Архивы рубрики ‘Эксклюзив’

«Ақтөбе» футбол клубына жаңа арена салынбақ

2016 жылы Ақтөбе қаласында заман талабына сай жаңа стадион құрылысы басталады. Шамамен 32 000 жанкүйерді сыйғызалады. Жаңа стадионда «Ақтөбе» футбол клубы барлық әлемдік жарыстарды өткізе алатын болады (мысалыға Чемпиондар Лигасының топтық кезеңін). Сондай-ақ ақтөбеліктер өз көздерімен Ұлттық құрама ойынында тамашалауы әбден мүмкін.

УЕФА-ның суперкубогы үшін болатын матч Қазақстанда өтуі мүмкін

УЕФА-ның суперкубогы үшін болатын матч Қазақстанда өтуі мүмкін, — деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы болып осыдан төрт ай бұрын ғана тағайындалған Аллен Шайжүнісовқа сілтеме жасап.

Бразилияда оқып жүр, талай қазақ баласы…

Ел футболында соңғы жылдары елеулі жаңалықтар көп орын алды. Оның ішінде қазақ жастарының Бразилияда футбол  академиясында тәлім алуы да бар. Бірақ, бірнеше жыл бойы баспасөзде қызу таласқа айналған осы «Оле Бразил» түлектері туралы әңгіменің тағы бір шетін шығарып көрсек. Бірінші толқынның аса мықты нәтиже көрсетпегені анық. Ал, енді екіншісі қалай болмақ? Бразилияға жібергендегі сонда мақсат […]

Елжас Алтынбеков: «Мен үшін өзімнің голымнан гөрі командамның жеңісі маңызды»

«Қайсар» — «Ордабасы» кездесуінен кейін сұхбат берген қызылордалық команданың шабуылшысы Елжас Алтынбеков алаңға шығарып, мүмкіндік бергені үшін бас бапкер Дмитрий Огайға алғыс айтып, мүмкін болғанда өзінің бұл голын команданың жеңісіне ауыстырғысы келетінін жеткізді.

Обригадо, Бразил, обригадо!

Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлапты деген әңгімені қазақтың ертегі, жыр-дастандарынан, ауыз әбедиетінің фольклорының көптеген нұсқаларынан естуге болады. Кейінірек соған пара-пар мағынадағы әңгімелер пайда болды. Сол ойын мен тойдың тағы бірін мен өзім бастан кешірдім. Бразилиядағы футбол тойына бастан-аяқ қатысып, үлкен думанды артта қалдырдым. 9 маусым күні Сан-Паулуға келген күн мен дәл қазіргі Рио-Де-Жанейродағы […]

Бразилия-Голландия матчынан соң

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ үздік ойыншысы болуы мүмкін Арьен Роббен. Даңқты шабуылшы Патрик Клюйверт. Келер чемпионатта жарқылдауы мүмкін Оскар, Бразилия сапындағы ең ақылды ойын ойнайтын Луис Густаво. Мен үшін маңызды фото ол Патрик Клюверт болып тұр. Клюйверт 2000 жылы Еурода бір ойында 5 гол соққан кезде мен Тараз қаласының шетіндегі Түрксіб ауылындағы Макаренко атындағы орта мектепте 3-сынып […]

Рекордтар чемпионаты

Әлем чемпионатының соңғы аяқталар аптасы қалды. 4 жыл тағатсыздана күткен дүбірлі дода да мәресіне жетпек. Көптеген болжамдар бордай тозып, көріпкелдер айтқан жорамалдар іске аспады. Футбол — әрине, сонысымен де қызықты. Биылғы чемпионатта жасы егде футболшы рекорд орнатып, футболшылар ақшаға таласып, кейбірі тіпті бір-бірін тістеуге де барды. Әр чемпионтта фаворит атанып, өзінің темір тәртібімен ұзаққа баратын […]

Стивпен селфи

Стив Макманаман. Бұл футболшыны ағылшын футболының жанкүйерлері міндетті түрде білуі тиіс. Және Мадридтік «Реалдың» фанаттары да Макманаманның кім екенін жазбай тануы керек. Ол ең алдыменен «Ливерпуль» сапында ойнай жүріп танылды. Одан кейін, 1999 жылы ол Мадридтің «Реал» командасына ауысты. Онда ол 4 маусымда небәрі 8-ақ гол соқты. Бірақ, оның сегіз голының бірі 2000-жылғы Чемпиондар лигасының […]

Мундиаль машақаттары

Әрбір ірі тойдың алдында атқамінерлердің алқалы жиыны өтетіндігі белгілі. Сол секілді Сан-Паулу қаласында әлемдік футболды басқарып отырғандардың түгелі тегіс жиылып, Фифаның 64-конгресін өткізгелі отыр. Ондағы талқыланатын негізгі тақырып 20-мәрте өткелі отырған футбол тойының мәселелері. Оның ішінде қауіпсіздік шаралары мен бразилияға қонаққа келетін жанкүйерлердің жүріс-тұрысы. Өйткені, бұл жолғы орны ерекше футбол додасына 4 миллионнан астам футбол […]

Бензема жейдесі Айсұлтанға бұйырды

Бразилиядағы Рибейро-Прето қаласында кеше Франция ұлттық құрама командасы Әлем чемпионаты алдындағы кезекті жаттығуын өткізді. Жаттығудың өзін тамашалауға бірнеше мың жанкүйер келді. Көременнің негізгі көзайымы болған чемпиондар лигасының жеңімпазы, футбол әлемінің шоқ жұлдызы Кәрім Бензема болды. Сондай-ақ, осы қалада «Оле-Бразил» футбол академиясының жеткіншектері де бар екенін айта кетуіміз керек. Оның ішінде біздің қазақстандық жастар да жоқ […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.