Архивы за день Маусым 14th, 2018

ӘЧ: Бұл Бразилия бұрынғыдан өзгерек

Биыл Ресейде өтетін әлем чемпионатының бас­ты фавориттерінің бірі – Бра­зи­лия ұлттық құрамасы. Бір кездері дәл осы турнирде жұлдыздай жарқыраған Пеле, Гарринча, Ро­ма­рио, Рональдо, Ро­нал­­ди­­ньо секілді не­бір мар­қас­қа­лар­дың ізба­сар­лары би­ыл қан­дай жетістікке жетуі мүм­­кін?! Өткенге аздаған шегініс жа­сайық. Бразилия – әлем чем­пи­­онатында бес мәрте (1958, 1962, 1970, 1994, 2002) жеңіске жеткен әзірге жалғыз команда. Осы жетістігінің […]

Әлем чемпионаты. Кімдер фаворит? Кімдер сенсация жасауы мүмкін?

«Ордабасыны» Кахабер Цхададзе жаттықтырады

«Ордабасы» клубының бас бапкері Георги Дерменджиевтің орнына кім келетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.  Естеріңізде болса, болгар маманы Георги Дерменджиев 12 маусым күні қызметінен кеткен болатын. Оның орнына алматылық «Қайраттың» бұрынғы жаттықтырушысы Кахабер Цхададзе келеді. Бүгін грузин бапкері Шымкентте ұшып келді. Қос тарап бір келісімге келген. Ертең бұл туралы ресми хабарлайтын болады. Айта кетейік, Кахабер Цхададзе осыдан бір жыл бұрын «Қайрат» Еуропа […]

Әлемдегі ең қымбат футбол клубы анықталды

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы Forbes журналының тізген тізімі бойынша қатарынан екінші жылы әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанып отыр, деп хабарлайды басылымның ресми сайты. Өткен жылмен салыстырғанда «Манчестер Юнайтедтің» құны 12 пайызға өсіп, 4,123 миллиард долларға бағаланып отыр. 2017 жылы клубтың бағасы 3,69 миллиард болған еді. Екінші орында мадридтік «Реал». «Карольдік клубтың» құны 4,088 миллиард доллар. Өткен […]

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтеді

Аршавин Мәскеудегі Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады

Аршавин Әлем чемпионатының  ашылу салтанатына қатысады   Ресей құрамасының экс-ойыншысы, қазір алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Мәскеудегі Әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысады. 37 жастағы футболшы «Қайрат» ФК басшысы Қайрат Боранбаевпен бірге Ресейдің Сауд Арабиясына қарсы матчын тамашалайды. Аршавин сейсенбі күні Қазақстан Кубогы аясында өтетін «Қайрат» мен «Ертіс» арасындағы матчқа қатыса алмайтынын жеткізген болатын.

Неймар неліктен көз жасына ерік берді?

Бала күнгі бөлмесіне кіріп келген Неймар көз жасын тыя алмай қалды Бразилиялық бағдарламаға қонақ ретінде келген танымал футболшы көз жасына ерік берді. Неймардың бұл қылығына бағдарлама қызметкерлерінің жандандырған аяқдопшының бала күнгі бөлмесі болған. Ұсақ-түйектеріне дейін өз бөлмесінен айнымай қалған жерге кіріп келген ол қайталанбас әсер алды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Таксисттің «тірлігі»

Ресейдің мәдени астанасы Петерборда мәдениетсіздеу оқиға орын алды. Мамыр айының соңында келген Мексика құрамасының нәзік жанды жанкүйері 8-маусым күні такси жүргізушісіне 6 мың рубль беріпті. Кейіннен анықталғандай, жолаушы небәрі 2 шақырым жер жүрген. Такси жүргізушісі одан 7 мың рубль төлеуін талап еткен.

Бірінші минутта алаңнан қуылған кім?

Мундиаль тарихында жасыл алаңнан қуылған алғашқы футболшы – перулік қорғаушы Пласидо Галиндо. Ол байғұстың не бүлдіріп қойғаны бұ күнде ешкімнің де есінде жоқ: әйтеуір 1930 жылғы тұңғыш доп додасында, Румыниямен кездесудің 54-минутында төрешінің оған алаң сыртын нұсқағаны ғана мәлім. Ол уақытта мұндай жаза басқан ойыншыға көрсетілер арнайы «қызыл қағаз» да шықпаған кез, кейде «бұзақы» өзінің алаңнан […]

Әлем чемпионатының ашылу салтанатына 20 елдің басшылары қатысады

Мәскеуде өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанатына 20 елдің басшылары келеді, деп хабарлайды Proports.kz Айтулы додаға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та барады. Қазірдің өзінде Ресейге Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Руанда басшысы Поль Кагаме, Ливанның премьер-министрі Саад Харири және мыңдаған жанкүйер келіп қойған. Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатының ашылу рәсімі 14 маусым күні «Лужники» стадионында өтеді. Ресми […]

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.