темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Қыздарға қызық кеңес

 

Жігіттер қауымы футбол десе ішкен асын жерге қояды. Ал қыздарды бұл сала көп қызықтыра қоймайды. Міне, осындай көзғарастың кереғарлығынан махаббаттасып жүрген қыз-жігіттердің арасында кикілжің туылып жатады.
Келесі жазда жігіттер үшін төрт жылда бір келетін теңбіл доп тойы болмақшы. 90% жігіт теледидарға телміретін болады. Осы кезде бал жаласқан ғашықтардың арасында кейбір реніштердің туылмауы үшін арулар қауымына азырақ ақыл көрсетейін…
«Толық көрсету..»
……………………………………………………………………………………………………………………..
1. Келесі жылы әлем чемптонаты Бразилияда өтеді.
……………………………………………………………………………………………………………………..
2. Қыздар, ерекше ескерту, қазыр Англия құрамасында Дэвид Бехэм ойнамайды. Ол футболдан кеткен.
……………………………………………………………………………………………………………………..
3. Аға жүлдегерліктен үміткерлер Бразилия, Испания, Германия және сенің жігітіңнің сүйікті командасы екенін ұмытпа.
……………………………………………………………………………………………………………………..
4. Ол жарыс көріп отырғанда, 22 жындының бір допқа таласқан ақымақтығы деп айта көрме. Онда ол сөзсіз жынданатын болады.
……………………………………………………………………………………………………………………..
5. Осы аралықта ерлердің ойында тек сол күні болатын ойындар ғана жүреді. Одан әсте бүгін қандай күн деп сұраушы болма. (тіпті, алғашқы сөз байласқан күндерің болсада.) Егер ол бүгін Испания мен голландия кездеседі деп жауап берсе қандай көңіл-күйде болатыныңызды ойлаңыз.
……………………………………………………………………………………………………………………..
6. Жарыс уақытында жігітіңізбен кезіккіңіз келсе, ойыңыздан қайтыңыз. Төрт жылда бір келетін «тойына» құрмет ете салыңыз.
……………………………………………………………………………………………………………………..
7. Ол сеннен қай команданы қолдайтыныңды сұраса, әсте «Реал» немесе «Барселона» дей көрме, олар клуб. Қанша мықты болсада әлем чемпионатына бара алмайды.
……………………………………………………………………………………………………………………..
8. Келбетті ойыншылар ең көп команда- Испания. Егер сен осы команданы жақсы көрсең, ол себібін сұрай қалған жағдайда, «Олардың ойын мәнері ұнайды»-деп жауап беретін бол. Әсте ойыншылары жайлы сөз қозғама.
……………………………………………………………………………………………………………………..
9. Егер ол сенің қай футболшыны ұнататыныңды білгісі келсе, әсте Роналду, Кака сынды келбетті ойыншыларды атай көрме. Дрогба немесе Рибери деп жауап берсең «құдада тыныш, құдағыйда тыныш болады».
……………………………………………………………………………………………………………………..
10. Егер ол саған қайдағы бір елдің, болмаса футболшының атын айтып кетсе, әсте қапаланба. Қайта ұнатпасаңда тыңдай салуға тырыс.
……………………………………………………………………………………………………………………..
11. Егер екеуің қолдаған команда бөлек болса, оның командасының жеңуін тіле. Сен өз командаңды тек іштей қолдайсың. Ал ол көп мөлшерде ақша тігіп қойған болуы мүмкін.
……………………………………………………………………………………………………………………..
12. Оның бір ай әлем чемпионатын тамашалағанна ашуланба. Осы аралықтағы барлық кездесудің уақытын қоссада, оның далада сенің киініп шығуыңды күткен уақытынан қысқа екенін ұмытпа.
……………………………………………………………………………………………………………………..
13. Екеуің сөйлесіп тұрғанда оның ойы он саққа бөлініп тұрса, ол басқа қызды ойлап тұр деп алаңдама. Ол сол күнгі кездесуді ойлап тұр.
……………………………………………………………………………………………………………………..
14. Әрине, бұларды әзіл үшін айтып отырмыз.

Қуанышхан ӨМІРХАН

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

6 комментариев к записи “Қыздарға қызық кеңес”

  1. Aibek Semak:

    хаха))) Приколист екенсіңдер.

  2. Ернат Темірбеков:

    Мен футбол көріп отырғанда ешкім мән бермеймін басқа әлем де жүргендей күй кешемін жұмыс бәрін ұмытамын, екі көзім телміріп футболда тұрады, мына жазылған кеңестер қыздарға қанша керек болсада мен қыздардың футбол жайлы маған жаман пікіріне келіспейтінімді айтып тастар едім.

  3. Нурдаулет:

    куанышхан омирхан рахмет оте керемет жазылыпты, бул макаланы суйiктiме арине окытам!

  4. Арсенал фанаты:

    керемет макала


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.