Архивы рубрики ‘Еуро-2012’

Ширек финалда кімнің бәсі жоғары?

Ширек финалдық ойындар да жақындады. Қарсыластар анықталды. Енді кімнің бағы жанып, жартылай финалға шығарына куәгер боламыз. Чехия Португалиялықтарға тегеурінді қарсылас атана алар ма? Роналду бастаған жігіттер Чех қақпасын торуылдаса, оңай болмасы сөзсіз. Португалияға осал қарсылас түскенімен, мұндай сатыда оңай жеңілетін команда жоқ екенін айтуымыз керек. Дегенмен фаворит Португалия. Германия — Грекия арасындағы ойында тағы бір […]

Ағылшындар алғашқы орында

Англия құрама командасы көпшілік күтпеген жерден топтағы алғашқы орынды иемденіп кетті. Ал, Украина құрамасы өз жерінде өтіп жатқан додада топ жарғысы келіп-ақ еді, тегеурінді ағылшындарға қауқарлары жетпеді. Оның үстіне осы ойынға Уэйн Руни шыққанын да айта кетелік. Бұл шабуылшы айыбын өтеп, тек топтағы 3 ойынға ғана шығатынын осының алдында айтқан болатынбыз. Енді сұрмерген шабуылшы осы […]

Испания мен Италия ширек финалда

Ширек финалға жолдама алғандардың қатарына енді Еуропа мен Әлемнің осы күнгі чемпионы Испания мен тегеурінді Италия қосылды. Олардың қарсыласы бүгінгі болатын «D» — тобының ойындарынан соң белгілі болмақ. Шамалап қарасақ, ширек финалда Италия — Францияға, Испания — Англияға түсетін сияқты.  Бұл топта өте қатты тегеурінді тартыс болғандығын айта кетелік. Испаниялықтар тіпті Хорваттарға ұтылып та қалуы […]

УЕФА сайтындағы предиктор жарысы

Ховарттар тағы бір шу шығарса…

Бұл топта келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі бар 3 команда бар. Тек Ирландиялықтар Польша жеріне туристтер қатарында келген сияқты. «Ең бастысы жеңіс емес қатысу» бұл ирландиялықтардың алға ұстанған қағидалары іспеттес. Бір «И» жарыспен қош айтысқанымен әлі тағы екі «И» үміттерін үзбеуде. Әлем чемпиондары хорваттарды жеңу үшін бәрін салады. Ал Славен Билич бапкер Хорватия тура Италиялықтар секілді […]

Бір фаворит жарыстан шықты

«B» тобының да өте қатты шиеленіскен жағдайына нүкте қойылды. Жанкүйер қауымның ұпай санап, түрлі есептеулеріне бір жақты шешім де шықты. Сонымен Еуродағы екінші топта аяқталып, ширек финалға шыққандардың да есімі белгілі болды. Ширек финалда Германия — Грекия, Португалия — Чехия құрамалары кездеседі. Оңай шағылар жаңғақ емес екенін Дания да дәлелдеп, аброймен үйіне қайтпақ. Осы топтың […]

Гректер тағы бір ерледі

Кеше ЕУРО-2012-де «А» тобынан шыққан екі команда белгілі болды. Ұпай санымен лидер Чехия және 4 ұпайды еншілеген Грекия ширек финалға жолдама алды. Көпшілігі Ресейдің топты жарып шығатынына бек сенімді еді. Мен де дәл осылай жорамалдағанмын. Алайда гректер мен чехтардың шыққанын көңіл шіркін қалаған-ды. Тілегенімдей-ақ болды. Екі ойын да бір уақытта болғандықтан тек Ресей мен Грекия […]

Голландия келесі кезеңге шыға ала ма?

 В тобы. Бұл топтың бүгінгі екі кездесуі де тартысты өтетіні белгілі. 4 команданың да келесі кезеңге өтер мүмкіндігі бар. Дания командасына немісатермен тең түсіп, португалиялықтардың Голландияға жеңілгенін күту дұрыс сияқты. Ең жақсы даттар үшін жағдай осы болмақ.  Ал Голандия құрамасына португалдарды 2-0 есебімен жеңу керек. Сонымен қоймай Дания командасы немістерге ұтылуы қажет. 

Орыстарға обал жоқ

«А» тобының анық фавориті деп бағаланған Ресей құрама командасы турнирді ерте аяқтады. Ал екінші фаворит Чехия құрамасы шешуші ойында жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Міне, осылайша турнир алдында айтылған барлық пікірлердің сиқы бұзылды. Ол жағдайға да таңғалудың керегі жоқ. Себебі, бұл финалдық кезең болғандықтан нағыз футболдың тойында кез-келген дүние орын алуы ықтимал. Біздің ойымызша, бұл […]

Бүгінгі ойынға болжам

«Қазақстан»  Ұлттық арнасында көрсетілетін кездесу. Ойынның басталуы 00-25 минут. Топтан алғашқы орынды алып шыққысы келетін орыстар қалайда жеңісті көздейді. Ол үшін барлық жағдай бар. Қорғаушыларынан айырылып қалған гректер, екінші ойыннан соң тіпті негізгі қақпашысынан да айырылды. Сол екі кездесуде гол соққан гректер енді шебер қақпашы Малафеев қақпасынан саңлау табуы өте қиын. «Грекия» – «Ресей» – […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.