темы WordPress скачать; блог программистов; русский WordPress на wp-docs.ru.

Құралбек Ордабаев: Қазақ жігіттеріне мүмкіндік керек

1404904548_555

– Жақында Қазақстан ұлттық құрамасы Будапештте Венгрия құрамасынан ойсырай ұтылды. Тағайындалғанына көп уақыт болмаған Юрий Красножанға сын айтушылар көп екені рас. Бұл жөнінде сіздің көзқарасыңыз қандай?
– Мен сол ойынды толықтай көре алмадым. Ал Красножанға келсек, негізі жаман бапкер емес. Бірден сынай жөнелгеніміз дұрыс болмас. Өзін көрсетуге әлі уақыты бар. Қазіргі кезде құрама ойыншыларын ауыстырып, эксперт жасауы мүмкін. Екі ойын ғана өткізген бапкерге кесіп баға бере алмаймын. Ресейлік маман Қазақстан футболының қандай деңгейде екенін біледі. Сондықтан әрекет жасап көреді. Мына, біздің ішкі чемпионаттың да оңып тұрған ештенесі жоқ қой. Біріншілікте Ресейден, Армения, Словакия, Босния, Сербиядан келгендер көбейіп кетті. Көбісі 28-30 жастағы футболдағы мансаптарын аяқтауға жақындап ойыншылар. Бұлар біздің болашағынан үміт күтіп жүрген жастарымызға кедергі жасап отыр.
– Біздің елде отыз жастан асқан легионерлердің келуіне тыйым салынған. Соған байланысты қулық жасап жатқан клубтарымыз бар. Мысалы, «Шахтер» Алдин Джидичке, «Астана» Ненад Эричке азаматтық алып беру үшін жанталасып жатыр. Бұларға қандай амал қолдануға болады?
– Барлық елде заң бар. Мысалы, азаматтық алатын болсаң, елшілікке барып, өтініш білдіруің керек. Бізде ондай тіркелмеген. Заңбұзушылықтар өте көп. ҚФФ, ІІМ, қаржы полициясы бақылауда ұстау керек. Әсіресе, азаматтық алғысы келетіндерді қа­да­ғалауы тиіс. Футболшылардың ешқайсысы өздері бармайды. Бұл клубтардың саясаты болып отыр.
– Венгриямен болған матчта қақпашы Андрей Сидельников өте өрескел қателік жіберді. Сіз өзіңіз «Қайраттың» қақпасын бірнеше жыл күзеткен ардагер қақпашысыз. Маман ретінде біздің елдің ұлттық құрамасының қақпасын кім күзетуге лайықты деп ойлайсыз?
– Сидельников өзі Ресейдің азаматы. Сол сияқты Александр Мокин бар. Оның да жетістіріп жүргені шамалы. Бірақ Андрей былтырға қарағанда, биыл ойыны түзелген. Сондықтан оны ұлттық құрамаға шақырып жүр. Ал кешегі матча қателігі жібергені рас. Кім болса да қателеседі. Алайда сондай тәжірибелі қақпашының аяқ-астынан қате жібергеніне өкіншітімін.
– Олардың орнын басатын Стас Покатилов, Самат Отарбаев секілді жас қақпашыларымыз туралы не айтасыз?
– Ондай жоғары деңгейлі жас қақпашы болу үшін жастарға өсу қажет. Біздің қазақ жігіттерінің арасында Алмат Бекбаев жақсы келе жатыр еді. Басында «Ордабасы» тәп-тәуір ойнады. Сөйтіп, ақша үшін Қостанайға барды. Міне, соның нәтижесінде командасыз қалып отыр. Сондайларға көп көңіл бөлу керек. Қазір бірінші кезекке ойын немесе намыс емес, ақша шығып кетті. Сондықтан қазақ жігіттеріне мүмкіндік беру керек. Қандай айырмашылық бар? Бәрібір көрсетіп жатқан нәтижеміз анау. Жеңілістен көз ашпаймыз. Венгриямен ойында негізгі құрамда жалғыз қазақ өнер көрсетті. Ресейдің үшінші, төртінші сортты ойыншылардан не жақсылық көріп жатырмыз. Қазақ балалары ойнауы тиіс.
Құралбек Ордабаев: Қазақ жігіттеріне мүмкіндік керек
– Жақында Еурокубоктік дода басталды. Біздің елде биыл тағы төрт команда қатысады. Сол клубтарымыз ең болмаса былтырғы «Шахтердің» жетістігін қайталай ала ма?
– Биыл да болуы мүмкін. Жалпы, «Қайрат», «Шахтер» және «Астана» алғашқы ойындарын сәтті өткізді. Енді осылай жалғасса деп тілеймін.
– «Тараз» командасы Олимпиада чемпионы Евгений Яровенконы бас бапкер ретінде тағайындады. Футболшы ретінде Евгений өзіңізге жақсы таныс. Ал бапкер Әулие ата өңірінің командасын тығырықтан алып шыға ала ма?
– Яровенко Қазақстанда бұрында жұмыс істеген еді. «Есіл-Богатырь» және жастар құрамасын жаттықтырды. Бірақ нәтижесі өте төмен болды. Екі жыл демалып келді. Украинада не істегенінен бейхабармын. Клуб басшылары біліп шақырған болар. Өзі де сол аймақтың азаматы. Команданы қандай жетістікке жетелей алатынын уақыт көрсетеді.
– Қазіргі кезде мемлекет жекешелендіру мәселені қолға алып жатыр. Оның ішінде футбол клубтары да бар. Егер, командаларымыз жеке азаматтардың қолына өтсе, баяғы 90-жылдардағы кезеңдегідей қаржылық қиындыққа тап болмай ма?
– Бұл бастаманы қолдаймын. Клубты сатып алған азамат клубқа өз баласындай қарайтын болады. Аз шығын шығаруға тырысады. Қазіргі кездегідей ақша оңды-солды шашпайды. Әйтпесе, әкімшілік ақшаны бөлудей-ақ бөледі. Бірақ соны дұрыс пайдаланбайды. Егер жекеменшікке өтетін болса, қожайын кімді шақыру керегін білетін болады. Барлығы есептеп жасайды. Кәсіпкер болғанымен, ол кісінің қасында міндетті түрде футбол мамандары жұмыс істейді.
– Оған, КФЛ-ның президенті Михаил Гурман клубтарға қызығып жатқан қалталы азаматтар жоқ дейді. Барлығы шығыннан қашатын көрінеді екен…
– Бізде әкімшілікте көмектесу керек. Клубты сатып алғысы келетін азаматқа салықтық жеңілдік жасау қажет. Гурманның айтқаны бекер сөз. Оның футболға жаны ашып отыр деп айта алмаймын. Күн көрудің жағдайы. Қазақты ойлап отырған жоқ.
– Футболдағы карьераңызды аяқтағаннан кейін түрлі лауазымды қызметтер атқардыңыз. Қазіргі кезде сіздің сол тәжірибеңізді пайдаланғысы келетіндер бар ма?
– Тәжірибемді, ақылымды айтуға ешқашан қарсы емеспін. Бірақ ондай қажетісініп тұрған адамдар байқалмайды. Мен негізі бапкерлікке емес, басшылықта қызмет істеген адаммын. Кез келген адамның футболға қаншалықты жан ашитынын көзіне қарап айта аламын.
– Өзіңізде білесіз. Келесі жылдан бастап, Премьер-лигадағы командалардың санын онға дейін қысқарту жайлы айтылды. Еліміз үлкен, 14 облыс бар. Ұлан-ғайыр аймақтан тек 10 команда ғана ойнау аздық етпей ме?
– Бұл дұрыс шешім емес. Мен мұны қолдамаймын.
– Қазіргі кезде командаларда бір ойынға 7 легионер тіркеуге, оның бесеуін қатарынан алаңға шығаруға құқық берілген. Сонымен қатар бір лимитчик міндетті түрде болу керек. Осыдан соң, ұлттық құрамада ойнайтын 30 футболшыны іріктеп алу қиынға соғып жатыр дейді. Сіз бұған көзқарасыңыз қандай?
– Шетелден шақырудың қажеті жоқ. Олар келіп біздің футболды көтермейді. Жергілікті ұлт өкілдері ойнау қажет.
– Ал болашағынан үміт күтуге болатын ойыншылар деп кімдерді атай аласыз?
– Кесіп айту қиын. Қазіргі кезде «Қайрат» командасында Аслан Дарабаев, Бауыржан Исламхан, сондай-ақ «Ордабасы», «Астана» командаларында көптеген қазақ жігіттері бар. Сол жігіттер дайындалып, жоғары дәрежеге жетуі тиіс. Тек Қазақстан чемпионаты емес, шетелдің біріншіліктерінде өнер көрсетуге талпыну қажет. Ең жоқ дегенде Ресейге баруға тырысса деп ойлаймын.
Сұхбаттасқан Бек Төлеуов

СІЗ пікір қалдыра аласыз, .

Оставить комментарий

*

Программы для Windows, лучшие CMS, шаблоны Фотошоп.