темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Ол нағыз капитан!

finonchenko-

Бірнеше жыл қатарынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан «Шахтер» клубына шексіз берілген футболшы әрі команда капитаны – Андрей Фионченко.

Бірнеше жыл қатарынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп келе жатқан «Шахтер» клубына шексіз берілген футболшы әрі команда капитаны – Андрей Фионченко.

Әлем футболында тек өз командасына шексіз берілген футболшылардыңбір шоғырын атауға болады. Ол футболшылардың көпшілігі жанкүйер махаббатына бөленіп жатады. Мысалы, Паоло Мальдини «Милан» клубында 25 жыл жоғары деңгейде өнер көрсетіп, команда капитаны болды. Ол футболмен қоштасқанда клуб басшылығы Паолоға тиесілі 3-нөмірлі жейдені бұдан былай басқа футболшыларға бермеу жайлы шешімқабылдады. Сондай-ақ, Карлес Пуйоль, Алессандро Дель Пьеро секілді дара таланттарды да осы қатардан табылды. Ал біздің елден Руслан Иманқұлов, Сергей Мищенколарды айта аламыз. Енді сол тізімді «Шахтердің» қазіргі капитаны – Андрей Финонченко толықтырып тұр.

 

Андрей Финонченко 1982 жылы 21 маусымда Қарағанды қаласында дүниге келген. Оны футбол секциясына әкесі Юрий Финонченко жаздырады. Ол жерде Андрей даңқты балалар бапкері Анатолий Чудиновтің тобына түседі. Чудинов кезінде Николай Игамбердиев, Петр Асылбаев, Юрий Гриджан, Сергей Стукашов, Андрей Курдюмов, АсқарӘбілдаев сынды республикаға танымал футболшыларды тәрбилеп өсірген жаттықтырушы. Сондықтан Анатолий Владимировичтен тәлім алғандардың осал соқпасы анық. Өкінішке қарай, Чудинов өмірден ерте кетті. Сосын Андрейді әрі қарай «Шахтердің» бұрынғы сұрмергендерініңбірі – Генадий Костюченко жаттықтырды. Ол біздің кейіпкердің талантын ашып, шеберлігін шындай түсті. Оның алғашында қапталдағы қорғаушы болғанын біреу білсе, біреу білмейді. Тіпті, «Шахтердің» фарм-клубы, яғни «Юность» сапында сол қапталдағы қорғаушы болып өнер көрсетті.

 

«Шахтердің» бірінші командасына 18 жасында шақырылды. Оны «кеншілердің» негізгі құрамының жаттығуына шақырған Самвел Костандян болатын. Андрей дебюттік кездесуін 2001 жылы 28 сәуірде Көкшетаудың «Есіліне» қарсы өткізді. Бірақ, сол  кездесуде мергендігімен көзге түсе алмады. Алғашқы голын 2003 жылы Өскеменнің «Восток-Алтын» командасына соқты. Осы жылы 21 жастағы Финонченко 18 доп соғып, Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені атанды. Осыдан кейін оған қызыққан командалар көп болды. Бірақ, «Шахтерден» ешқашан өзге командаға ауыспайтынын мәлімдеді.

Сол жылдардан бері «Шахтерде» бірнеше бапкер ауысты. Сергей Гороховодацкий, Алексей Беленков, Сергей Мищенко, Есен Сыздықов, Андре Гуссет, Юха Малинен, Реваз Дзозуашвили, Владимир Чебурин,Асқар Әбілдаев, Виктор Кумыков соңғы 10 жыл көлемінде «Шахтерді» жаттықтырды. Солардың ешқайсы Андрейдің шеберлігіне күмән келтірген жоқ. Олег Корниенко спорттық мансабын аяқтаған соң, капитандық міндетті осы Финонченкоға сеніп тапсырды. Содан бері ол бұл міндетке селкеу түсірген емес. Команданы алаңға абыроймен бастап жүр.

12 маусым үздіксіз бір командада өнер көрсетіп келе жатқан Андрейдіңбасынан талай оқиға өтті. Бос қақпаға гол соға алмау, пенальтиден мүлт кету секілді келеңсіз сәттер оның өмірінде де бірнеше рет кездесті. Бірақ, ешқашан салы суға кетіп, мойыған жоқ. Әрдайым өзінің кемшілігін жойып, шеберлігін шыңдауда аянып қалған емес.

 

Андрей Фионченко – Қазақстан Кубогының жалпы тарихындағы бас мерген. Биылғы жылы іріктеу кезеңінде Семейдің «Спартагына» 21-голын соғу арқылы марқұм Олег Литвиненконы басып озды. Ал жартылай финалдағы «Ертіс» қақпасына соққан голынан кейін Мұрат Тілешевті де артқа тастады.   Андрей, сондай-ақ, «Шахтердің» тағы бір талантты шабуылшысы болған Руслан Иманқұловтың рекордын жаңартты. Кезінде Руслан «кеншілер» сапында Қазақстан чемпионатындағы ең көп гол соққан сұрмерген атанып еді. Енді, міне, ол рекорд та жаңарып отыр.

Андрей биыл нағыз бабында. Алаңда жиырмадағы жастармен бірдей тыным таппай жүгіреді. Еңбекқорлығымен танылған футболшы «Шахтердің» Еурокубоктағы жеңістеріне ерекше үлесін қосып жүр. ОныңЧемпиондар лигасы аясында «Селтик» қақпасына алғаш болып есеп ашқанын ешкім ұмыта қоймасы анық. Одан бері Еуропа лигасыныңтоптық кезеңіндегі Астанадағы екі ойында да қанжығасын майлады. «Маккаби» мен «АЗ Алкмаар» қақпашысы оның мықтылығын еріксіз мойындады. Сондай-ақ, «Шахтер» Алматыда «Қайраттан» үш доп айырмашылығымен ұтылып жатқанда, командасын жеңілістен құтқарған нағыз капитан!

 

Оның команданы қиын сәтте жеңілістен құтқаруы бірінші рет емес. Тіпті, биыл ұлттық құрамамыз Фарер аралдарынан Астанада ұтылып жатқанда, абыройымызды сақтап қалғанда осы – Андрей. Ол бұған дейін ұлттыққұрамаға бірнеше жыл шақырылмай жүрген еді. Еурокубоктағы Хижниченко екеуінің нәтижелі жұп екенін ескерген Беранек ұлттыққұраманың соңғы кездесулеріне шақырды. Ұзақ үзілістен кейін құрама жейдесін қайта киген шабуылшы екінші таймда өзінің алаңдағы пайдалы ойыншы екенін дәлелдей алды. Алдымен қарсыластың айып алаңында ойнақ салған Финоны Фарер қорғаушылары шалып шығып, төреші пенальти белгілейді. Оны Қайрат Нұрдәулетов сәтті орындайды. Сосын Андрей өзі жеңіс голын соғып, Қазақстанның іріктеу кезеңдегі алғашқы әрі жалғыз жеңісіне сүбелі үлесін қосты. Одан кейін Тронсхвенде өткенқарымта матчта ұлттық құраманы тағы да жеңілістен құтқарып қалды. Негізі ұлттық құрама сапындағы алғашқы ойынын 2003 жылы 6 маусымда Польша құрамасына қарсы өткізген. Ал 2004 жылы 19 ақпанда Кипрде Армения құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде алғашқы голын соқты. Сондай-ақ, 2007 жылы Шымкентте өткен «Алма- ТВ» кубогында жеңіске жетті.  Жалпы, ұлттық құрама сапында осы уақытқа дейін 19 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.

 

Жетістіктері:

командалық

Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2011, 2012 жылдары

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2007, 2009 жылдары

Қазақстан кубогының жеңімпазы: 2013 жылы

Қазақстан Кубогының финалисі: 2009, 2010 жылдары

Қазақстан Суперкубогының иегері: 2013 жылы

Алма-ТВ кубогының жеңімпазы: 2007 жылы

Жеке жетістері

Қазақстан біріншілігінің ең үздік сұрмергені: 2003 жылы

2003, 2006 жылдары Қазақстан біріншілігінің үздік 22 футболшысыныңқатарына енген.

Бек Төлеуов «Sport»

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

3 комментария к записи “Ол нағыз капитан!”

  1. Криштиану:

    Базар жок ойыншы АЗдан биз неге утылдык ойткени финонченко жок болды

  2. Ернат Темірбеков:

    ИЯ, нағыз капитан және дара капитан ұлттық құраманын да, Шахтердің де қаһарманы.

  3. Ернат Темірбеков:

    Ал, достар футбол фанаты болғаныма 6 жыл толып қалды, футболды жетік білемін жәнеде осы ҚАЗАҚ футболынан түсінгенім КФФ төрағалары дұрыс емес, осылардың орынына нағыз ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНА ЖАН АШИТЫН басшыларды отырғызу керек.Бәрі аннан қашқан,мыннан қашқан бастық сымақтар ақшаны футболға салып жатырмыз диді әрине мысалмен айтқанда ҚАЗАҚ ФУТБОЛЫНА 2млрд берді делік, соның 0.5 млрд өзі жесе, 1,5 млрдны шетелден алдыртқан намысы жоқ ойыншылар мен бапкерлерге берсе онда не өнім болады айтындаршы? Талант бола тұра, намысы болмаса ҚАЗАҚ футболына шақыртып не керекгі бар. Мен өзім Қазақстан ұлттық құрамасынынң бапкері болсам тек қана қазақтардан мықты құрам шығара алам мысалға: Жамбыл Көкеев, Ұлан Қонысбаев, Самат Сымақов, Нұрбол Жұмасқалив, Қайрат Нұрдаулетов, Бауыржан Байтана, Бауыржан Исламхан, Бауыржан Джолшиев, Руслан Сахалбаев айта берсен мықты-мықты ойыншылар шыға береді. Бәріне балта шаппай-ақ қояын шетелдік мықты ойыншыларда бар Шмидгаль өте тамаша дарынды ойыншы ойын мәнерін де шек жоқ ұлттық құрамада қалса осы қалуға ұяты жоқ футболшының бірі, біздің қазақ жерінде туылған орыс ойыншыларда мықтылар аз емес, Шомко, Хайрулин, Финонченко, Хизниченко, Сидельников, Мокин сынды тамаша қақпаға жақсы тұратын, көк аланда самғап ұшатын ойын өрнегін жетік менгерген орыс ойыншыларда бар. Ал бәріміздін көкейде жүрген жалғыз арман осы деп оялаймын жәнеде Остопенко, Гридин, Коропкин, Богданов, Димитренко деген арттарын көтере алмайтын ойыншыларды мүлдем қазақ футболынан көргім келмейді.Айттайын дегенім осы ызадан туған пікірім осы.


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.