Архивы за день Маусым 11th, 2018

Сауд Арабиялық жігіт велосипедпен Ресейге жетті…

Сауд Арабиялық Фахад Аль-Яхия есімді жанкүйер, 75-күн бойы жол жүріп Ресейге келіп жетті. Ол велосипедпен 5145 км жол жүрген. 4-елдің шекарасынан өтіп, Ресейге 500-км қалған тұста жол апатына ұшыраған, соған қарамастан жаңа велосипед сатып алып, ақыры аяғы Ресей жеріне де жетті…Құрмет!

Игорь Зенькович: Көптен бері Қазақстан құрамасында ойнағым келеді

Игорь Зенькович: Көптен бері Қазақстан құрамасында ойнағым келеді. Қазақстан премьер-лигасындағы танымал шабуылшылардың бірі Игорь Зенькович Prosports.kz тілшісімен болған сұхбат барысында қазіргі клубындағы қиындықтар жайлы және ұлттық құрамаға неліктен іліне алмай жүргендігі туралы айтып берді.

Футбол тарихындағы ең ірі 9 әуе апаты

1. «Торино» трагедиясы Бүгінде бұл команда Италия А сериясының ортаң қол командасы болғанымен, бір кездері мемлекеттің ең бетке ұстар командасы болатын. 1949-шы жылдың 4-ші мамырында, «Бенфикаға» қарсы ойын өткізіп, Туринге қайтпақшы болған. Бірақ, қатарынан бес мәрте ел чемпионы атанған ұлы командаға Туринді қайта көру жазбапты. Құрамында 18 футболшымен қоса, жаттықтырушылар, журналистер бар ұшақ апта болfды. Бұл […]

Мұхаммед Салах: Алғашқы ойынға қатысуым әлі белгісіз

Ресей Федерациясына келген Мұхамед Салах жергілікті журналистермен тілдесті. — Алғашқы ойында алаңға шығу шықпасым әлі белгісіз. Дәрігерлер қалай шешім шығарарын білмеймін. Бірінші ойынға қатыспағаныммен, қалған екі ойында алаңда болуым керек — деп жауап қатты Салах.

«Астана» Асхат Тағыберген үшін 24 миллион төлеген

«Астана» клубы «Ақтөбеге» Асхат Тағыберген үшін 24 миллион теңге төлеген. Бұл туралы ақтөбелік команданың бұрынғы директоры Дмитрий Васильев өзінің Youtube-каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«АЙМАҚТАР КУБОГЫ — 2018» ТУРНИРІНІҢ ЖЕРЕБЕСІ ТАРТЫЛДЫ

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде әуесқойлар клубтар арасында «Аймақтар Кубогы — 2018» турнирінің жеребесі онлайн-конференция форматында тартылды. Жеребе тарту рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев пен клуб өкілдері қатысты. Жарысқа Қазақстанның әр өңірінен 8 команда қатысады. Олар «А» және «В» топтарына бөлінген. Қатысушы командалар Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстары […]

Әлем чемпионаты-2018. Кімге қанша қаражат беріледі?

Әлем чемпионаты 2018 жылғы ең маңызды спорттық жарыс екені айдан анық. Дүниенің ең мықты деген командалары алтын кубокке таласады. Алайда көптеген команданың ойында кубоктан бөлек ақшалай берілетін сыйақы тұратыны тағы белгілі. Тура Олимпия ойындарындағыдай әр елдің федерациялары өз командаларына сыйақы да тағайындап отыр. Оның үстіне ФИФА-ның беретін ресми бонусы тағы бар. Үстеме қаржы қанша миллион […]

Хорватия құрамасы Ресейдегі Әлем чемпионатынан зор үміт күтеді

Өткелде бапкер ауыстырып, аман қалды Хорватия біріншіліктің жасырын фаво­ри­ті саналғанымен, іріктеуден әрең өтті. Украина, Түркия, Исландия секілді мық­­ты ұжымдармен бір топқа түсіп, бір­ша­ма матч- та теперіш көрді. Исландия мен Түркияға қарсы өткен екі ойында да шақ­пақ жей­делілер жеңіліп қалды. Іріктеу аяқта­лар­да өз алаңында Финляндиямен тең түсіп қалып, күтпеген қиындыққа тап болды. Бірақ соңғы ойында Украинаны […]

Нүркен Мәзбаев «Тараздың» тізгінін ұстады

1972 жылы Жамбыл облысының орталығында дүниеге келген Нүркен Мәзбаев ұзақ жылдар «Тараз» және еліміздің басқа да клубтарында өнер көрсетті. 1996 жылы аталмыш команда сапында және 2000 жылы Астананың «Жеңісімен» бірге Қазақстан біріншілігінің бас жүлдесін олжалады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 13 кездесу өткізіп, қарсыластар қақпасын екі мәрте дәл көздеді.

Тобылдың бұрынғы ойыншысы венгиярлық клубқа ауысты.

Жақында ғана «Тобылдан» кеткен Антон Шиндер венгриялық «Кишварда» сапына ауысты. Ол «Тобыл»  сапында 6-ойынға қатысып, 4-гол соққан болатын. KazFootball

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.