Архивы рубрики ‘Қазақ футболының тарланы’

Сейдахмет «Уфаның» сапында тағы да алаңға шықпады

Башқұртстанның «Уфа» клубында өнер көрсететін қазақстандық шабуылшы тағы да жасыл алаңға шықпады.

«Уфа» ФК-ның тағы бір матчында Сейдахмет алаңға шықпады

Австрияның Майрховенінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген «Уфа» ФК-ның екінші кездесуінде қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет алаңға шықпады.

Еркебұлан Сейдахмет Уфаның жаттығуларына қосылды

Назарларыңызға Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсететін «Уфа» ФК-ның Австриядағы оқу-жаттығу жиындарының жаттығуын ұсынамыз.

Жұмасқалиевтің жазығы неде?

Желтоқсан айының басында «Тобыл» басшылығы команданың аңызға айналған футболшысы — Нұрбол Жұмасқалиевпен қоштасатыны туралы мәлімдеген еді. Мұндай жаңалық қостанайлық жанкүйерлердің жағасын ұстатты. Себебі, де жоқ емес. 15 жыл бойы бар өмірін «Тобылға» арнаған тарланбозбен жанкүйерлер дәл осылай қоштасамыз деп ойлаған жоқ. Бұған дейін де Нұрболдың командадан кетуі туралы біраз мақала шыққан болатын. Оның барлығын да […]

КСРО құрамасында ойнаған тұңғыш қазақ алпыс бес жаста (ФОТО)

Астана қаласындағы Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадионда КСРО спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, атақты «Қайрат» футбол командасының ардагері Сейілдә Икрамұлы Байшақовтың 65 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан футбол федерациясы мен Лига кеңесінің командасы арасында жолдастық кездесу болып өтті. Ойын алдында Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов сөз сөйлеп, федерацияның атынан естелік сыйлық тапсырды. Сондай-ақ ҚР […]

ҚҰРАЛБЕКТІҢ ІЗБАСАРЫ, ҚАЗАҚТЫҢ НӘКЕНІ

5 сәуір күні Қазақстан құрамасының «Намыс», «Қайрат», «Тараз», «Восток», «Қайсар» командаларының бұрынғы қақпашысы, «Мақтаарал» командасының жаттықтырушысы Нәкен Қойшыұлы Қырықбаев кенеттен қайтыс болды. 

СЫМАҚОВТЫҢ 15 ЖЫЛЫ

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ 31 наурыз күні Самат Сымақов Қазақстан құрамасы сапындағы 65-матчын өткізді. Сымақов Қазақстан құрамасының жейдесін кигеніне дәл сол күні тұп-тура 15 жыл толды!  Ол 2000 жылдың 31 наурызында Азия кубогына іріктеу турнирі аясында Қатар астанасы Доһаның «Әл-Араби спортс клаб» стадионында Иордания құрамасына қарсы негізгі құрамда шықты.

ЖЕТІНШІ ЖҮЗДІКТІҢ САРДАРЫ

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ Өткен жексенбіде қазақ футболын­да елеулі екі жаңалық болды: Андрей Финонченко өзінің Қазақстан чем­пио­наттарындағы Жүзінші голын соқса, Нұрбол Жұмасқалиев бұл көрсеткішті 155-ке жеткізді. Екеуі де – айтулы оқиға. Өйткені «Айқын» газетінің биылғы 15 тамыз­дағы №145 санында елімізде мерген футболшылардың тым аз екені жөнінде «Мергені жоқ елміз бе?» деген сарап­тама мақала жариялаған едік. Тәуел­сіздіктің 23 […]

Нөсербаев Қазақстан ұлттық құрамасында нәтижелі пас берушілердің үздік үштігіне кірді

Тәжікстан құрамасымен болған кездесуде Танат Нөсербаев нәтижелі пастың авторы атанды. Бұл Танаттың ұлттық құрамадағы 3-ші нәтижелі пасы болатын.

Құралбек Ордабаев: Қазақ жігіттеріне мүмкіндік керек

– Жақында Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте Венгрия құрамасынан ойсырай ұтылды. Тағайындалғанына көп уақыт болмаған Юрий Красножанға сын айтушылар көп екені рас. Бұл жөнінде сіздің көзқарасыңыз қандай? – Мен сол ойынды толықтай көре алмадым. Ал Красножанға келсек, негізі жаман бапкер емес. Бірден сынай жөнелгеніміз дұрыс болмас. Өзін көрсетуге әлі уақыты бар. Қазіргі кезде құрама ойыншыларын ауыстырып, […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.