темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Менің командам — «МанЮнайтед»

Мен өзім ес білгелі бері «Манчестер Юнайтед» командасына жанкүйермін. Бұл команда тарихы бай, дәстүрі ұзақтан бастау алады. Атақты футболшылардың көбісі «МанЮнайтед» сапында өнер көрсетуді арман тұтқан. Ал бірақ, осы күні бұл команданың жай-күйі өте нашар. Сэр Алекс Фергюссон кеткелі бері команда мардымды өнер көрсете алмай келеді. Команданың бас бапкері болып тағы бір шотландтық маман отырды. Дэвид Мойестың Сердің орнын басатын бірден-бір тұлға екендігін журналистер осыдан бірнеше жыл бұрын жазып жүрген де болатын. Түбі сол күткен жағдай орын алып тынды да. Бірақ, өз басым Мойесті жеңімпаз бапкер деп санамаймын. Ол баптаған «Эвертон» ортаңқол ұжым еді. Қорғаныс арқылы өнер көрсетіп, мықты ұжымдардан ұпайды жақсы тартып ала білді. Бірақ, бапкердің сол команданың деңгейінен ары аса алмай отырғаны қынжылтады. Бірақ, бұл бапкерге әлі тағы бір жыл уақыт берілетіні сөзсіз. Егер келер жылы жағдай өзгермесе бапкер ауысатыны түсінікті. МЮ басшылары бір бапкерге 26 жыл сенді. Мойеске сенім артпақ. демек, сәл шыдас білдіріп біз де сенейік.

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

11 комментариев к записи “Менің командам — «МанЮнайтед»”

  1. Нурик:

    Бауырым МЮ-дiн бапкерине 7 ойындык мумкындык берилген 1-еуи кетти 6-ау калды ливерпуль-МЮ 3:0

  2. Ия. Мойестiн жумысы маганда унаган жок!

  3. Армысыздар барша жанкуйер. Аладоп.кз сайты жаксы каркынмен дамып келуде. Бирак, жанкуйер оте аз сиякты . Кеибир макалалар бе каментарисиз. Жанкуйер жинау максатында коптеген пикирлер сайысы, болжам байге тагы осыган уксас сайыстар кобирек уйымдастырылса. Казирги танда Аламан.кз сайты ар аптанын уздик пири атты сайыс болуда. Жане аламанга мыннан аса жанкуйер киреди жане коментари 100 асады. Бул жаксы натиже. Сонымен осы сайтта жарыстар коптеп уйымдастырылса деимин Сайт акимшилiги. Отинишим жауапсыз калмаса екен.

  4. S.Erkebulan:

    Бізге қатысы қанша оның?

  5. Ия манчестер клубын тарихы теренде жатыр бул клубтан керемет оиыншылар жетисип шыкты оган жайгана мысал реал мадрид ойыншысы криштиано раналдо

  6. Баскудыктан- Айтмаганбетов жанболат:

    Обалы кімге екенін білмедім!? Бірак дал казір МЮ дін жагдайы нашар. Сэр Алекстін аттай калап, оз тагына отыргызган Мойесі умітті актамай тур. Казіргі МЮ мен былтыргы МЮ дін арасы жер мен коктей. Ойындарында жуйе жок, ягни футболда жаксы стратег, тактик маман болмаса канша мыкты болсан да натиже болмайтынын далелі. Енді кім келсе де биылгы АПЛ нын уздіктері катарынан МЮ ді кормейтін сияктымыз. Мойес кеткенімен бул орынга бізге коп таныс емес мамандар келетін секілді. Менінше, МЮ сиякты топ клубка тажірибесі мол, мыкты жаттыктырушы керек. Айтпесе, булай тауекелге бара берсе атакты МЮ дін журнагын да кормей калуымыз мумкін.

  7. Алибек:

    осы сайта осы мойес жайлы сенім мен төзім деген мақала оқп едім. бірақ кім жазганын бімейм. сол жаксы жазылып еді мынаган караганда. соны калай тапса болад?

  8. Kelesi Mausimda Jana bapker men toliksa dyris bolar edi

  9. неге лч ны казакстаннан немесе хабардан бермейди.жауап кутем


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.