… Футболға зардап тигізген әуе апаттары

144 жолаушысы бар «Germanwings» әуекомапнаиясын тиесілі «Airbus 320» ұшағы 24-ші наурыз күні Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған еді. Негізі ұшақтың ішінде «Далкурд» командасының футболшылары да болуға тиіс-тұғын. Бірақ, клуб басшылығы бірнеше сағат бұрын билеттерді түгелдей алмастырған екен. Сөйтіп, бір клуб түгелдей аман қалыпты. Дегенмен, әуе апаты футболды да айналып өтпегендігін тарих жақсы біледі. Соған байланысты, футбол […]

2014-ші жылдың ұмытылмас оқиғалары

Аладоп сайты өткен жылдың елеулі оқиғаларын, есте қалар қызықты сәттерін еске түсірмек.  Көптен күткен десима «Реал Мадрид» өзінің Чемпиондар Лигасындағы 9-шы жеңісін сонау 2002-ші жылы тойлаған болатын. Ол кезде келесі трофей көп күттірмейтіндей көрінген. Бірақ, бақандай 12 жыл күтуге тура келді. Сол уақыт ішінде клуб 10 жаттықтырушы ауыстырды, жүздеген футболшылар сатып алды, сатты, миллиардтаған доллар […]

Фотобайқау!

Фото авторы — Асылбек Тлеужанов Ақтөбе об. Шалқар ауд. Қопасор ауылы Қызылту негізгі мектебі. Футболдан мектеп біріншілігі

Фотобайқау!

Дастан Әденов Мен Алматы облысы Сүмбе ауылынан боламын.Футболмен 6 жасымнан айналысамын.Кумирім-Бауыржан Исламхан

Фотобайқау!

Фото байқауға бұл жолы өз фотосын — Дастан Әденов есімді оқырманымыз жіберіпті. Өкінішке қарай ол өзінің қай ауданнан екендігін жазбапты. Бұл фото туралы өз пікірлеріңізді төменде жаза аласыздар. Бірақ, естеріңізде болсын, фотобайқауға келген суреттердің жалпы футболға деген махаббатты білдірргені жөн болар еді. 

Фотобайқауға келіп түскен алғашқы фото

Ақтөбе олысының Шалқар қаласындағы «Бірлік» деп аталатын мектеп командасының аудан чемпионы атанған сәті.  

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.