Архивы рубрики ‘Стадион’

Футболды дамытудың Созақтық үлгісі

Футбол — бұқаралық спорт. Ал, біз айтып отырған бұқаралық спортыңызды созақтықтар бақайшағына дейін меңгерген. Кеңес Одағын дүркіреткен «Шалқар» командасының, ұлттық құраманың шабуылшысы Таңат Нөсербаевтың жұлдызды жолын жерлестері жалғастырып келеді. Домалақ допқа деген құлшыныс соңғы кездері сұрапыл. Бейне бір барлық созақтықтар доп теуіп жүргендей. Спорт ғимараттары лық толы. Сенбі, жексенбі арасы үзілмей өтетін жарыстар.

Елбасы «Қайрат» базасын көрді. Видео

Мақтаарал төріндегі дүбірлі дода, «Мырзадинов» турнирі…

ОҚО Мақтаарал ауданың Абай ауылында жыл сайын 6-9 мамыр аралығында футболдан дәстүрлі футбол турнирі өтеді. Ұлы отан соғысының ардагері, «Қызыл жұлдыз» ордерінің иегері Серікбай Мырзадиновтың құрметіне өткізілетін турнир, сонау 2001 жылдан бастау алған. Бұл турнирге 30-дан астам Алматы, Шымкент және ОҚО-ның бірнеше аудандарынан командалар жыл сайын қатысып жатады. Сондай-ақ, осы турнирде республикалық лигаларда өнер көрсететін […]

Б.Айтбаев: «Ақтөбе» медаль үшін таласады

«Ақтөбе» ФК жаңа ойыншысы Берік Айтбаевтың сұхбаты. — Берік, аманбысың? Көңіл-күйің қалай? «Ақтөбе» ФК Түркиядағы жиыны қалай өтіп жатыр? — Рақмет. Көңіл-күй тамаша. Белектің базасы жайлы, маусымға тыңғылықты дайындалып жатырмыз. Ауа-райының жылы болып тұрғаны да қуантады. Жаттығулар күнделікті екі уақытта болып жүр. Бәрінің көңіл-күйлері жақсы, ынта-шынтасымен жұмыс жатыр.

«АСТАНА» — «ОЛИМПИАКОС» МАТЧЫ: КІМ ЖЕҢЕДІ

«Астана» футбол клубы үшін биылғы маусым өте нәтижелі болды. Жақында ғана ҚПЛ-дың үш дүркін чемпионы атанған еді. Көкшетаулық «Оқжетпеспен» көрсеткен ойыны чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын. Чемпион болғаннан кейін, ендігі мақсат — Еуропа лигасында абыроймен өнер көрсету. «Астана Аренада» өтетін бұл матч «Астана» футбол клубы үшін өте маңызды жəне сəл қиын болуы мүмкін. Оның себебі […]

Қанат Мұсатаев: Жақсы футболшылар тәрбиелеп шығатынымызға сенемін

1 желтоқсан күні Шымкентте футбол академиясы ашылады. Испаниядан келген жаттықтырушылар Оңтүстік өңірдің балаларын қарап шығады. Іріктеуден өткен алғашқы үш топ кәсіби деңгейде жаттығуды бастап кетті. Академия жетекшісі Қанат Мұсатаев жас футболшылардың жаттығуы мен академияның ашылуы жөнінде әңгімелеп берді.

Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» футбол Академиясының ашылу салтанатына шақырамыз

Қазақстан футбол федерациясы 1 желтоқсанда сағат 11:00-де өтетін Қазақстан футбол федерациясының «Оңтүстік» футбол Академиясының ашылу салтанатына шақырады. Ашылу салтанаты өтетін орын: ОҚО, Шымкент қаласы, «Тассай» мөлтек-ауданы, 225 квартал, «Биік» спорт кешені. Анықтама: «Оңтүстік» футбол Академиясы Қазақстан футбол федерациясының бастамасымен, мемлекеттік және дербес серіктестік негізінде құрылды. Бүгінгі күнге Испанияның «Барселона» футбол мектебінің бес маманы оңтүстік аймақтарды […]

АРТУРАС ЖУЛПА: КОМАНДАҒА ЖАНКҮЙЕР ҚОЛДАУЫ АСА ҚАЖЕТ

«Ақтөбе» футбол клубының литвалық жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа «Аламанға» берген сұқбатын назарларыңызға ұсынамыз. — Артурас, Қазақстан чемпионтаның алғашқы турларынан қандай әсер алдыңыз? Литва чемпионатымен салыстырып өтсеңіз? — Қос елдің біріншіліктерін салыстыра кетер болсам, Қазақстан біріншілігі Литва чемпионатына қарағанда мықтырақ. Қазақстан премьер-лигасында барлық командалар бір-бірімен кез-келген деңгейде тайталаса алады, ал Литва біріншілігіне келер болсақ, ол жақта […]

«ЕУРОЛИГА НЕ ТЕҢІМ, СТАДИОНДЫ УАЙЫМ ЕТЕМІН»

Шымкентте «Ордабасы» Еуропа лигасына шықты деп бөркін аспанға атпаған жанкүйер жоқ шығар, сірә. Қуанбағанда ше? Біріншілік басталуға бір күн қалғанда команда басшылығы бас бапкерді ауыстырды. «Өткелде ат ауыстырған» жігіттер жеңіске жете алмай біраз кібіртіктеді. Тек соңғы сәтте ғана Ширмялистің шәкірттері Қарағандының «Шахтері» мен Қызылорданың «Қайсарын» сырт алаңда ұтып, ойламаған жерден 4-орынға топ ете қалды. Былтыр […]

Катардағы әлем чемпионаты бүгінгі таңда жер бетінде жоқ қалада өтеді

Қатар мемлекетінің картасын алып, 2022 жылғы Әлем чемпионатының бірнеше матчтары өтетін Лусаил қаласын іздеу бос әурешілік. Мәселе Қатардың картографиясының жоқтығынанда, немесе «гуглдың| дұрыс жұмыс жасамайтындығында емес. Ондай қала жер бетінде жоқ. Жоқ, ол салынып жатыр, 2019 жылға дейін құрылысы да бітеді. Жалпы 8 жылдан кейін өтетін Әлем біріншілігі жаңа технологиялар қолданудың да адамзатты таңғалдырмақ. Бүгіннің […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.