Архивы за месяц Октябрь, 2017

Эрнесте Вальверде: «Олимпиакос» жанкүйерлері мені жылы қабылдауы тиіс

«Барселона» командасының бас бапкері Эрнесте Вальверде Чемпиондар лигасының ойыны алдында сұқбат берді. — «Олимпиакос» — «Барселона» ойыны қызықты өтетініне сенімдімін. Біз ішкі біріншілікте жеңіске жеттік. Басқа қарсыластарымыздың барлығында қиын ойындар болды. «Реал» «Жиронаға» жеңілді, «Атлетикода» ұпай жоғалтты. Сондықтан да, кез-келген матчқа дайын болуымыз керек. Мен бұрын «Олимпиакос» бапкері болдым. Сондықтан да, грекиялық жанкүйерлер мені жылы […]

Каземиро «МЮге» ауыса ма?

El Diario Gol агенттігінің хабарлауынша «Манестер Юнайтед» клубы Каземироны сатып алмақшы екен. «Реал» командасының жартылай қорғаушысы «қызыл сойқандар» сапына ауысуға қарсы емес. Ал Жозе Моуриньоға дәл қазір ортада ойнайтын мықты ойыншы керек. Себебі, Погба мен Феллаини жарақаттан көз ашпай жүр. Ал Маруан болса келесі жылы жазда келісімі аяқталып, өзге командаға тегін ауыспақшы.

Жезқазғандық студент ірі сома ұтты!

Небәрі үш ай ғана бәс тіккен жас жігіт ірі көлемде табысқа кенелді. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының тұрғыны, 21 жасар Нұржан 1000 теңге қойып 676 000 теңге ұтты. Ол Еуропа лигасының ойындарына экспресс жасаған. Барлық таңдаған 9 ойыны да дәл шығып, студент жігіт бір байып қалды. «Негізі футбол көргенде қызығырақ болсын деп бәс тігетінмін. Енді оның […]

Шымкенттің таланты — Санжар

2005 жылы дүние есігін ашқан Санжар Алқайдаров жайлы жылы пікірлер айтып жүрген жаттықтырушылар аз емес. Шымкент қаласының тумасы жасыл алаңда ерекшеленіп, талантымен бірден көзге түседі. 2015 жылы «Turkish Holiday — spring edition» жарысында «үздік жартылай қорғаушы» атағын жеіп алды. Ал үстіміздегі жылы Семей қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы атақты тағы да жеңді. Мынау Санжар жайлы […]

Франция «пәтер» мәселесін шешті

«Францияның ұлттық құрамасы Ресейде өтетін әлем чемпионаты барысында қай жерді паналайтындарын шешті» — деп хабарлайды Le Figaro. Аталмыш басылым құраманың неге бұл базаға тоқтауын былай деп түсіндіреді: «Дешам шәкірттері Мәскеуге қарасты Истра қалашығының базасында мекендейді. Бұл базаға жасаған таңдаулары — мейманхананың тыныш, әрі Мәскеуге жақын жерде орналасуында, себебі Ресейдің астанасында басқа қалаларға қарағанда көп ойындар […]

Бұрын футболшы — қазір елбасы

Кезінде Либерия ұлттық құрамасы мен лондондық «Челси», париждік «ПСЖ», итальяндық «Милан» сынды топ-клубтардың намысын қорғап, жасындай жарқылдап, 1995 жылы «Алтын доптың» иегері атанып, ал қазіргі кезде саясатқа белінен батып кеткен  Джордж Веа, әлемнің ең кедей мемлекеттерінің бірі — Либерияның президенті болып сайланды.

Платини: «Бәрін шешетін — ақша»

УЕФА-ның бұрынғы президенті, италиялық «Ювентустың» намысын қорғап жүріп, 3 мәрте Алтын доптың иегері атанған әйгілі Мишель Платини қазіргі футболдың жағдайы жайында өз ойымен бөлісті: «Қазіргі кезде футбол бизнеске айналды. Бәрін шешетін — ақша. Футболшылар тауарға айналды. Және олар қымбатырақ сатылуға қарсы емес түгілі арланбайды да». Руслан Мералиев

Салахтың қос голы Мысырға тарихи жеңіс сыйлады

2018 жылы өтетін ӘЧ-ның финалдық кезеңіне өткен алғашқы 15 құраманың ішіне Мысыр да енді. Олар шешуші матчта Конгодан 2:1 есебімен басым түсіп, тарихи жеңіске қол жеткізді. Бұл кездесудің бас қаһарманы ретінде англиялық «Ливерпульдің» шабуылшысы Мохаммед Салахты атап өтсек, артық болмас. Себебі осы ойында ол дубльдің авторы атана қоймай, кездесу бойы басынан аяғына дейін елінің намысы […]

Немістер жеңілуді білмейді

Йоахим Лев баптайтын Германия ұлттық құрамасы 2018 жылы өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің сырт алаңдағы соңғы кездесуінде Солтүстік Ирландияны  3:1 есебімен тізе бүктіріп, ӘЧ-ның финалдық кезеңіне жолдама алды. Осылайша «бундесманшафт» ӘЧ-на қатысу құқығымен қатар іріктеу ойындарында сырт алаңда жеңіліс тауып көрмеген команда ретінде қала бермек. Немістердің қонақта 46 кездесу бойы жеңіліссіз келе жатқан бұл сериясы […]

Дания Әлем чемпионатына бір қадам жақындады

2018 жылы Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы кездесуінде, «Е» тобында Дания өз алаңында Румыниямен 1:1 есебімен тең ойнады. «Тоттенхэм» клубының негізгі ойыншысы, АПЛ жұлдыздарының бірі Кристиан Эриксен Дания құрамасының лидері болды. Бірінші таймда толық шабуыл Эриксен арқылы жүріп жатты. Эриксен 59-минутта пенальтиден есепті ашып, Дания құрамасын алға шығарды. 63-минутта қонақтар он ойыншымен қалды. […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.