Архивы рубрики ‘Еурокубок’

Талғат Байсуфинов «Астананың» ойынын сынады

– Талғат Маруанұлы, «Астана» өткен аптада Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Вильярреалға» есе жіберді. Алайда, кемінде бір ұпай алатын мүмкіндіктері бар еді. Сіздің ойыңызша жерлестерімізге бұл ойында не жетіспеді? – Шынымды айтсам, бапкерлердің жұмысына баға беруді жөн көрмеймін. Алайда, менің бір пікіріммен көпшілік келіседі деген ойдамын. Егер Қазақстан премьер-лигасында «Астана» қорғанысқа көбірек көңіл бөлгенінде соңғы үш […]

«Атлетиконың» сырт алаңдағы жеңісі және «Этихадтағы» драма

Араға бір апта салып, футбол жанкүйерлерінің қуанышына орай чемпиондар лигасы қайта оралды. Көпшілік күткендей, 1/8 финалының алғашқы ойындары тартысты өтті. Қызықты өткен бұл кезеңнің матчтары голға сараң болмады. Екі кездесуде 14 рет қақпашылар өз торларынан доп алуға мәжбүр болды. «Этихадта»  Францияның ішкі чемпионатында көш бастап келе жатқан «Монаконы» қабылдаған  Гвардиола шәкірттері, 5:3 есебімен басым түсті. […]

«АСТАНА» ФУТБОЛШЫЛАРЫ ОЙЫНҒА ТЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ӨТКІЗДІ

img-20161123-wa0011

Астана футбол клубының ойыншылары ертеңгі ойынға дайындықтарын пысықтады. Естеріңізге сала кетсек, «Астана» футбол клубы ертең сағат 22:00 кипрлік «Апоел» клубымен күш сынасады.  

Еуропа Лигасы. Клопп Дортмундқа қарсылас ретінде барады.

73ddef103bbafe14518f032a4b0cb46d

Жеребе Еуропа Лигасының ширек финалында «Боруссия Д» мен «Ливерпульдің» жолын түйістірді. Бүгін Ньон қаласында Еуропа Лигасының ширек финалының жеребесі тартылды. Турнирдің басты фавориттері өзара кездессе, осы жарыстың былтырғы чемпиондары «Севилья» «Атлетикке» қарсы қос ойын өткізеді. Еске сала кетсек, басктар 1/8 финалда тағы бір испандық ұжым «Валенсияны» қапыда қалдырға болатын. Жеребе нәтижесін назарларыңызға ұсынамыз. Бірінші болып […]

Чемпиондар Лигасы. Испандық дерби мен қаржы шайқасын көретін боламыз

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар Лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды. Бұл кезеңнің басты аутсайдерлері саналған «Вольфсбург» пен «Бенфика», мадридтік «Реал» мен «Баварияға» қарсы ойнайтын болады. Ал, «Барселона» мен «Атлетико» өзара кім мықтыны анықтаса, Еуропадағы қаржыға ең бай қос ұжым, яғни «Манчестер Сити» мен «ПСЖ» жартылай финал жолдамасын сарапқа салмақ. 

ЕЛ. Юрген Клооптың бұрынғы және бүгінгі клубтары жеңіске жетті

1446754052_borussia

«Ливерпуль» Қазаннан жеңісті әкетсе, дортмундықтар «Габаланы» ірі есеппен ұтты. Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 4-ші турында «Ливерпуль» қазандық «Рубинге» қонаққа барып, 1:0 есебімен басым түсті. Матчтағы жалғыз голдың авторы-Джордан Айб. «Қызылдар» 6 ұпаймен екінші орында тұрса, «Рубин» 2 ұпаймен көш соңында. Ал, «Боруссия» өз алаңында азербайжандық «Габаланы» ойсырата ұтып, плей-оффқа жолдама алды. «Аралар» 4 ойыннан кейін […]

«Зенит» Чемпиондар Лигасындағы жорығын көктемде де жалғастырады

Io8e2euMBqs

Петерборлықтар топтың бірінші орнын да қамтамасыз етіп қойды.  «Зенит» француздық «Лионды» тағы да жеңді. Андре Виллаш-Боаш шәкірттері бұл жолы «Лионды» қонақта тізе бүктірді. Матчта соғылған қос голдың да авторы-Артем Дзюба. Айта кетейік, «Зенит» топтық кезеңде жүз пайыздық көрсеткішпен жарыс жолын жалғастырып жүрген жалғыз команда. «Зениттің» бірінші орынмен плей-оффқа жолдама алуына «Валенсияның» жеңілісі де себепші болды. […]

Жозе Моуриньо алғашқы белесті бағындырды

PguG8p76Ldw

Роман Абрамович португалиялық маманға жағдайды түзеу үшін екі матч берген болатын.  Моуриньо шәкірттері «Стэмфорд Бриджде» киевтік «Динамодан» басым түсіп, екінші орынға көтерілді. «Ақсүйектер» турнир кестесінде «Динамоны» басып озды. Бірақ, бірінші орындағы «Портудан» үш ұпайға қалып келеді. Өз кезегінде «Порту» Израильдeн олжалы оралды. «Айдаһарлар» алаң иелерінің қақпасына үш гол соқса, «Маккаби» бір голды қанағат тұтты. Чемпиондар […]

«Арсеналдың» жағдайы қиын

vRRdgmODT7k

«Бавария» өз алаңында еселеп есе қайтарды.  «Арсенал» екі апта бұрын Гвардиола командасынан айла асырғанымен, қарымта кездесуде ойсырай жеңілді. Алаң иелері бірінші таймда жауапсыз үш гол тоғытса, екінші бөлікте қарқынды бәсендетіп екі голмен шектелді. Ал, «Арсеналдың» еншісінде Жиру соққан жалғыз гол. Осы матчтан кейін Арсен Венгер шәкірттерінің жағдайы мүшкіл. Лондондықтар келесі кезеңге өте алмауы да мүмкін. […]

«Блауграна» топтан шықты

gg5kb0iRVrU

Неймардың дублі мен нәтижелі пасы «Барселонаға» жеңіс әкелді Католондық клуб «БАТЭ»-ны ірі есеппен ұтып, плей-оффқа жолдама алды. Бірінші таймда Неймар пенальтиден гол соқса, екінші таймда бразилиялықтың пасынан кейін Суарес көзге түсіп еселеді. Ал, матчтың нүктесін атына дубль жазып Неймар қойды. Топтағы екінші кездесу «Рома» мен «Байер» арасында өткен еді. Олимпико стадионындағы матч алаң иелерінің пайдасына […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.