темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Төртеудің қайсысы төрге озар екен?

Еуропа біріншілінінің шешуші сәтіне де келіп жеттік. Ширек финалдарды артта тастап кезекті жартылай финалға қалдырып отырмыз. Осы аптаның соңында төрт жылда бір болатын Еуропа чемпионатының жеңімпазын анықтаймыз. Ал бұл атаққа қол жеткізуге төрт ұжымның мүмкіндігі бар.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Роналду немесе Испания

Алдымен бүгін түнде ойналатын жартылай финалдық кездесу Португалия – Испания матчына тоқталсақ. Португалия дегенде жанкүйер қауымның аузына ең алдымен Криштиану Роналду түсетіні түсінікті. Әлемнің үздік ойыншысы атағын биыл алғысы келіп жүрген португалиялық шабуылшының осы Еуро додасында өзін толықтай көрсетіп қалудың реті туып отырған сыңайлы. Топ ішіндегі соңғы ойында ұлттық құрамасын екі гол соғып жеңіске жетелеген Роналду, ширек финалда Чехия қақпасына соғылған жеңісті голдың да авторы атанды. Бірақ, Криштиануды ұнатпайтын да жанкүйерлер жетіп артылады. Қазақстанда «Барселонаның» жанкүйерлері бұл ойыншыны жақтырмайды десек қателеспейміз. Ал, күллі әлемде олардың саны қаншама?! Егер бүгін түнде ойналатын кездесуде Криштиану тағы да командасын алға сүйреп, финалға шығарса онда Испаниядағы жанкүйерлердің дені Роналдуды жерден алып, жерге салуға дайын болады. Мадридтік «Реалдың» негізгі бақталасы «Барселона» ойыншыларының көбісі осы ойында жалғыз Криштиануға қарсы тұруды көздейтін болады. Ал Мессидің жанкүйерлері бүгін сондықтан да әлбетте Испанияға болысатыны сөзсіз.

Футболдағы фашизм

Германия мен Италиядағы футболдың қалай дамығаны жайлы біраз дүниелерді ақтарып көрсеңіз қызықты жайтқа тап боласыз. Екі команда да кезінде диктатор ел басқарып тұрған шақта ғана дені дұрыс доп тебе бастаған. Бір сөзбен айтқанда фашисттік қалыпты ұстанған екі мемлекет өткен ғасырдың отызыншы жылдарында-ақ футболға фашизмді араластырған. Міне, содан кейін Италия әлемнің төрт дүркін, Германия үш дүркін чемпионы атанған.

Темір тәртіпке бағынып, ұлттық намыс сынға түсетін сәтте тайқып қалмай, қолдан келгеннің бәрін жасау бұл осы екі ұжымның бүгінгі күні көрсетіп жүрген футболдарына тән ортақ қасиеттер. Сондықтан да, бұл теке тіресте анық фаворитті айту қиын. Дегенмен де, букмекерлік кеңселердің берген бағасына сенетін болсақ, Германия финалға бір табан жақын екен. Жалпы, ең әділ де, дәл бағасын санмен өлшеп беретін букмекерлердің ойынша ақтық сында Германияға Испания құрамасы қарсылас атануы әбден ықтимал.

Пікірлер

 

Ал «Манчестер Сити» командасының бас бапкері Роберто Манчини финалда Португалия мен Италия құрамалары ойнайды деп ойлайды екен. «Осы жақында ғана Чемпиондар лигасында ақтық сынға «Барса» мен Реал» шығады деп болжам айтылған еді. Бірақ, ең қызығы екеуі де жартылай финалда ұтылып қалды. Менің ойымша Еурода осындай жағдай қайталануы әбден ықтимал», — деп өз пікірін айтыпты бас бапкер.

 

Ғаламтор бетінде жүрген мәлімдемелердің ішінен Италия құрамасының ойыншысы Маркизионың айтқанын еске түсіре кетейік. «Ағылшындармен өткен ойында пенальти тебетіндер қатарында мен де болдым. Ойын барысында біз қатты шаршадық. Соның салдары болса керек, ойын соңындағы пенальтиге шығарда аяғым тартылып, қалтырап кетті. Сондықтан бас бапкерге айтып пенальти тебуден бас тарттым», — депті. Мінекей, Еуро кезінде аяқ қалтырап, ес кетіп жатқан шақтарда орын алуда.

 

Германия құрама командасының жартылай қорғаушсы Месут Өзіл осы Еуроның ең үздік ойыншысы ретінде Италия құрамасының жартылай қорғаушысы Андреа Пирлоны айтатынын жеткізді. «Оның ойынына қарап өзімді дәл солай ойнасам деп армандаймын. Италия құрамасын алға сүйреп келген Пирло деп сенімді түрде айта аламын. Ал оның Англия құрамасына соққан пенальтиі оны тіпті, әлемдік деңгейдегі мықты аяқдопшы екендігін дәлелдеді», — деді бундес команданың ойыншысы. Осы Еуропа біріншілігінің үздік ойыншысын УЕФА ақтық ойын аяқталысымен анықтайтын болады.

 

 

Жартылай финалдар

 
27.06 22:45 Португалия — Испания Донецк
28.06 22:45 Германия — Италия Варшава
 

Ширек финалдар

 
21.06 22:45 Чехия — Португалия — 0:1 Варшава
22.06 22:45 Германия — Греция — 4:2 Гданьск
23.06 22:45 Испания — Франция — 2:0 Донецк
24.06 22:45 Англия — Италия — 0:0 (пен. 2:4) Киев

 

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

14 комментариев к записи “Төртеудің қайсысы төрге озар екен?”

  1. Кереку:

    Германия финалга шыгып тур гой железняк!

  2. Бербатов:

    анау ойнымен Италия Генрманияны утады деу киындау. Финалга оган карсылас болуга Португалия шыкса жаксы болар еди.

  3. Елжас ӘУРЕН:

    Роналду бир гол урып алып шыгады Португалияны. Ондай болса Португалия чемпион болуы абден ыктимал. Онда Роналду биыл алтын допты алады.

  4. Коргаушы:

    Месси, месси деп шынгырасындар, Роналду озинин командалык ойынды керемет жасайтынын далелдеуде. Месси олай ойнай алмайды азирге.

  5. Роналду командасы ойнай алмаса ойнай алмайды ,ал МЕССИ өзі командасын алға жетелейді.Осы жылғы Еуро қызықсыз өтуде!Себебі Месси жооқ

  6. Abdi:

    Korgauwi degen pikir jazuwiga: Katty katelesesin Messi mikty futbolshy.Ol biyl ozinin ulttyk kuramasyn alga jeteleude.Argentina-Brazil 4-3 bolganda Messi 3 gol salgan bolatyn jane ozi aldap saldy.Messidei ewkim oinap jaritpas.Argentina kuramasy kuweigen.Biyl euro-2012 de Messi jok bolganson birturli eken.Birak biylda finalda Spain-Germany shigatyn shigar.Spain champion!!!

  7. Коргаушы:

    каблан сеники кур далбаса ангиме гой. месси, месси деп бир адамга табыну дурыс емес. акыл козбен карасай кишкене.

  8. Мұхамед-Али:

    Биыл, деп бастайын… Чемпиондар лигасын колына аталган аламаннын кубогын котермеген Челси алды. 2012 жал аладопта айтарлыктай озгерис акелсе, Португалия алуы керек. Себебі жартылай сынға жолда алған 4 команданың арасында Криштиану капитиан болып журген курама гана Еуропа женинпазы аталмаган. Жаксы ойынды жанкуйерлер корсин деймин… 4 таганы тен жартылай финалдан откендер чемпиондык атакка лайык…

  9. Мұхамед-Али:

    Жогарыдагы пикирлерге, бир-еки пайым коссам… Месси талант… Сондай-ак тагдыр бар ол ойыншыда. Бекер наукас болып Барселонада емделмеген бала. Иа Мессидин мына дуниедеги машыгы футбол екенин копшилик корип жур. Бул Криштиануды кирлететин кесим емес. Олда дарынды доп шебери. Казир осы еки ойыншыны салыстыру урдиске айналып барады. Бул кате, себебі екеуиде аланда барын салады. Бразилиялык Роналдинио, Португалиялык Роналду, Аргентиналык Месси созсиз тенбил доп тарихында олардан баска белди ойыншылар секилди калары айкын.

  10. mrkmbai:

    фашизм туралы сөз қозғағандарың тым ағаттық! Фашизм қай заманда болған, қазір қай заман?! Немістер 70 жылдардан бастап қана дұрыстап доп тебе бастаған! Ойлансаңдаршы кішкене!!!

  11. KABLAN, хехе ЕУРОнын ешкайсысында месси болмайдыго))

  12. Almas:

    Менің ойымша Партугалия Испаниядан ақтық минутқа дейін қорғанады, ал Португалия негізгі минутқа деиін гол жібересе пенальти де болып қалуы әбден мүмкін.

  13. Almas:

    Мен осы Еуро 2012 футбол додасын бізге барлық толық нұсқасын корсетіп жүрген Қазақстан арнасына рахмет және коментатор ағаларғада рахмет.Есей,Мәулен.

  14. Ермухамед Маулен:

    Мыркымбай, бул жагынан келиспеитин болсан маган звондашы 701 625 36 24


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.