темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Неміс Бундеслигасы

Бундеслигада, сенбінің соңғы матчында, турдың орталық матчында леверкузендік «Байер» мен гельзенкирхеннің «Шалькесі» кездесті. Сами Хюпия шәкірттері соңғы ойындарда тұрақты ойын өрнегін көрсете алмай жүр, аутсайдер «Фрайбургке» жеңілді, Германия кубогінде де жарыс жолын тоқтатты. Ал, «Шальке» соңғы 3 ойынның 3-еуінде де жеңіс тойын тойлады. 

Ойын алаң иелерінің басымдылығымен басталғанмен, бірінші таймның ортасында Горецка голынан кейін, Гельзенкирхеннен келген қонақтар есеп ашты. Бірінші бөлік те есеп өзгермей, екінші бөлікте Хьюпия шәкірттері есепті теңестірді. Қарсыластың қорғаушысының көмегімен. Алаңның шетінен асырылған пастың жолына Фелипе Сантана бөгет боламын деп, футбол снарядын өз қақпасының төріне бір-ақ тоғытты. Таблода тең есеп тіркелгеннен соң, екі ұжымда да алға шығар мүмкіндіктер болғанымен, сәттілік қонақтар жағында болды. «Шалькенің» үздік ойыншысы Хунтелаар, Фарфанның әуелеткен пасын ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды. 1-2. Ал, алаң иелері оынның аяғына дейін тым болмаса 1 ұпайға да қол жеткізе алмады. Негізі, ойын өте қызықты, тартысты өтті. Егер, «Шальке» осылай сенімді ойын өрнегін көрсетуін жалғастырса, онда Чемпиондар Лигасында «корольдік клубтың» ойыншылары айтарлықтай қарсылыққа тап болуы әбден мүмкін.

 

15 ақпан. Леверкузен. Стадион «БайАрена».
Төреші — Михаэль Вайнер (Гюйсен).

БАЙЕР — ШАЛЬКЕ 04 — 1:2 (0:1)
 Горецка, 28 (0:1). Фелипе Сантана, 66-өз қақпасына (1:1). Хунтелар, 74 (1:2).
Байер Шальке 04
 Бернд Лено  Ральф Фарманн
 Себастьян Бениш  Сеад Колашинац
 Эмир Спахич, 60  Фелипе Сантана
 Филипп Вольшайд  Жоэль Матип
 Роберто Хильберт  Тим Хоогланд, 88
 Гонсало Кастро  Роман Нойштэдтер
 Симон Рольфес  Кевин-Принс Боатенг
 Ларс Бендер, 87  Леон Горецка, 79
 Сон Хюн Мин, 82  Макс Мейер, 84
 Эмре Джан  Джефферсон Фарфан
 Штефан Кисслинг  Клаас-Ян Хунтелар
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Эмер Топрак, 60  Кристиан Фухс, 79
 Юлиан Брандт, 82  Каан Айхан, 84
 Йенс Хегелер, 87  Кирьякос Пападопулос, 88

Ескертулер:

 Эмир Спахич, 30  Леон Горецка, 33
 Ларс Бендер, 41  Жоэль Матип, 89
 Себастьян Бениш, 50  Джефферсон Фарфан, 90+3
 Эмре Джан, 83

Германияның тамаша стадионы «Алянс-Аренаға», қонаққа «Фрайбург» келді. Аутсайдердің Бавариямен матчта, тіпті 1 ұпайға да қол жеткізуі қиын. Әрине, егер мюнхендіктер 3-ші құрамын шығармаса, бірақ, онда да күмәнді. Гвардиола шәкірттері соңғы 5 ойындағы доп айырымы, кез келген ұжым қызығарлықтай 16-1! Кездескен қарсыласын тас-талқан етуде. Бүгін де білгенінен жаңылған жоқ. Кездесу тағдырын бірінші таймда-ақ шешіп, жауапсыз 3 гол тоғытты. Қорғаушы Данте, 19-ші минутта есеп ашты. Бірінші таймның аяғына дейін жартылай қорғаушы Шакири өз еншісіне дубль жазып, таблодағы есепті 3-0-ге жеткізді. Екінші бөлікте де сол сценарий, «Бавария шабуылдады», қонақтар қорғаныста қорғанды. Қанша қорғанғанмен, қақпаларын тағы бір голдан аман алып қала алмай, Клаудио Писарро соққысынан кейін, кезекті рет аладопты тордан алып шықты. Пеп Гвардиола шәкірттері көтеріңкі көңіл күймен, «Арсеналмен» кездесуге дайындалуда.

 

15 ақпан. Мюнхен. Стадион «Альянц Арена».
Төреші — Гвидо Винкманн (Керкен).

БАВАРИЯ — ФРАЙБУРГ — 4:0 (3:0)
 Данте, 19 (1:0). Шакири, 34 (2:0). Шакири, 42 (3:0). Писарро, 88 (4:0).
Бавария Фрайбург
 Мануэль Нойер  Оливер Бауманн
 Диего Контенто  Кристиан Гюнтер
 Бонфим Данте  Иммануэль Хён
 Хави Мартинес  Павел Крмаш
 Марсио Рафинья  Оливер Сорг
 Филипп Лам, 64  Желсон Фернандес
 Джердан Шакири, 61  Маттиас Гинтер, 69
 Томас Мюллер  Феликс Клаус, 62
 Тони Кроос  Владимир Дарида
 Арьен Роббен, 78  Джонатан Шмид
 Клаудио Писарро  Адмир Мехмеди, 81
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Бастиан Швайнштайгер, 61  Себастьян Керк, 62
 Марио Гётце, 64  Юлиан Шустер, 69
 Даниэль Ван Бюйтен, 78  Карим Геде, 81

Ескертулер:

 Хави Мартинес, 48  Кристиан Гюнтер, 18
 Тони Кроос, 67  
 Бонфим Данте, 85  

 

«Боруссия Д»-«Айнтрахт Ф». Осы аптаның ортасында бұл екі ұжым, Германия кубогінің ширек финалдында кездескентұғын. Ол ойын Франкфуртте өтіп, дортмундықтардың жеңісімен аяқталған болатын. Енді міне, «Айнтрахт Ф» кеткен есені қайтару үшін, Дортмундқа келді. Бірақ, бұл кубок кездесуі емес, чемпионаттағы кездесу. Клопп шәкірттері жеңіске жетіп жатса, «Байермен» арадағы ұпай санын 1-еуге қысқартады. Іс жүзінде алаң иелері мақсатына қол жеткізді. Құрамда Ройс болмаса да, шабуылдың майын тамызар Левандовски, Мхитарян, Обамеянгтар бар. Екі таймда қос голдан тоғытқан «Боруссия» да, Бавария жеңіске жеткен есеппен, қарсыластан айласын асырды.

15 ақпан. Дортмунд. Стадион «Сигнал Идуна Парк».
Төреші — Петер Зиппель (Мюнхен).

БОРУССИЯ Д — АЙНТРАХТ Ф — 4:0 (2:0)
 Обамеянг, 10 (1:0). Обамеянг, 20 (2:0). Левандовски, 47-пенальтиден(3:0). Йойич, 68 (4:0).
Боруссия Д Айнтрахт Ф
 Роман Вайденфеллер  Кевин Трапп
 Марсель Шмельцер  Констант Джакпа, 73
 Сократис Папастатопулос  Александер Мадлунг
 Мануэль Фридрих  Андерсон, 33
 Лукаш Пищек  Себастьян Юнг
 Себастьян Кель  Мартин Ланиг
 Нури Шахин  Марко Русс
 Кевин Гросскройтц  Тобиас Вайс, 54
 Генрих Мхитарян, 68  Александер Майер
 Пьер-Эмерик Обамеянг, 71  Стефан Айгнер
 Роберт Левандовски, 81  Ян Розенталь
Ойын барысында алаңға шыққандар:
 Милош Йойич, 68  Марк-Оливер Кемпф, 33
 Йонас Хофман, 71  Штефан Шрёк, 54
 Юлиан Шибер, 81  Бастиан Очипка, 73

Ескертулер:

 Нури Шахин, 83  Марк-Оливер Кемпф, 70
   Марко Русс, 83
   Штефан Шрёк, 85

 

Неміс Бундеслигасының 21-ші турындағы басқа ойындардың нәтижелерімен таныс болыңыздар:

Майнц-Ганновер-2:0

Голдар: Малли, 51(1:0). Чупо-Мотинг, 90+4(2:0).

Вердер-Боруссия М-1:1

Голдар: Раффаэл, 6(0:1). Обраньяк, 88(1:1).

Хоффенхайм-Штутгарт-4:1

Голдар: Шипплок, 12(1:0). Фолланд, 49(2:0). Шипплок, 66(3:0). Рюдигер, 78(3:1). Роберто Фирмино, 90+2(4:1, пенальтиден).

Айнтрахт Б-Гамбург-4:2

Голдар:Ласогга, 23(0:1). Кумбела, 51(1:1). Кумбела, 61(2:1). Иличевич, 76(2:2). Кумбела, 85(3:2). Хохшайдт, 90+3(4:2).

Аугсбур-Нюрнберг-0:1

Гол: Дрмич, 65(0:1)

Герта-Вольфсбург-1:2

Голдар:Шельбред, 21(1:0). Кнохе, 58(1:1). Калиджиури, 78(1:2)

 

Турнир кестесі.

 

М  Клуб ойын жеңіс тең жеңіліс доп айырымы ұпай
1  БАВАРИЯ 21 19 2 0 57-9 59
2  БАЙЕР 21 14 1 6 38-22 43
3  БОРУССИЯ Д 21 13 3 5 51-24 42
4  ШАЛЬКЕ 04 21 12 4 5 41-30 40
5  ВОЛЬФСБУРГ 21 11 3 7 35-25 36
6  БОРУССИЯ М 21 10 4 7 37-26 34
7  МАЙНЦ 21 10 3 8 31-35 33
8  ГЕРТА 21 9 4 8 32-26 31
9  АУГСБУРГ 21 9 4 8 30-30 31
10  ХОФФЕНХАЙМ 21 6 7 8 44-44 25
11  ГАННОВЕР 21 7 3 11 29-37 24
12  АЙНТРАХТ Ф 21 5 6 10 24-38 21
13  ВЕРДЕР 21 5 6 10 25-46 21
14  НЮРНБЕРГ 21 3 11 7 25-36 20
15  ШТУТГАРТ 21 5 4 12 34-45 19
16  ФРАЙБУРГ 21 4 6 11 20-40 18
17  ГАМБУРГ 21 4 4 13 35-51 16
18  АЙНТРАХТ Б 21 4 3 14 15-39 15

 

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

7 комментариев к записи “Неміс Бундеслигасы”

  1. NeMis Bundesligasi men uwin kiz aikin basimdilik Arine Bavariya da Birak D Borussia nyn Aiak alasi jaman emes Bavariya ARSENAL al Borussia Zenit ten ailasin asrsa jaksi bolar edi Alga Bavariya osi jil Liga Chempion da Real mem kezdesip Ailasin asrsa ekeen

  2. Сонгы жылдары бундеслигада мыкты лигага айналган. Бундеслигада мыкты команда ол Бавария олар бул маусымдада чемпион боларына ешкимнин кумани жок шыгар.

  3. Бавария — бұл әлемдегі үздік команда. Бірақ әлемде Бавария қарсылас бола алатындай командалар бар. Тіпті олар неміс бундеслигасындада бар. Бірақ Баварияға айтарлықтай қарсылас көрсете алмай жатыр. Осы себептен Бавария лиганы, кубокті алары сөзсіз. Ал чемпиондар лигасына келер болсақ Баварияға алтыншы рет чемпиондықты алуға мүмкіндік бар.

  4. 4elsi fanati. Aral:

    Jasok oz jazganindi kaita kaita okiw

  5. Bavariya Chempiondar Ligasin Aladi Karkini jaman emes Tek Kauipti Borusssia bolip tyr kalgandari oiyn barisinda koremz Dal kazr Mina Bavariya ga kuwteri jetpeidi dep oilaimyn

  6. Бавариянын каркыны оте жогары,немiс машинасы барган сайын жылдамдыгын арттыруда оган лесе алар мекен,осы кызык. Боруссиянын каукары жетер мекен,кайдам.
    Бавария сапындагы Данте сонгы ойындарда жиi гол согып жур,чл-да Арсенал осы ойыншыны козден таса кылмау керек,айтпесе жагдайы киындауы мумкин.

  7. Ерасыл:

    Бавария жарайсың.Боруссияға бұрынғы 2 орына қайта оралу қажет.


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.