Архивы рубрики ‘Сараптама’

«Камп Ноуға» келген қарсыласының «екі аяғын бір етікке тығатын» «Барселона» қайда?

Испания Примерасының 23-турында каталондық «Барселона» өз алаңында «Леганесті» қабылдады. «Реал Мадридпен» арадағы ұпай айырмашылығын ескерсек, каталондықтар үшін әр ойын финал іспеттес. Бір ойында жеңілсе, биылғы чемпиондықтан үміттерін үзсе де болады. Себебі, «корольдік клуб» мына қарқынымен оңайлықпен ұпай жоғалта қоймасы анық.

Лондондағы тартыс, Зидан үшін кезекті «Сельта сынағы». Демалыстағы орталық ойындар жайлы.

Ағылшын премьер-лигасы шымылдығын қос лондондық алпауыт «Челси» мен «Арсенал» арасындағы кездесуімен ашса, Испанияда соңғы кездері жарақаттардан әбден зардап шеккен «патшалық клуб» атынан ат үркетін Вигодағы «Балаидос» стадионына қонаққа барады. Супер-матчтан Италия да құр алақан емес. Ішкі біріншілікте көші түзелген «Интер», тақтың иесі «Ювентуспен» бақ сынасады.

Ежелгі грек ертегісі

«Гранаткин мемориалы» турнирінің жартылай финалдық алғашқы кездесуінде Қазақстан мен Грекия жастары кездесті. Бұл ойын жалпы қазақ футболы үшін маңызы зор матч еді. Қазақ аяқдопшылары 2:1 есебімен Грекияны жеңіп, финалға шықты. Турнирдің басты сенсациясы — Қазақстан U19 құрамасы!

Словенияны сүріндірдік

%d1%81%d0%b5%d0%b9%d0%b4%d0%b0%d1%85%d0%bc%d0%b5%d1%82-2

«Гранаткин Мемориалы-2017» турнирінің ширек финалында Қазақстан U-19 құрамасы өздерінің Словениядан келген құрдастарымен кездесті. Негізі Словения құрамасының бұз кезеңге жетпей қалуы да әбден ықтимал болған. Топтың соңғы ойынында олардың бағы жанды. Қалай дейсіздер ғой? «Зенит» командасы 6 ұпай алып, топтағы алғашқы орынды 100 пайыз алатын болғаннан кейін, соңғы ойынға қосалқы құрамды шығарды. Ал екінші бәсекелес Иран […]

Қазақстан футбол федерациясын кімдер басқарды?

28 қараша күні Сейілда Байшақов Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. Қазақ футболына еңбегі сіңген ардагер ойыншы бұл қызметке орналасқан жетінші президент. Қазақ футболының тарихы ХХ ғасыр басынан басталады. Ал дербес біріншілік пен ұлттық құрама негізі 1992 жылы қаланды. Осы жылы Қазақ КСР футбол қауымдастығы Қазақстан Республикасы футбол одағы болып өзгерді.

«Астана» үшінші алтынына жақындай түсті

Екі аптаға созылатын үзіліс алдындағы тур чемпионаттағы ең нәтижелі тур болды. Алты ойында жиырма бес гол соғылып, тек бір ұжым ғана алаңнан нәтижелі соққысыз кетті. Маусымдағы төртінші кездесуінде де «Қайрат» «Ордабасыны» жеңе алмай, «Астананың» үшінші рет чемпион атануына мүмкіндік жасады. «Ертіс» екінші тур қатарынан қарсыласын таптап өтуде.

Вахид Масудов: «Англия мен Норвегия құрамаларына қарсы жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз»

img

Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Вахид Масудов Англия мен Норвегия құрамаларымен болатын ойынның маңыздылығы жайлы айтып өтіп, Ақтөбенің Қазақстандағы футболы дамыған қалалардың бірі екенін мәлімдеді. — Осыған дейін мен Ақтөбеде жұмыс істеп көргенмін. Бұл жерде адамдар футболды түсінеді және футболмен өмір сүреді. Менің ойымша, біздің жастар мен жасөспірімдер құрамасына басқа қалаларға шығып, осындай матчтарды өткізіп […]

Шомко жиі шатасып жүр

%e5%9b%be%e7%89%872

Бас командамызда бәсеке көрігі ең қызу позиция — сол қапталдың қорғаныс қызыметі болып табылады. Себебі ол орында еліміздегі ең ірі екі клубтың қорғаушылары өнер көрсетеді. Бұрындары біз Шомко қорғаған қапталдан қауып күтпейтінбіз. Ол да еліміздегі ең мықты сол қанат қорғаушысы саналатын. Бірақ соңғы кездері Дмиртийдің де шеберлігінен шикілік шыға бастады. Бұған “Қайрат” қорғаушысы Ғафуржан Сүйінбаевтің күшті […]

«Манчестер Сити»-«Челси». Ойын алдыңда

Ағылшын Премьер-Лигасының 2-ші турында чемпиондықтан басты үміткер командалар жолыққалы отыр. 2014/2015 маусымды «Челси» чемпион ретінде, «Манчестер Сити» күміс жүлде иесі ретінде аяқтады. Өткен маусымның қос ойыныңда да 1:1 есебі тіркелген болатын. Бұл текетірестің нәтижесі қалай болмақ? 

Төрлет, АПЛ! Жаңа маусымның алғашқы үлкен ойыны

Бүгін Ағылшын Премьер-Лигасының жаңа маусымы бастау алмақ.  

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.