Архивы рубрики ‘Трибуна’

Қазақтың Котэдей комментаторы қайда?..

Абай атамыз айтқандай, «қазақтың өзге жұрттан сөзі ұзын» екені рас. Бірақ сол толғауы тоқсан туған тіліміздің спорт репортажына келгенде тұсаулы аттай тоқырап, тұтыға беретіні қалай екен, осы? Кезінде бұған кейістік білдірген Сейдахмет Бердіқұлов «Жүрсің-ау бір қиырда…» атты әңгіме жазғаны еріксіз еске түседі. Сондағы «Котэ Махарадзе ұшырасқан сайын «Фернандестің (мексикалық комментатор – автор) г-оо-лы құлақтан кетпейді» […]

АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ ҚАЙДА?!

Әр 3 жыл сайын отызға жуық жеткіншекті Бразилияға оқуға жіберетін едік қой. 2012 жылы бір топ жас футболшыларды Бразилияға шығарып салғандар қатарында мен де болдым. Солардың ішіндегі бір қазақ баласынан сұхбаттасып, Бразилиядағы әлем чемпионаты кезінде біраз ақпарат алып отырғаным бар. Жақында ойламаған жерден сол футболшы телефон шалды.

Әке жолын қудың ба?

4fb72dd8566780a1a5c668bb4b8

Әрбір көркем фильмнің бастауындағы ескертпе жазбалардай бір ауыз сөз. Бұл мақалада кездесетін оқиғалар мен айтылған әңгімелер желісі ешбір тіркелген факты емес. Автордың өз ойынан ұшқындаған қиял жемісі деп біліңіздер.    

Сейілда Байшақов: «Федерацияның заңды президенті бар»

— Сейілда Икрамұлы, бірқатар облыста кезектен тыс конференция өткізу үшін қол жиналып жатыр деген сыбыс естілді. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады? — Шыны керек, мұның барлығы күлкілі. Мен өмірімді толықтай футболға арнадым және бұл жағдайды тәжірибемде алғаш рет көріп отырмын. Аймақтық футбол федерацияларының жетекшілері мұндай шешімдерді жекелей қабылдай алмайды. Осыған ұқсас қағаздарға қол қоюға да […]

«Ақтөбе» жанкүйерінің жанайқайы

.. Соңғы екі күннің ішінде «қазақ футболының дамуы осы» деп таңдай қағардай екі жақсылық, екі жаңалық болды. Бірі, әлбетте, астаналық «Астана» клубының өз алаңында стамбұлдық «Галатасараймен» тең ойнап, Қазақстан футболы тарихындағы Чемпиондар Лигасының алғашқы ұпайын олжалауы. Екіншісі, алматылық «Қайраттың» жаңа оқу-жаттығу базасының ойыншылар игілігіне берілуі. «Астананың» жетістігіне есім шыға қуандым деп айта алмаймын, тіпті, түрік […]

Аңыз адам алдыңыздан шықса…

Аңыз адам алдыңыздан шықса қандай жағдайда болар едіңіздер?

Қазақ футболының қаржысы қайда кетуде?

Қазақ футболының дамымай жатқанына себептер жеткілікті. Инфроқұрылым нашар, жастар футболына көңіл бөлінбейді, чемпионатымызда легионерлер қаптап жүр тағы басқа жағдайлар. Иә, әрине ондай жағдайлардың да ақсап тұрғаны футболдың дамуына кері әсерін берері сөзсіз. Бірақ, біздің футболдың дамуына тежеу болып тұрған басты проблема одан да емес. Басты ақау – бір адамда. Ол – Әділбек Жақсыбековте емес, Ерлан […]

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстанның Футбол федерациясы президенті Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА президенті Мишель Платинимен кездесті.  Бұл кездесуде УЕФА-ның қазақстандық футболдың дамуына көмектесуі жөнінде бірқатар сұрақтар талқыланды. Ерлан Қожағапанов Платинимен кездесуінің маңыздылығы жөнінде УЕФА баспасөз қызметіне берген сұхбатында бөлісті.

Жалған ақпаратқа арандамайық

Футбол федерациясының бұрынғы сайты, қазіргі спортс.кз  — ке тиесілі FFK.KZ сайтында  aladop.kz сайтына сілтеме жасалып  Қожағапановтың журналистердің сауалына қатысты жауабы беріліпті.

Вице-Премьер Қазақстан футбол федерациясының жұмысын сынға алды

20141128122427

Бүгін Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармалары мен Қазақстандағы спорт федерациялары өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан кеңес барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев  футбол федерациясының жұмысын сынға алды. «Өкінішке қарай, бірқатар федерациялардың жұмысы сын көтермейді, ал оларға халықтың қаражаты бөлініп жатыр. Әсіресе, футбол туралы айтайық. Жақында ғана Санкт-Петербордағы турнирде қазақстандық […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.