Архивы рубрики ‘Әлем футболы’

Алексис ақшаның астында қалды

Алексис Санчес «Манчестер Юнайтед» командасында жүріп аптасына 350 мың еуро табыс табады. Ал жалпы чилилік футболшы жылына 23 миллион еуро жалақы алмақ. Бұл жайында кеше ғана ағылшындық ақпарат көздерінде жазылды. Келесі турдың ойынында Алексис Санчес 7-нөмерменен алаңға шығып қалуы әбден ықтимал. Ал оның орнына «Арсеналға» ауысқан Генрих Мхитарян Алексистен қалған 7-нөмерді алыпты.

Роналду мықты, Месси жаман

«Реал» Мадрид — «Депортиво» ойыны басталмас бұрын трибуна астында қызықты оқиға болды. Футболшылармен қол ұстасып шығатын бір бала «Роналду сен әлемдегі ең мықты футболшысың және Месси…»деп кібіртіктеп қалады. Сол кезде Роналду «Жаман» деген сөзді айтады. Бұл диалогты естіп тұрған «Реал» ойыншылары күлкіге қарық болды. Видеодан тамашалаңыздар. 

Болателли «Ювентуске» ауысатын болды

«Ницца» командасының шабуылшысы Марио Болателли «Ювентус» сапына ауысуы мүмкін. Бұл жайында еуропалық бақ өкілдері жаза бастады. Оның басты себебі, Марионың қазр ешқандай келісім-шарты жоқ. Демек, жазда ол түгелімен еркін футболшы болған шақты «Ювеге» ауысуы ықтимал. «Ювентус» басшылығы мұндай футболшыны тегін алуға қарсы емес. Тіпті, Марионың жеке қалтасына қомақты сыйақы ұсынуға ла мойынсұнып отыр.

Клопп Гвардиолланы құлатты

Ағылшын премьер-лигасында биылғы маусым бойы жеңілмей келген «Манчестер Сити» кеше «Ливерпульге» ұтылды. Ойынның есебі 4:3. Осы ойыннан кейін Юрген Клопп қызықты сұқбаттар беріп, абройы асқақтай түсті. Ал ғаламтор желісіндегі интернет-меммдер қызықты өткен ойынға өз бағасын берді. Солардың бірі мына фото:

Дзюба мен Шатов «Зениттің» негізгі құрамынан шеттетілді

Санкт-Петербургтің басты клубы қысқы трансферді сәтті пайдаланып қатарына 3 бірдей жаңа ойыншыны  шақырмақшы. Сондықтан, Манчини келгелі негізгі құрамнан шет қалған Дзюба мен Шатов  Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін жаттығу жиынына бармай, «Зенит-2» яғни қосалқы командаға ауыстырылды. «Спорт-Экспресстің» мәліметіне сүйенсек екі ойыншыға да мәскеулік «ЦСКА» қызығушылық танытып отыр. Клуб Шатовтың өкілдерімен кездесіп, оны маусым соңына дейін жалға […]

Гиггз футбол алаңында жаңа белесті бағындырмақ

«Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Райан Гиггз Уэльс құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Енді ол командасын 2020 жылы өтетін Еуроға дайындауға кіріседі. Екіжақты келісім шарт 4 жылға жасалған. Ұлыбританияның оңтүстік батысында орналасқан мемлекеттің ұлттық құрамасын басқаруға үміттілердің саны аз болмаған. Бұл тізімде тіпті Уэльс футболының мақтанышына айналған Крэйг Белламидің де есімі жүр. Еске салайық, […]

«Ситидің» тоқтаған жері «Энфилд» болды

Әлемдегі ең мықты ішкі чемпионат болып саналатын Ағылшын премьер лигасының кезекті 23-ші турында кестеде көш бастап тұрған «Манчестер Сити» сырт алаңда «Ливерпульден» 3:4 есебімен жеңіліс тапты. Лигада бұған дейін ұтылыс атаулыдан аулақ болған Гвардиола шәкірттері биылғы маусымдағы алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ойынның басталуымен әдеттерінше қонақтар допты көп бақылауда ұстағанымен нәтижелі шабуылдар ұйымдастыра алмады. […]

«Барселонаның» 11 жыл күткен жеңісі

Кеше түнде Испания премьер лигасының 19-шы тур аясында Сан-Себастьянда каталондық «Барселонаны» қабылдаған жергілікті «Реал Сосьедад» 2:4 есебімен есе жіберді. Матч басталысымен «Аноэтада» жиылған жанкүйерлерінен қолдау алып, намысқа тырысқан алаң иелері 11-ші минутта есеп ашты. Приетоның айып алаңына асырған добын Хосе тоғыздыққа бағыттап, әдемі голдың авторы атанды. Артынша жеңіліп жатырған қонақтар есепті теңестірумен әз-мәз болды. Алаң […]

Мхитарян мен Санчес ауыспақшы

Қос футболшы бір-бірімен команда ауыстырмақшы. Ол жайында «Спорт Экспресс» жазды. «Арсеналдан» кететіні анықталған Алексис Санчес қазір команда іздеп әлек. Оған құда түсіп отырған екі команда бар. Екеуі де Мапнчестер қаласының ұжымдары. «Сити» ақшасын беріп сатып алғысы келсе, «Юнайтед» «Арсеналға» Мхитарянды береміз деп уәде етті. Не боларын күтейік.

Роналду — 5 мәрте «Алтын доп» иегері

Кеше түнде Парижде жергілікті France Football басылымы өз әдетінен жаңылмай өткен жылдың ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» марапатын мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының сұрмергені Криштиану Роналдуға табыстады. Дауыс беру барысында өзінің басты қарсыласы болып саналатын каталондық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиден басым түскен Криштиану, бұл жүлдені 5-ші мәрте иеленіп отыр. Үздік үштікті футбол […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.