темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Әлем чемпионатының әсерлері

20140610_174309Әлем чемпионатында жүргеніме 1 апта уақыт болды. 3 ойында жұмыс жасап үлгердім. Алғашқы матчтың жағымсыз әсерлерін ұмытып, одан кейінгі матчтарда жақсы көңілден шығарлық қызмет етудемін. (Өз ойым бойынша) Оның бір себебі, нашар қызмет еткенде комментаторларды сынаушылар пайда болады, ал жақсы жүргізсең аса қатты ешкім реакция білдірмейді. Бұл менің комментаторлық ғұмырымда азды кем түйгенім. Комментатор өзі жеке дара, ешкімнің ой-көзқарасымен бөліспейтін, өзіндік пікірі қалыптасқан адам болуы тиіс. Ол үшін ұстаным, мол білім қажет. Менің мұндағы қызметімнің бір артықшылығы мен оқиға ортасында жүргенім. Бұл басты ерекшелік. Ал екінші жағынан бір кедергі бар. Мен мұнда күніне бір ұшаққа отырып, өзге қалаға кетемін. ал ол шамамен орташа есеппен 7-8 сағат уақытты алып кетеді. 7-8 сағат ауыр сөмкелермен әуежайдан қонақүйге жол тарту әбден қажытатын дүние. Физикалық шаршауды бір жағынан бастан өткере алатын болып көрінгенімен, үнемі жолда жүру моральдық-психологиялық ауыртпалық салады. Бірақ, мундиальге келер алдында мен мұндай жағдай болатынын білген де болатынмын. 

IMG-20140615-WA0005Сонымен, енді менің әлеуметтік желідегі достарымның жиі қоятын сауалына көшссем. Әркімге жеке жауап беруге шама болмағандықтан, сайтымның бетіне там-тұмдам мақала жаза кеткенді жқн санап отырмын. Оның үстіне дәл қазір 4 сағатта бос уақытым бар. Маракана стадионының астындағы медиа орталықта отырып жазып отырмын. Бразилияның қыздары қалай екен деген сауалға мына суретпен ғана жауап қата салса да болады. Барлығы айқын көрініп тұрған да секілді. Дей тұрғанымен бір екі ауыз сөз қоса кетсем. Бөкселері жуан, жамбастары толысқан, күнге күйген әдемі келбетті қыздар мұнда өте көп. Бразилияда қыздардың сұлулығын тура сол бөкселерге қарап анықтайды екен.

Ал жалпы адамдарына тоқталар болсақ, олар өте жайдары, ашық мінез. Көпірік кейде көп сөйлесіп тұрып алатыны да бар. Әңгімелескенге жандары құмар. Адаммен араласуды өте жақсы меңгерген халық. Және қазаққа тағы бір ұқсастығы бар. Созылып, керіліп, бір шаруаны 2 сағат істеп. Айтқан нәрсеңді әкелуге кеткенімен, жол-жөнекей оны ұмытып кететін жағдайлар кездеседі. Жалпы, жайбарақат. Асығыс жоқ. шетінен сызылған, кербездер.

Мұнда мен болған қалалардың барлығынде кем дегенде 6 миллион адамнан бар. Белу-Оризонтиде 6 миллионнан сәл асса, халық саны Сан-Паулу, Рио, Бразилия секілді қалаларда 12 миллиондай халық тұрады. Олардың көбісінің жанкүйерлік ететін жеке футбол клубтары бар. Бір қалада міндетті түрде жоғарғы лигада ойнайтын 2 клубтан бар. Бір-бірін аса қатты жақсы көре де бермейді. Тіпті, бір таксист кісі Бразилия құрамасына жанкүйер емеспін, тек өзімнің «Коринтиансыма» ғана болысамын дейді. Айтпақшы сол жүргізуші көлігінің кілтін тастап, дүкенге де кіріп шықты. Сол арада «егер жол сұраған автокөліктер келсе, міне саған кілт», — деп автокөлігінің кілтін тастап кетті. Қалаларының көбісі таулы, сайлы жерде орналасқандықтан барлығы дерлік механикалық беріліс қорабын пайдаланады екен. Кептеліске тап болған мен таксишінің көлігін арлы-берлі жүргізіп те көрдім. Сонда ойға автокөлігінің кілтін танымайтын шет ел азаматына беріп кете салғандағы оның ойын айтамын да. Ешқандай қорқыныш жоқ. Қайта, Сан-паулы өзі қылмыссының қылышынан қан тамып тұрған қалалардың бірі.

20140610_191259 Мұнда келгелі бергі алғашқы бас ауыртар мәселе сағат белдеуі болды. Күн мен түн ауысты. 9 сағаттық айырмашылыққа бірден үйренісіп кетемін десеңіздер, қателесесіздер. Екі сағатпен өмір сүруге тура келді. Өйткені, қазақстанның уақытымен сәйкестендіріп, жаңалық пен бағдарламаларға сюжет жасап жіберіп жатқанда ол жақ пен бер жақтың сағаттарын ескеруің керек.

20140611_200733

Мұнда төрткүл дүниенің түпкірінен келген жанкүйерлер. Барлығымыз бір-бірімізбен суретке де түсіп аламыз. Сонда көбісі мені «Жапан?!» — дейді. «Ноу, ноу, Қазақстан!» — деп жауап беріп жүрмін. Ал мынау Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін білетін Колумбиялық жанкүйерлер. Мені қапсырып құшақтып, бауырындай жақындайтыны тіпті адамға ерекше әсер етеді екен. Жаңа ғана көрген адамның олайша бауырмал болуы шет елде жүргеніңді ұмыттыртады.

20140611_224123

Біздің елдегідей әншілер емес, мұнда футболға қатысы бар адамдар жұлдыз. Соның бірі бас команданың бапкері Луис Филипе Сколари. Адам көп жүретін жерлердің бәрінде оның суреті. Бірінші орында бұл жағынан Неймар.

20140611_205555

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

5 комментариев к записи “Әлем чемпионатының әсерлері”

  1. Шындалы Шәкірат:

    Құрметті қазақ коментатаорлары сәлеметсіздерме! Сіздерге бізге бірде-бір матч қалдырмай тікелей эфирде көрсететіндеріңзге көп-көп рахмет. Өтініш ойынды жүргүзген кезде футболшыларды гол соға алмай ойындары жүрмей жатқанда жамандай бермеулеріңізді сұраймын. Кешегі өткен матчта Аргентина ойынында Месси гол саламға дейін біраз тиісіп келдініздерде гол соққаннан кейін мақтап ала жөнелдініздер. барслық кезде қолдау көрсетейікші!

  2. Алмас:

    Комментаторларда қателіктер бар, қателіктің болуы заңды. себептерін жоғарыда айтып кешірім сұрап жатырсың, жарайсың, кішік болу керек. Қателіктерді әрбір сынның орындылығына қарай отырып уақыт өте түзейсің, әлі жассың ғой, алда шебер комментатор болатын уақытың бар. Менде тек қана бір тілек бар, арман десе де болады: ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ басымдық беріңдерші. мейлі уақытпен 50/50 бөлген болсын. бірақ қазақша сөйлегенде жандырып тұрып, әдеби көркем сөздермен, футболға қызыға қоймайтын жандарды қызықтырып жіберетіндей етіп, жақсы екпінмен, жақсы сөздермен жүргізсеңдер, матч қызық үстіне қызық болар еді. Ертеректе футболдың иісі мұрнына бармайтын, бірақ қазақ тілін түсінетін ағаларымыз Амангелді Сейітханов ағамыздың комментарийлерін жатқа соғатын. Сол кісінің сөзін тыңдау үшін футбол көріп кейін футболға қызыққан жандар болды. бұл нені білдіреді, бұл комментатордың шеберлігін білдіреді. Қазақ тілі мен орыс тілі 50/50 жүргізу келісім шартта бар шығар, бірақ сол мүмкіндікті өте жақсы пайдаланып, жандрып тұрып қазақша жүргізсең, ой қандай керемет болар еді. Сол кезде, Ермұхаммед, саған сөз жоқ деп айтар едім. Нәтиже шығады деп күтемін. Талабың жақсы, ойың бар, сұңғыла біткен бойың бар, енді тек ҚАЗАҚ ТІЛІН өткірлеп, өткізіп сөйлесең, мына еліңдегі көк экран алдындағы бауырларың, қандастарың саған риза болмай кімге риза болады. оның үстіне әрбір сөзің халқыңның есінде қалып, әрдайым айтылып жүреді.

  3. Есей:

    Ераха-бауырым, жарайсың! Қазақ тарихында тұңғыш рет мундиальға барып, комментаторлық жасау оңай емес. Сендер — алғашқы қарлығашсыңдар! Жеңістеріңе тілеулеспін. Мол тәжірибе, кең дүниетаным жинап келесің енді. Ермекке, Пашаға, Тимурға, Даниярға, басқа да жігіттерге зор сәлем! Бойдақтарың бос қайтпаңдар.

  4. Almat:

    Ермаш бауырым жарайсын! Казах футбол журналистикасын алга жетелейтин сендерсиндер! Ак жол, шыгармашылыктарына касиби шабыт серик болсын.


Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.