Архивы за день Ақпан 2nd, 2018

70-тегі ақсақал: «Ескі құрам жаңа табыстарға жете алады!»

Қысқы трансферлік маусым Испания клубтары үшін де тартысты болды. Айналдырған бір айдың ішінде құны 315 миллион еуроға 57 келісім жасалыпты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Елдің бәрі алыс-беріс, барыс-келістің қамымен жүргенде Перес ақсақал жұмған ауызын ашпай, күңіреніп ұзақ отырды. Жастау кезінде клубқа ойыншы мен бапкер шақ келтірмеуші еді. Осы қыста ешкімді шақырмады, құрамдағы […]

«Аяғы ұзын» төрешінің тәртібі қаралды

«Нант» — «ПСЖ» ойынында Диего Карлосты теуіп, артынан қызыл қағаз көрсеткен 45 жастағы төрешінің теріс әрекетіне байланысты 1 лиганың тәртіп комитеті шешім шығарды. «Sky Sports» телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек,  Тони Шапрон 3 айға қызметінен босатылды. Оған қоса тағы 3 ай шартты түрде бақылауда болады. Көпшілік назарын аударған оқиға тіркелмес бұрын «жүйкесі жұқарған» маман осы маусымды […]

Марездің жағдайы мәз емес

Қысқы трансфер жабылғанымен оның айналасындағы дау әлі де толастаған жоқ. «Лестер» клубының ойыншысы Рияд Марез «Манчестер ситиге» ауыса алмағаны үшін командада жаттығудан бас тартқан. «Ауысым науқаны аяқталған соң алжир футболшысының өкпесі қара қазандай» — деп жазады ағылшын басылымдары. Жартылай қорғаушының бұл қадамы клуб басшыларының ашуына тиіпті. Осыдан кейін Рияд 2 апталық айлығы көлемінде, яғни 228 […]

Өзіл «өзімшіл» жігіт емес екен

Арсен Венгердің арқасынан бір ауыр жүк түскендей. Арсеналдың жартылай қорғаушысы Месут Өзіл лондондық клубпен келісім шартын ұзартты. «Daily Mail» таратқан ақпаратқа сәйкес, неміс құрамасының  ойыншысы 2021 жылға дейін «Эмирейтсте» доп тебеді және аптасына 340 мың еуро (теңгеге шаққанда шамамен 136 миллион) ақша табады. Өзіл ұзақ уақыт құжатқа қол қоюдан бас тартқан болатын. Бірақ, қысқы трансфер уақытында […]

Феллайни «Тоттенхэм» — «Манчестер Юнайтед» ойынына не үшін кіріп шықты?

Лондонда өткен «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» командаларының текетіресінде алаңға 2 таймның 63 минутында шыққан Маруан Феллайни небәрі 7 минуттан кейін өзін алмастыруды сұрады. Теледидар алдында отырған көрермендер, тіпті «Матч тв» арнасының комментаторлары Моуриньоның тактикасы күрт өзгерді ме деп топшылады. Бірақ, «Уэмблиде» 2:0 есебімен ұтылған манчестерлік клубтың бас бапкері ойыннан кейінгі баспасөз жиынында мәселенің мән жайын […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.