темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Қазақ футболына көшбасшы керек

Не нәрсенiң де мақсаты болады. Сол мақсаттың жолында өшпес арман атты тәмсiл қатар қалықтайды. Аңсаған арманға жету үмiтпен өлшенетiнi тағы бар. Бiз айтып отырған мақсат, арман, үмiт атты дерексiз зат есiмдер неден туындауы мүмкiн? Бiз қай кезде әлсiзбiз, қай тұста көп армандаймыз?

Айтпағымыз елдiң саясаты емес, халықтың әл-ауқаты емес, тонның iшкi бауындай шырмалған көп дiндiлiк те емес. Көптiң көңiлiнен шыға алмай жүрген бiрегей нәрсе – ол қазақ футболы. Аяқ доп өнерi әлемдiк спорт саласындағы командалық сипаттағы ең белсендi ойын. Оған ешкiмнiң дауы болмас. Статистикалық мәлiметтерге сүйенер болсақ, адам баласының ең көп қызығатын дүниелерiнiң бiрi есiрткi көрiнедi. «Дiн – апиын» деген қолданыстағы тiркестiң өзi осыдан шықса керек. Ал одан кейiнгi пенде атаулының көп қызықтайтыны – осы аяқ доп өнерi. Әйтсе де, жасыл алаңда ала доп тебушiлерге деген қазақи көзқарас қалай? Өкiнiштiсi, қазақ футболының көрсеткiшi тым артта қалған. Оны халықтың бағалауы да мәз емес. «Қазақтың футболын қойшы» деген сөздi жиi естимiз. Яғни, бұл – қазақ футболы көптiң алғысын ала алмай жүр деген сөз. Құрамада өнер көрсететiн 11 ойыншыға деген халықтың өкпесi де қара қазандай.

Бiле бiлсеңiз, әрбiр нәрседе де «көшбасшы» деген ұғым қатар жүредi. Ендеше, әлемдiк спорт саласындағы көшбасшы деп футболды санаймыз. Өмiрдiң спорт атты жолынан қаншама саңлақтар жүрiп өттi. Оның бiрi есiмiзде, ал бiрiн ұмытып қалдық не болмаса мүлдем естiмегенбiз. Бiрақ, футбол құдайы саналатын бразилиялық Пеленi, басқасын былай қойғанда, бесiктегi баланың өзi бiледi. Тiлi жаңа шыққан баланың мамасы – Марадонна, папасы – Пеле. Бразилиялықтар мен аргентиналықтар осы екi есiм арқылы өз мемлекетiн бүкiл әлемге танытып отыр. Осы екi тұлғаның iзiмен бұл мемлекеттерде үздiксiз жалғасып, жаңа есiмдер пайда болып жатыр. Оңтүстiк Америкаға саяхатымызды тоқтата тұрып, аунасақ иығымыз тиейiн деп тұрған көршiлерiмiзге назар аударайықшы. Бүгiнгi таңда, әлем халқы Медведевке қарағанда Аршавиндi жақсы таниды. Себебi, Андрей Аршавин бүкiл ел үмiт еткен орыс футболының тiзгiнiн ұстап тұр. 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатында «айналайын, Аршавин» деген сөздi орыс тұрмақ, қазаққа дейiн айтып қалды. Жылы сөзiмiз қазаққа емес, айдаладағы Аршавинге бағышталып жатыр. Әлемдiк тiзiмде 130-орынға әрең деп қол жеткiзгенiмiздi мақтан санап отырғанда, өзбек ағайындар шаңына iлестiрмей, алыстан қол бұлғап кетiп барады. Қазақ футболының дәрежесi Ресей құрамасына жетуiн қайдам, өзбектерге-ақ жетiп алса, бөркiмiздi аспанға атар едiк.

Тағы бiр көршiмiз бар. Ол – Қытай елi. Олардың да жағдайы бiздiкi секiлдi. Екi елдiң ауруына бiр ем керек. 1,5 миллиард халықтың iшiнен жөнi түзу 11 футболшы көрiнбей отыр. Бiрақ бiзге осыдан кейiн «15 миллион адамның iшiнен қалай шықпақ?» деп сылтауратудың қажетi шамалы. Себебi, аспанасты елi футболсыз-ақ спортын ретке келтiрiп алған. Бiлгiштердiң айтуынша аяқ доп өнерi қытайлықтардың қанында жоқ құбылыс көрiнедi. Бiрақ, футбол тарихын зерттеушiлер ағылшындар бұл ойынды негiзiнен қытайлардан алған деседi. Қанында жоқ қасиет туралы сөз қозғау қаншалықты шындыққа жанасады екен. Әншейiнде, қазақ қандай нәрсенi болсын тез игерiп кетедi деушi едiк қой. Ендеше гол соғуға неге батылымыз жетпейдi. Мүмкiн бұл батырдың жоқтығынан не болмаса бапкердiң бостығынан шығар. Қазақтың белгiлi спорт шолушысы Амангелдi Сейтханның «Қазақ футболына Гус Хиддинк түгiлi жүз Хиддинк келсе де, дәл осы қалпында қала бередi» дегенi бар. Мүмкiн бұл сөз бiр сәттiк қазақ футболына деген ренiш үстiнде туған пiкiр болар. Әйтпесе, қаншама уақыт қарайып қалған орыс футболы осы голландиялық бапкердiң еңбегiмен қайта тiрiлдi ғой. Кейiнгiге куәгер өзiмiз, Гус Хиддинк барған жерiнiң бағын ашып жатыр емес пе? Өткен маусымда Ресей құрамасын ширек финалға дейiн апарып, аты шулы испандықтардан ғана тiзе бүккенi есiмiзде. Одан кейiн ағылшындық «Челсидiң» қожайыны, қалталы жiгiт Роман Абрамовичтiң разылығына ұшырап, 2002 жылы әлем чемпионын жасаған бразилиялық бапкер Луис Филипе Сколаридiң орнын басқаны тағы бар. Демек, өшкенiмiздi жаңғыртуға, өлгенiмiздi тiрiлту үшiн осындай бапкердiң ауадай қажет болып тұрғанын сезбейтiн шығармыз. Қазаққа бiткен бапкердiң барлығы әйтеуiр жарамсыз болып шығып жатыр. Содан кейiн ғана қазақ футболының диагнозын дәл қойып айта аламыз. Спорт шолушысы Амангелдi Сейтханның айтқан пiкiрiнiң дәлдiгiн де сол кезде ғана ажырата алатын болармыз.

Өткен жылдың күзiнде Ресей Ұлттық құрамасы мен Қазақ Ұлттық құрамасының арасында футбол бәсекесiнен жолдастық кездесу өткен болатын. Осы ойында жерлестерiмiз 6:0 есебiмен ойсырай ұтылғаны есiмiзде. Ұтылғанымыз былай тұрсын, мұның арты одан да үлкен абыройсыздыққа ұшыратты. Ойын бiткеннен соң, Ресей құрамасының аяқдопшыларының берген сұхбатында «Қазақ футболының дәрежесi бiзден әлдеқайда төмен» дегенiнен мына қара құлақ хабардар. Дәл осындай жеңiлiс Түркия құрамасымен кездескенде де болған. Олар не демедi дейсiз? Демек, бiз аяқдоп өнерiн бiр жолға қоюымыз керек. Әйтпесе, әлгiндей сөздi өзбек ағайындардан да естiп қалуымыз ғажап емес.

Қазақ футболына орыстардың – Аршавинi, уругвайдың – Форланы, балгарлардың Бербатовы секiлдi көшбасшылар керек. Бүткiл командадағы тепе-теңдiктi сақтайтын күдiре футболшы керек жасыл алаңға.

P.S. Жоқ, жоқ деп қайғыра берудiң де қажетi шамалы. Қазақтың футболдан бөлек спортында жетiстiктерiмiз жоқ емес. Оның барлығын тiзбектеп отырғымыз да келмейдi. «Бiрағы» тағы бар, футболсыз қазақ спорты аяғын тең баса алмай отыр. Қай мемлекетке қарасаңыз да, қаржының барлығын осы спорт түрiне аямай төгiп, тiптi шоу-бизнеске айналдырып жiбердi. Өйткенi, футбол өнерi әрбiр мемлекеттiң спорттағы әлеуетiн көрсететiн спорт бәсекесi. Жағрафиялық бiлiмi таяз небiр жандар Сенегал, Камерун секiлдi мемлекеттердiң қайда орналасқандығын осы аяқдоп өнерiнiң себебiмен танып жүр. Ал бiздегi жағдай мүлдем басқаша. Алға қарай жылжудың орнына, артқа қарай сырғып бара жатырмыз. Мысалы, өткен жылы Алматы қаласының намысын қорғайтын қазақ премьер-лигасында бiрде-бiр команда болмады. Мұның барлығын бiр сөзбен «дағдарыс» деген сылтаумен жауып тастады. Егер дәл осылай «дағдарысты» дәйек ете берер болсақ, қазақ футболынан мүлдем айрылып қалуымыз мүмкiн. Мақсатымыз маңызды, үмiтiмiз үзiлместей, арманымыз амалмен орындалатын күн тудыру үшiн не iстемек керек? Ұлттық құрамаға шетелден футболшы әкеле алмаймыз, есесiне шетелден бапкер әкелу құқығына иемiз ғой. Әзiрге Бернд Шторктың орны қаңырап бос тұр.

Арнайы жаңадан тұсауын

кескелi отырған www.aladop.kz

сайты үшiн  Жандос БАЙДІЛДА

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

17 комментариев к записи “Қазақ футболына көшбасшы керек”

  1. Baha:

    Жандос БАЙДІЛДА… ну Проблемалар коп Биздин Футболда .. Федерация курылганынан бастап аксандап кележатыр.. али бир Айтатындай Достижение Дейди го Ондайымыз жок .. тек гана ФИФА га Кирдик УЕФА га кирдик болды АСТАНА аренаны салдык .. а Бизге Ойын керек Ойнап билетин Курам керек… Мен Ойымша Халык дурыс айтады Сыртан Келген Бапкерлер далбаса биздерге ЕКИ ГУС ХИддинг ти койсада Ешнарсе Озгермейди.. Биздин Курамымызга байланысты Жане тобеде Отырган кисилерге.. Мен ойымша Мемлекет айагына Турып калды .. Футбол Керек.. бизге ЕЛИМИЗ КОК БАЙРАГЫМЫЗДА КОТЕРГИСИ келсе тек гана Экономика жане Саясаты козгамау керек Жане Спорты … ишинде ФУТБОЛ АБЕЗАТЕЛЬНО … неге десениз Футболды букил Мемлекет кореди .. ..менин ойымша Футболда Салмагы бар Адамдарды жинап Жиналыс откизип шешу керек ..

  2. Нұрислам:

    Көшбасшы? Мені ойнатып көріңдерші!

  3. Многие фото с автографами вы не найдете в Интернете. Для получения фотографии без ватермарка (водяной знак – надпись
    голая моника беллуччи ),
    оставляйте запрос с указанием адреса электронной почты в комментариях.
    роман павлюченко фото
    Лауреат премии «Золотой глобус» за 1995 год («Двенадцать обезьян»), дважды номинировался на премию «Оскар».

  4. Раскрутить сайт самостоятельно раскрутить блог это легко. Читаем Уроки — узнаем! Смотрим контекстная реклама сайта — практикуем!

  5. Торрес:

    Қазақ футболы дамуы үшін,1-щі федерациядагылар түгелдей қазақ болуы керек,2-ші ұлттық құрамадағыларда қазақ болуы керек,3-ші егер орыстар мен қазақтар ойнаса біздің құрамадағы орыстар орыстарга бүйрегі бұрмасына кім кепіл,сондықтан Қазақстан болған соң қазақтар ойнауы керек!!!!!!!!!!!!!!!!!

  6. Erlan:

    Totrres senimen kelisemin kyramada kazakhtar oinau kerek

  7. Куаныш Тунгатар:

    Мына жанайкайын еттен отип, суйекке тиеди екен, Жандос! Казактын кара тілімен жетер жеріне жеткізіп жазыпсын. Ендігі жастар коп үміт күттіреді. Қазақ аяқдобы жерде қалмайды.

  8. қанатбек Үсен:

    «кісі жалдаган сөзге жарымайды»-деген ғой қазақ атамыз, қазақ фудболын орыстар дамытады дегенге сенуден халык шаршады. айтындаршы неге қара көздеріміздің қатары сирек?

  9. Аскар:

    Бұларын жөн жігіттер. Қазақтар болмай қазақ футболы көтерілмейді. Байдың балдарымен тек өзімізде доп тебе аламыз. Қазақ футболын аяққа тұрғызу үшін мектептегі сыныптар арасында Лига құру қажет. Мысалыға алсақ Мақтарал Футбол Лигасы. 4 — 5 жылда Мақтаралдан жұлдыздар шығады. Егер қалталы азаматтарымыз соларды көтерудің орнына сөндіріп тастамаса. Біздерге шетелдік бапкерлер мүлдем қажет емес. Мысалы ауыл-ауылды араласа бір ұлттық құрама команда шығаруға әбден мүмкіндік бар. Бұның мүмкін екенін Республикамыздың үлкен азаматтары да біледі.

  10. Mazhitov Rishat:

    Ең алдымен ел біріншілігін жүйеге кою керек, 16-18 команда ұлттық премьер лигада ойнау керек, 1 лиганың ойынына үлкен мән беріп дамыту керек, Ресей және басқа елдерден келген келімсектерге жеңіл түрде азаматтық бермеу керек, ұлттық құрама сапын жергілікті каракөздермен көбейту керек әйтпесе алаңға шығатын 11 жігіттің атап айтсақ Сидельников,Рожков,Дмитриенко,Богданов,Коробкин,Хайруллин негізінен казакка сокпайтын Ресейге жарамсыз келімсектер, олардың орнына неге Шмидтгаль сияқты өз немістерімізді шақырмасқа Каримов пен Энгель соңы кездері шақырту алмай калды,Юдт,Нойбауер,Мюллер,Евсеев сынды жігітттерді, жалғызевропадағы бауырымыз Мұра Оңалды, мүмкін неміс, түрік лигаларында доп тебетін этникалық қазақ бауырларымыз болар соларды шақыру керек Бекбаев деген какпашы бар Сидельниковтен ещ кем емес, Жұмабаев, Сахалбаев,Сабалақов,Тәжібайұлы,Кенбаев деен жастар құрамасында жарқылдаған бауырларымыз қайда жүр, үлкен өзгеріс керек футболымызға

  11. Mazhitov Rishat:

    Менің ойымша Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтыруға ҚҰрбан Бердыевты, немесе өзіміздің Асқар Қожабергенов,Талғат Байсуфинов, Дмитрий Огай немесе мықты футболшы болған жас бапкерлерге, әлем тәжірибесінде бар гой Нүркен Мазбаев, Манар Нуфтиев т.б мүмкіндік беріп көру керек сияқты, ана Бауыржан аға Сарсекеновке неге сенім артпасқа, Бахтияр Байсейітов ағамыз бар, екеуіде қанаттас кезінде Құрбан Бердыевпен жұмыс жасады ғой, Құрбан Бердыев Бахтияр ағайдың көмекшіс болған Қайратта

  12. Улттык кураманы тузеу ушин барин басынан бастау керек.Жогарыдагы КФФ-тан бастап барин…!

  13. Eldegi komandalardi ekige bolip eldegi legionerler baska komanda kurip alsin.Sosin legionerler men kazaktar oinasin.Bizde de mikti oiynwылар бар гой мысалы Жамбыл Кокеев,Жумаскалиев,Нурдаулетов дегендей

  14. Kazaktar namisimiz kaida,kazak bolip turip elinin namisin korgamau sumdik narse goi kazaktar oinaik, kazaktardi jinaik, rossia tugil, ispaniani airaik

  15. Казак фудболы даму ушын ,казакстан ауыл аимактарына фудбол уйырмелер кружоктар,шагын стадиондар тургызылу кажет,ауылда каншама талантты фудболга кызыгатын казак балдары каншама?егер казакстан фудболга катты коныл берып ,кириссе 5-10 жылда казак фудболы европа денгейне жете алады.мысалы англяда жаттыктырушылар ауылдарды аралап,ауыл фудболын кореды екен.ышынде талантты баланы байкаса ,ол баланы клуб академиясына окыпып даиындайды екен .керемет.менын ойым ауылда талантты фудболистер коп .ауылга коныл болсе ,казак фудболы дамып кетеды

  16. Самат:

    фудбол менин бала кезден келе жаткан арманым еди,осы Казакстан фудбол курамасына ма?академиясына ма кирсем дебедим,фудболды катты жаксы корем кишкентаиымнан оинаимын ол оиынды бирак арі карай котериле алмай жатырмын,мен умитти актай аламын.Мен 94 шы жылгымын шымкенттен болам. ОТИНИШ

  17. Дәке:

    Халыққой қазақ деген аз-ақ қана, Қазақтың жанашыры қазақ қана. Толық құрамда қазақтар ойнамаса қазақ фудболының жеңісін армандамай-ақ қойыңдар. Аспанда ұшқан қырандай жасыл алаңда жарып тұрып гол салатын қазақ жігіттері жеткілікті. Қазақтың қамын ойлайтын ағалардың құлағына алтын сырға оларды ауылдан іздесін. Немесе маған келсін тауып берем. (Дәрмен Дәурен)


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.