темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Неміс африкада да неміс!

Екінші ширек финал анық фаворит пен осал қарсыластың арасында өткенімен, ойын барысында немістерге, яғни мықты деп саналған командаға әжептеуір қиындықтарды бастан өткеруге тура келді. Екінші тайм басында гол соғып барша неміс жанкүйерлерін тығырыққа тіреген Самарас, трибунада отырған канцлер Меркельдің өзін тыпыршытып жіберді. Бірақ, немістер өз дегендерін жасап қалды. Самми Хедираның соққан голы қайтадан басымдылық әперді. Ал бұл ойыншының ұлты неміс те емес екендігін айта кетуіміз керек. Месут Өзіл ұлты түрік болғанымен Германия құрамасының ойынын алға сүйреді. Польяк шабуылшысы Мирослав Клозенің үшінші голы тіпті бундес команданың жеңісін сенімдрек етіп, бекітіп берді. Әр ұлттың өкілдері алаңда доп тепкенімен, нәтижесінде Германия мемлекетін таныстырып келген құрама команда жеңіске жетті. Енді оның қарсыласы Англия немесе Италия арасындағы жұптың жеңімпазы.

ГЕРМАНИЯ — ГРЕКИЯ — 4:2 (1:0)

Голдар: Лам, 39 (1:0). Самарас, 55 (1:1). Хедира, 61 (2:1). Клозе, 68 (3:1). Ройс, 74 (4:1). Салпигидис, 89, с пенальти (4:2).

Германия: Нойер, Боатенг, Хуммельс, Бадштубер, Лам, Швайнштайгер, Хедира, Ройс (Гетце, 80), Езил, Шюррле (Мюллер, 67), Клозе (Гомес, 80).

Грекия: Сифакис, Торосидис, Папастатопулос, К.Пападопулос, Тзавелас (Фотакис, 46), Нинис (Гекас, 46), Макос (Либеропулос, 72), Маниатис, Кацуранис, Самарас, Салпигидис.

Ескертулер: Самарас, 14. Папастатопулос, 75 (предупреждения).

Төреші: Скомина (Словения).

22 маусым. Гданьск. «Арена Гданьск». 43 000 көрермен.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

1 комментарий к записи “Неміс африкада да неміс!”

  1. mrkmbai:

    Езил демей Өзил деп жазсаңдаршы! Негізі өз тілімізде солай дұрыс болады!


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.