Архивы рубрики ‘Сараптама’

Қазақстандық клубтар қанша қаржы тапты?

Футбол – үлкен бизнес. Аладоп өнерінің айналысндағы ақшаның есебі жоқ болып көрінеді. Осы бір әлемдік айналымға енді қазақстандық клубтар да бас сұғып келе жатқандай. Біз де біреудің қалтасына қол сұққандай болмайық, біреқ-та біреудің ақшасын санағанды жақсы көреміз ғой?! Ендеше Еуропадағы футбол ойындарында кім қанша қаржы тапты, есептеп көрейік. 

Сырттандардың солғыны

Қазақстан премьер-лигасының басталғанына да 2 ай уақыт толады. Ал клубтарымыз әлі өз ойындарын таба алмай жүр. Оның сыры неде? Мүмкін командаға алынған легионерлер сапасыз шығар. Санамалап көрейікші, қай командада кімдер жүр?

Қазақстан Премьер-Лигасының легионерлері

Ел біріншілігі өз бастауын алғалы екі айға жуық уақыт өтті. Қысқы оқу-жаттығу жиынадары кезінде отандық футбол ұжымдарының сапын бірнеше легионер ойыншылар толықтырды. Осы уақыт ішінде командаларымыздың сапындағы жаңа шетелдік ойыншылардың өнерімен танысып үлгердік. Кейбірінің ойыны көңілден шығып жатса, енді біреулерінің жолы болмауда. Осы мақалаға арқау болған тақырып қазақстандық командалардың сапынадағы шетелдік ойыншылар.

Тағы жеңіліс…

Ұлттық құрамамыз Бородюк бапкердің қол астындағы алғашқы ресми матчын өткізді. Тағы жеңіліс… Бірақ, бүгінгі айтарым — бұл емес. Негізгі құрамда жеті бірдей қазақ футболшы шықты. Бұл да болса — көңілге аздаған қуаныш ұялатады.

«Атырау» орнын сақтау үшін күреседі

Қорғаныс Бұл команданың қорғанысы бұрыннан ала-құла. Негізінен легионерлерге иек артады. Никитенконың кезінен солай. Одан кейінгі жағдай да жақсара түскен жоқ. Тұрақты бір адам бар. Ол Жасұлан, ой кешіріңіздер… Жасур Нарзикулов. Қақпашы «Атырау» фанаттарының сүйікті қақпашысына айналды. Талай ойынды нөльге тұрып, командаға 1 ұпайдан әкеліп отырды. Негізі «Атырау» өзі тең ойнай салатын команда. Өткен жылы ойнаған […]

Шет елде доп тепкендер

Өткен ғасырдың түгесер шағы мен жаңа жүзжылдықтың басында қазақстандық ойыншылар Ресей чемпионатында көптеп кездесуші еді. Игорь Авдеев, Руслан Балтиев, Андрей Карпович, Самат Смақов, Дмитрий Бяков, Асхат Қадырқұлов, Рафаэль Уразбахтин секілді ойыншылар солтүстік көрші елдің чемпионатында доп тепкен. Одан қала бере, Гурам Макаев Бельгияда, Кипрде Олег Литвиненко, Түрікменстанда Серік Жейлітбаев өнер көрсеткен. Австралияда футбол тəлімін алған […]

«Мадридтіктер» Эль-Мадригалда мінез көрсетті

Испанияда чемпиондыққа талас қызып тұр. Ла-лиганың 24-турында, жергілікті «Вильяреал» мен мадридтік «Реал» күш сынасты. Мадридтіктер 3-күн бұрын ғана «Месталья» стадионында «Валенсия» футбол клубына 2-1 есебімен есе жіберіп, басты қарсыласы «Барселонаға» ұпай айырмасын қысқартуға мүмкіндік жасаған болатын. Сондықтан, Зинедин Зидан шəкірттері бұл ойынға үлкен жауапкершілікпен шықты.

«Камп Ноуға» келген қарсыласының «екі аяғын бір етікке тығатын» «Барселона» қайда?

Испания Примерасының 23-турында каталондық «Барселона» өз алаңында «Леганесті» қабылдады. «Реал Мадридпен» арадағы ұпай айырмашылығын ескерсек, каталондықтар үшін әр ойын финал іспеттес. Бір ойында жеңілсе, биылғы чемпиондықтан үміттерін үзсе де болады. Себебі, «корольдік клуб» мына қарқынымен оңайлықпен ұпай жоғалта қоймасы анық.

Лондондағы тартыс, Зидан үшін кезекті «Сельта сынағы». Демалыстағы орталық ойындар жайлы.

Ағылшын премьер-лигасы шымылдығын қос лондондық алпауыт «Челси» мен «Арсенал» арасындағы кездесуімен ашса, Испанияда соңғы кездері жарақаттардан әбден зардап шеккен «патшалық клуб» атынан ат үркетін Вигодағы «Балаидос» стадионына қонаққа барады. Супер-матчтан Италия да құр алақан емес. Ішкі біріншілікте көші түзелген «Интер», тақтың иесі «Ювентуспен» бақ сынасады.

Ежелгі грек ертегісі

«Гранаткин мемориалы» турнирінің жартылай финалдық алғашқы кездесуінде Қазақстан мен Грекия жастары кездесті. Бұл ойын жалпы қазақ футболы үшін маңызы зор матч еді. Қазақ аяқдопшылары 2:1 есебімен Грекияны жеңіп, финалға шықты. Турнирдің басты сенсациясы — Қазақстан U19 құрамасы!

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.