Архивы рубрики ‘3-тайм’

Боқтағыш бапкер тағы да ел назарына ілікті

Өздеріңіз білетіндей «Жетісу» футбол клубының жастарын баптайтын Ануар Арыстанбаев тағы да даудың ортасында қалды. Осы жақында ғана өткен «Астана» мен «Жетісу» жастарының арасындағы ойында елордалық футболшылар гол соққан тұста талдықорғандық бапкер тағы да боқтық сөзге жол берді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын Арыстанбаев мырза футболшыларына айқайлағаны, бүкіл «Тарлан» аренадағы жанкүйерлерге де естілді. Мәдениеттен […]

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ: ФИНАЛДАР ТАРИХЫ

3 маусымда әлем футболындағы ең басты клубтық жарыс – УЕФА Чемпиондар лигасының ақтық айқасы өтпек. Кардиффте Мадридтің «Реалы» мен Туриннің «Ювентусы» ойнайды. Ал әуелде «Еуропа чемпиондарының кубогы» делініп, кейін «Чемпиондар лигасы» аталған айтулы доданың осыған дейінгі финалдары қалай өтіп еді?

Чемпиондар лигасының финалында 3 гол соққан алғашқы футболшы кім болады?

Серхио Рамос пен Криштиану Роналду рекорд жаңартуы мүмкін. Ол қандай дейсіздер ғой? Екі ойыншы да осыған дейін 2 финалда гол соққан ойыншылар. Уефа.ком 3-маусым күні өтетін Чемпиондар лигасының финалы алдында мынандай статистика жасады.

Әлем чемпионаты-2018-де видеоқайталау пайдаланылады

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатында видеоқайталау қолданылады. Бұл туралы ФИФА президенті Джанни Инфантино айта кетті.

Бүгін — Қазақстан футболы күні!

Футбол — Қазақстанда ең танымал спорт түрлерінің бірі. 1994 жылы Қазақстан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды. 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан UEFA-ның 52-ші мүшесі болып қабылданды. Қазақстан футбол федерациясын Еуропа футбол қауымдастықтары одағы құрамына қабылдау туралы шешім Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітілген. Содан бері бұл күн Қазақстан футболы күні ретінде аталып өтіледі.

Б.Сәрсекенов: Қазақ футболы ешкімге керек емес сияқты

Қазақстанда балалар және жасөспірімдер футболына тыңғылықты қарап, әрдайым өзінің тың идеялары мен жобаларын таныстырып жүретін бапкер — Бауыржан Сәрсекенов. Ол ел футболының дамуына көп үлес қосқан мамандардың бірі. «Гранаткин мемориалы» аяқталысымен KazFootball.kz порталының тілшісі білікті бапкерге хабарласып, жалпы турнир туралы ойын білген еді.

Әлемдегі ең кәрі футболшы «Йокогама» командасымен келісім шарт мерзімін ұзартты

48 жастағы шабуылшы Кадзуёси Миура жапониялық «Иокогама» командасында тағы бір жыл доп теппек.  Әлемдегі ең кәрі футболшы көпшілікке — Кадзу  есімімен танымал. Шабуылшы «Иокогама» сапында 2005 жылдан бастап ойнаған. Сол жылы австралиялық «Сиднейге» 2 айға жалға беріліп, 2006 жылы бұрынғы командасына қайта оралды. «Иокогамада» 149 ойын өткізіп, 18 голдың авторы атанған. 

«Портуды» танытқан таланттар

«Порту» — Португалиядағы ең танымал клубтардың бірі. Футбол командасы боп құрылғанына бүгінде 122 жыл болыпты. Осы аралықта Портуды 78 бапкер жаттықтырған екен.  «Драгау» стадионында жергілікті жанкүйерлер де өз клубтарының жеңістері мен жетістіктерінің куәсі боп келеді. 

«Оңтүстік» академиясы ашылмақ!

Қанат Мұсатаев, «Оңтүстік» футбол академиясының жетекшісі: — Қазақстан футбол федерациясы академиясының түлектері ұлттық құраманың негізгі резерві болмақ

Бүгінде Шымкент қаласында Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» футбол академиясы ашылуға толық дайын. Мұнда Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 10 мен 14 жас аралығындағы балалары тәлім алады. Жергілікті бапкерлермен бірге академияда испаниялық білікті мамандар жұмыс істейді. Пиреней түбегінен келген бес бапкердің Испанияның үздік мектептері саналатын «Барселона» мен «Реал» клубтарында тәжірибесі бар.

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.