Архивы за месяц Ноябрь, 2017

Конфедерация Кубогы енді ұйымдастырылмайды

ФИФА 2021 жылдан бастап клубтар арасында әлем бойынша суперчемпионат ұйымдастыруымен қатар, конфедерация Кубогын жоюды жөн көрді, делінеді Marca басылымының хабарлауынша. Осылайша биыл Ресейде өткен конфедерация Кубогы соңғы болып есептеледі. Қазіргі сәтте суперчемпионаттың егжей-тегжейлері  талқылануда, дегенмен де жаңа турнирдің негізгі ережелері белгілі. Әлемнің ең үздік клубы 4 жылда бір анықталады. Аталмыш додада 24 команда қатыса алады. […]

«Манчестер сити» рекорд жаңартуға бір қадам жақындады

Ағылшын премьер-лигасының кезекті 14-ші турында өз алаңында «Саутгемптонды» қабылдаған «Манчестер сити» 2:1 есебімен тізе бүктіріп, жеңісті жолын одан әрі жалғастырды. Маусым алдында трансферлік терезеде жаңа ойыншылармен толықтыру үшін жұмсаған шейх Мансурдың қаражаты өз нәтижесін беруде. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінің жолдамасын елден бұрын иеленген «Манчестер сити» ішкі чемпионатта да жеңіліс дәмін татпай, турнирлік кестеде жеке дара […]

Ибрагимович рекорд орнатты

«Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович кеше рекорд орнатты. Ол «Базельге» қарсы ойында алаңға шықты. Осының арқасында ол Чемпиондар лигасының тарихында 7 бірдей командамен өнер көрсеткен алғашқы футболшы болып тіркелді. Осыған дейін ол рекордты Николя Анелька мен Хавьер Савиолалармен бөліскен еді.

Немістер жеңілістен аман қалды

2018 жылы өтетін ӘЧ-ның фавориттері болып есептелетін мундиальдың қазіргі жеңімпазы Германия мен соңғы ЕУРО-ның финалисі Франция ФИФА-ның жолдастық кездесулерге белгілеген мерзімін тиімді пайдаланып, немістердің Кельн қаласында жасыл алаңда жолықты. Қос ұжым жартылай қосалқы құраммен ойнаса да көпшілік көрермен күткендей, матч қызықты өтті. Әйтсе де екі азулы команда кім мықтыны анықтай алмай, 2:2 есебімен тең тарқасты. […]

Златан 2018-жылғы Әлем чемпионатына бара ма?

«Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Әлем чемпионатына баруы мүмкін. Швеция құрамасы Италияны айналып өткеннен кейін осындай ақпараттар тарауда. Әзірге Златанның өзі ештеңе деп айтпады. Алайда оның агенті Мина Райола бапкерлер оны шақырса, мен өзім оны жетелеп апарамын депті. Еуро 2016 жарысынан кейін Ибра құрамаға ойнамаймын деп шешкен.

Қарсылас таппай қиналды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл жанкүйерлерін қуанта алмады. Еліміздің басты командасы іріктеу турнирін өте сүреңсіз өткізді. Алты команданың ішінде 6-орын алды. Александр Бородюк баптайтын құрамамыз 2017 жылды қандай нәтижемен қорытындылайтыны белгілі. Енді ФИФА жолдастық кездесулерге белгіленген мерзімде ойын өткізуге қарсылас таппай отыр.

Еуропалық «Астана»!

Футбол клубтары арасындағы УЕФА-ның рейтингіне көз салыңызшы. 88 қатардан «Астананы» табасыз. Бұл межені қазақстандық клубтардың арасында бірінші болып бағындырған «Астана». Бір аттаса Мәскеудің «Динамосын», екі аттаса ағылшындардың «Эвертонын» қуып жететін әлеуеті бар. «Астана» Еурокубок ойындарында өз алаңында мүлдем ұтылмапты. 17 матчтың тоғызын ұтып, сегізімен тең түсіпті. Мадридтен «Атлетико» келіп гол соға алмай кетіпті, Лиссабоннан «Бенфика» […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.