Архивы за месяц Желтоқсан, 2017

Егде тартқан Панама, ұзынтұра Сербия, қандастарын жиған Морокко

Футболдан Әлем чемпионаты Қазақстанға мұнша жақын жерде әлі өтпеген еді. Мысалға мундиальдың ойындары өтетін Екатеринбург қаласы мен Қостанайдың арасы небәрі 540 шақырым ғана. Бұл Алматы мен Тараздың аралығымен бірдей. Әлем чемпионаты жайлы егжей-тегжейлі жазатын «Егемен Қазақстан» газеті бүгін сіздерге командалардың жас мөлшеріне, бойына байланысты мәліметтерін ұсынады.

Хави жайлы

2017 жыл. Футбол маусымы қалай өтті?

2017 жыл футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін сәтті болды деуге келмес. Өйткені, құрамамыз көрші Ресей жерінде өтетін Әлем чемпионатына қатысапайды. Әлбетте Бородюк командасының әлін білгендіктен мундиальға бара алмайтынын бесенеден біліп отырдық. Алайда, іріктеу турнирінде бірде бір матчта жеңіске жете алмай, ФИФА рейтингісінде құлдилаған құрамамыз өз тарихындағы ең төмен нәтижені тіркейді деп еш күтпедік. 

Роналду — 5 мәрте «Алтын доп» иегері

Кеше түнде Парижде жергілікті France Football басылымы өз әдетінен жаңылмай өткен жылдың ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» марапатын мадридтік «Реал» мен Португалия ұлттық құрамасының сұрмергені Криштиану Роналдуға табыстады. Дауыс беру барысында өзінің басты қарсыласы болып саналатын каталондық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессиден басым түскен Криштиану, бұл жүлдені 5-ші мәрте иеленіп отыр. Үздік үштікті футбол […]

«Астананың» ерлігі немесе тарихи жеңіс

УЕФА Еуропа лигасының соңғы 6-шы турында «А» тобында өнер көрсеткен  елордалық «Астана» сырт алаңда чехиялық «Спартаны» 0:1 есебімен тізе бүктіріп, плей-офф кезеңіне шықты. Чехтарға келесі кезеңге өту үшін тең есеп те жеткілікті еді. Сол себепті олар ойынды асықпай бастап, «уақытты барынша созып өткізуді» жөн көрді. Ал біздің жігіттерге жеңіс ауадай қажет еді. Сондықтан кездесудің басқалай […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.