Архивы рубрики ‘Қазақ футболының тарланы’

Еуропаның бес құрамасының қақпашысы мойындаған шабуылшы

Португалия, Польша, Финляндия, Бельгия, Әзірбайжан құрамаларына бес доп соқты. Осы соққан голдарының арқасында турнирде Криштиану Роналду, Эузебиуш Смолярек, Никола Жигич сияқты мергендермен бірге турнирдің ең үздік сұрмергендерінің қатарынан көрінді. Дмитрий Бяков есімі қазақ футболының тарихында ұзақ сақталары анық. Әсіресе, Еуро-2008 іріктеу кезеңінде «А» тобында бес доп соғып, Криштиану Роналду сияқты әлем жұлдыздарымен бірге сұрмергендер көшінде […]

Плетикосаның қақпасына гол тулатқан футболшы

Хорваттар Давид Лорияның қақпасына бес доп соқса да, бұл кездесу біз үшін шынымен тарихи матч болды. Олай дейтін себебіміз, біз сөз етіп отырған Ерлан Оразаев Стип Плетикоса қорғаған қақпаны 67-минутта 30 метрдей жерден дәл көздеді. Бұл гол біздің әлем біріншілігінің финалдық кезеңінде соққан әзірге жалғыз добымыз. Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем біріншілігінде қазақтың 20 жастағы […]

Аққан жұлдыз

Жыл басында жазылмайтын дертке душар болып, футболшы Серік Жейлітбаев көз жұмғанда, қалың қазақ жанкүйері қара жамылған. Ел футболына ерекше үлес қосып, ең көп алаңға шыққан ойыншы ретінде есімін тарих тақтасына жазып кеткен Серіктен көз жазып қалған замандастары: «Әнуардың соңынан кетті…» деп күрсінді. Күні кешеге дейін жасыл алаңнан алыстамаған Жейлітбаевты қазіргі буын жақсы біледі. Ал осыдан […]

ОЛ ӨМІРГЕ ҚҰШТАР ЕДІ…

Жаңа жыл қазақ футболы үшін қаралы хабармен басталды. Қаңтардың 14-і күні таң сәрісінде ауыр науқасқа ұшыраған талантты  футболшы  Серік Жейлітбаев дүниеден озды. Үш жылға жуық уақыт бойы мидағы ісікпен арпалысып, алаңнан алшақтап қалған Серікке достары мен жақындары қанша қол ұшын созса да, ажал құрығынан  арашалай алмады.  Алланың ісіне қарсы келген кім бар? Серіктің артында жары […]

Қазақы болмысты капитан

Қайраттың енді бір артықшылығы, қазақ тілінде жақсы сөйлейді. Таза, қойыртпақтатпай, еркін сөйлейді. Ұлттық құраманың әрбір ресми кездесу алдындағы баспасөз жиындарында екі тілде еркін жүйткиді. Қазақстан ұлттық құрамасының 2014 жылы Бразилияда өтетін әлем чемпионатының електік додасы аясындағы соңғы матчтарында кейбіреулердің көңілдері команда капитаны Қайрат Нұрдәулетовке толмай жүргендей әсер етті. Баз біреулер «команда капитаны бәрінен де жақсы […]

БАУЫРЖАН ИСЛАМХАН – ТАЛАНТЫ ТАНЫЛҒАН БОЗБАЛА

Қазақ футболы – көгіне күн болып көтерілгісі бар жас аяқдопшыларға кенде емес. Бірақ, жарқ етіп көрінетін сондай жұлдыздардың, жалп етіп сөнуі де сондайлық жылдам. Астарына үңілер болсақ, таяқтың ұшы айналып келіп ойыншының өзіне тиеді. Көл-көсір ақша, шамадан тыс назар, мәні жоқ мақтау сөз – бесіктен белі шықпаған бозбаланың кеудесіне нан пісіріп, желдей ескізетіні жасырын емес. Содан […]

Қақпашы Ордабаев

Кезінде Пеледен журналистер «арманыңыз бар ма?» деп сұрағанда, ол: «Лев Яшинге гол соқсам – бүкіл арманымның орындалғаны» деген екен. Тіпті, өткен ғасырдың 60-жылдары Еуропа футболшылары арасында «Яшин қорғаған қақпаның кілтін тапқан шабуылшының еш уайымсыз «зейнеткерлікке» шыға беруіне болады» деген әзіл де шығыпты. Иә, футбол королі Пеленің арманын жүзеге асырмаған Лев Яшин орыстардың маңдайына біткен қақпашы  […]

ФУТБОЛДАН КЕТКЕНМЕН, ФУТБОЛДА ҚАЛҒЫМ КЕЛЕДІ

Самат СМАҚОВ: Қазақ футболындағы танымал тұлғалардың бірі «Ақтөбе» командасының қорғаушысы және капитаны Самат Смақов ұлттық құрамадан кетті. Соңғы 11 жыл бой Қазақстанның бас командасында (Шторк басқарған кезден басқа) табан аудармай өнер көрсеткен Саматты құрама команда сапында енді көрмейміз дегенге сенгің келмейді. Отыз екі жастағы футболшы 6 рет ел чемпионы, 4 рет еліміздің үздік ойыншысы атаныпты. […]

Өз отына өзі өртенген…

Мәртебелі оқырман! «Қазақ футболының қаһармандары» атты жоба ойымда талайдан бері жүрген-ді. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі уақыттағы ел футболының барлық тұлғасы көз алдымызда. Журналист ретінде қарапайым жұрт біле бермейтін деректер мен оқиғаларға куә болып жүрміз. Кейінгі жанкүйерлер буыны мүлде есінен шығарып алмас үшін О.Литвиненко, В.Зубарев, Б.Еңсебаев, Н.Мазбаев, А.Мирошниченко, М.Низовцев, т.б. өз деңгейімізде қаһарман атауға тұрарлық футболшылар […]

Қазақ футболының жарық жұлдызы құрамадан кетті…

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының белді ойыншысы, көпшілікке кеңінен танымал аяқдоп өнерінің қас шебері Самат Смақов түбегейлі нақты шешім қабылдады. Таратып айтар болсақ, енді Самат ұлттық құрама сапында өнер көрсетпейді.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.